САЙРАМ: Әкімнің қолдауы — қуаныш

М.Махажанов атындағы жалпы орта мектептегі садақ ату үйірмесі жұмысы күн санап қарқындап, аудан басшылары мен

мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыруда. Жақында аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков пен ауданның үздік жастары жиналған «Жастарға – сенім, болашаққа – үміт» тақырыбында тамаша іс-шара өтті.

Іс-шараға ауданымыздың қолөнер шеберлері, спорт саңлақтары және ауданымызды республикаға танытып жүрген жастар жиналса, сол жиынның ішінде мектеп оқушылары классикалық садақпен аудан әкімі мен аудан жастарына өз шеберліктерін паш ете білді. Бұл садақ спорт түріне аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков те қызығушылық танытып, садақты атып көрді. Садағымыздың жалғыз екенін естіген аудан әкімі ауданымыз-

дың денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Асқаровқа оқушыларды садақпен қамтамасыз етуге тапсырма беріп, ұлттық спортқа деген жанашырлығын танытып, оқушыларды қуанышқа бөледі. Аудан әкімінің бір ауыз сөзінің әсері оқушылар жүрегіне ұлттық спортқа деген үлкен сенім мен сүйіспеншілік ұялатты. Оның дәлелі келесі күнгі Түркістан облысының «Жария қоры» ұйымдастырған Шымкент

қаласындағы дәстүрлі садақ-пен ату турнирінде төрт оқушым сынға түсіп, Қорған Нұртас өзгелерден оқ бойы оза шауып, бас жүлдені иеленді. Шәкірттерімнің садақты шірене тартқаны ұлттық садақ спортының келешегі зор екенін білдіреді. М.Махажанов мектебінде осы садақ үйірмесінен жеті облыстың басын қосқан республикалық ашық сабақ та ұйымдастырылды. Мақсат – сынға түссе сағы сынбайтын ұлттық рухты ұрпақ тәрбиелеу. Садақ атуды үйретіп, ұлттық спортқа тәрбиелеген ұстазым садақ атудан халықаралық спорт шебері, ұлағатты ұстаз

Жұмағазы Мұхамеджановқа, үйірмеге жағдай жасаған мектеп директоры Нұржан Қонысбаевқа алғысым шексіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *