САЙРАМ: Жастар тәрбиесі — ортақ іс

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Ауыл-ел тірегі » жобасы аясында жастармен кездесу жалғасын тапты.

Жастар арасындағы діни түсінігін дұрыс қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында жоспарға сәйкес «Деструктивті діни ағымдардан сақтандыру» тақырыбында жиналыс өткізілді.Кездесуге

Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Әжібеков, Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Зульфия Смайлова, Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Сайрам ауданындағы теолог маманы Битанов Жанкелді мырзалар қатысып, деструктивті діни ағымдардан сақтану жолын, жастардың жаза баспай, тура жолда дәстүрлі дінді ұстанып жүруін түсіндірді. Деструктивті діни ағымдардан сақтандыру мақсатында кітапшалар, брошюралар таратылды. Жастар өздерінің сұрақтарын қойып, жауап алды. Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Асланов жүргізіп отырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *