САЙРАМ: «Сырлы саз» керуенінің ашылуы өткізілді

30 қыркүйек күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде Республикалық «Сырлы саз» керуенінің ашылуы өткізілді.

Жібек жолы ауылдық мәдениет үйінде бастау алған іс-шара «Ақ отау » әжелер үйірмесінің кеш қонақтарын әуелетіп сырлы әнімен әндете отырып, шашуымен күтіп алумен басталды.. Қонақтар Жібек жолы ауылдық мәдениет үйінің қолөнер үйірмесінің көрмесі мен туындыларымен, таныстырылып өтті. Және

Жібек жолы ауылдық кітапханасы, кітапханашы Абдимажитова Фарида «Тәуелсіздік еліміз мәңгі жасар жеріміз» тақырыбында кітап көрмесін керуен қонақтарына таныстырылды. Кеш барысы Болаттемір Алтаевтің«Көк жал » пэссаын көпшілік назарына ұсынылуымен жалғасты.Және ары қарай Тұғыры биік Тәуелсіздік! атты мерекелікконцертке ұласып Жібек жолы ауылдық мәдениет үйі үйірме мүшелері мен ауыл ақындарының,Тынымова Орынкүл Бағай қызы сынды ауылымыздың бір туар зиялылары және әншілерінің өнер көрсетуімен өте көңілді, тамаша патриоттық концертке ұласты. Мерекелік кешті Ауыл биі Қуанышев Балтабай және Аналар кеңесінің төрайымы Медеуова Ақмарал Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Гүлнара Тынымбаева және ауыл әкімінің орынбасары Мәлібеков Әбілқай мырза құттықтау сөздерін сөйлеп ізгі ниеттерін білдірді. Өте әдемі мерекелік кешке ұласқан бұл игі іс-шара абыроймен өтіп , Сиқым ауылдық клубына және кітапханасына жолданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *