МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова басқармаға қарасты №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Жалпы орталықта көмекке мұқтаж, жасы 18-ден асқан, I — II топтағы психоневрологиялық аурулары бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда орталықта 225 мүмкіндігі шектеулі азаматқа көмек көрсетілуде.

-Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қоғамның ортақ міндеті. Жақын арада орталық көпфункционалды кереуеттермен, арнайы құралдармен және мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау мақсатында арнайы автокөлікпен қамтылды,- деді басқарма басшысы.

Орталықта қызмет алушыларға барлық жаңдай жасалынған. Мұнда 3 медициналық бекет, 100 адамға шақталған асхана, 2 тренажерлық зал, қызмет алушыларға ыңғайлы пандус пен лифт бар. Айта кету керек, барлық талаптарға сай 110 орындық жаңа ғимарат 2017 жылы қолдануға берілді. Онда галерея, 2 психологиялық көмек көрсету кабинеті, дефектолог кабинеті, дәрігерлер, акушер-гинекологиялық кабинет, стоматологиялық кабинет, жаңа заманауи техникалармен жабдықталған 3 медициналық бекет, 96 орындық асхана, 2 тренажерлық зал, ыңғайлы пандус қойылып, қолайлы жағдайлар жасалынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *