
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. Қоғамды алға жетелеуде және ұлттық стратегиялық мүдделерді көтеруде бұқаралық спорт маңызды орын алады.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне негізгі басымдық берілген. Биыл сайлауалды тұғырнаманың «Бұқаралық спортты дамыту» бағыты бойынша Шымкентте 7 стрит-воркаут алаңшасы ашылды. ▪️Сондай-ақ бюджет есебінен – 101, демеушілер есебінен 14 спорт алаңшасын ашу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жалпы, Шымкентте қазір 37 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Биыл жеке инвесторлар есебінен 1 200 орындық 2 спорт кешені ашылды.
Жол картасының 42-ші тармағы жүйелі орындалып, Еңбекші ауданында орналасқан 17 мөлтекауданның 13-ші көпқабатты үйінің ауласында балалар ойын алаңшасы және тренажер, стрит воркаут ашылды.
Бұл шараға Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары А.Малахов, “Қазығұрт” бастауыш партия ұйымының төрағасы М.Сеитов қатысып, жаңа алаңшаларды тұрғындардың игілігіне пайдалануға тапсырды.