
Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай, «Ауыл – Ел тірегі» жобасы аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қыркүйек, қазан айларының әр сенбісінде Сенбілік өткізу көзделген. Осыған орай, аудан орталығындағы барлық мекеме,ұйым, кәсіпкерлік нысан иелері көше бойын қоқыстан тазарту, әктеу, сырлау, ағаштарды бұтау жұмыстарына атсалысты.
«Ауылына қарап азаматын таны» деген. Ауыл тазалығы- баршаға ортақ. Сондықтан әрбір тұрғын осыны қаперіне алып, айналасын таза ұстаса, ауыл ажарына көрік қосылып, жайнай түсетіні анық. Осы орайда, барша тұрғындарды тазалық айлығына атсалысуға шақырамыз.