САЙРАМ: 9250 тонна ет экспортқа шығарылды

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, аудан көлемінде 2021 жылы бір алқаптан 2 өнім алу жобасы аясында бірінші айналымда 267 шаруашылық жалпы көлемі 274,94 гектар жерге егістік егіп, 5316,3 тонна өнім алды. Екінші айналымда жалпы көлемі 260,14 гектарға егістік егілді.

Бүгінге дейін 68200 тонна картоп жиналды. Көкөніс бойынша 136 720 тонна өнім жиналып, тапсырма 86,5% орындалды.

Дала жұмыстарын жүргізу үшін 22000 гектар жер жырту жоспарланса, оның 10300 гектары жыртылып, өңделді.

Қазір ауданда күзгі бидай тұқымын себу бойынша жұмыс атқарылып жатыр.

Ауыл шаруашылығы техникаларының дала жұмыстарына дайындығы 95,4 пайызды құрайды. 2021 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген бағада 2860 тонна жанармай қа-растырылған болса, алынғаны 1992 тонна. Күзгі дала жұмыстарына 3250 тонна жанармай қарастырылған. Бүгінге оның 1831 тоннасы жеткізілді. Аудан операторлары – «Майсс» және «Асау Арман» ЖШС-тері.

Дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды. Егілген 17890 гектар бидай танабы толық орылып, орташа гектар байлығы 11,7 центнерді құрады.

Одан бөлек, жылыжайларға бірінші айналымға 41,7 гектарға көкөніс егілді.

Ауданда 601 гектарға тамшылатып суару әдісі қолданылады. Биыл 101 гектарға осы әдіс ендірілген.

Биыл 20 гектарға қарқынды бау егу жоспарланса, ол толық орындалды.

Аудан бойынша су жеткізуші «Ақсу» МКК тарапынан коммуналдық меншіктегі каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнге жалпы ұзындығы 70 шақырым канал мен арық тазартылды.

Аудан бойынша 258183 ірі қара өсіріліп жатыр. 79439 жылқы, 167474 қой-ешкі, 172608 құс экономиканың өрге басу тетігі екені сөзсіз. 8 айда 19465 тонна ет, 90336 тонна сүт, 10668 мың жұмыртқа өндірілді. Бұл орайдағы тапсырма артығымен орындалды.

Аудандағы қыстамаға дайындыққа тоқталсақ, оған 534 200 тонна сояулы мал азығы қажет. Жоспарланған сояулы мал азығы ауданда жер көлемінің жетіспеушілігінен оның 50%-ы көршілес аудандардан даярланады. Бүгінгі таңда 538200 тонна мал азығы дайындалып, жоспар 100,74% орындалды.

Жалпы, ауданда 1012 мал бордақылау орыны бар. Осы бордақылау алаңдарында бір мезгілде 42000 мал семіртіліп жатыр.

9250 тонна ет экспортқа шығарылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *