ШЫМКЕНТ: Бадам-1 тұрғын алабында спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Бадам-1 тұрғын алабындағы Бесшатыр көшесі бойында көп салалы спорт алаңшасымен қатар, тренажер, стрит воркаут алаңшаларының ашылу салтанаты өтті.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасында бұқаралық спортты дамыту мәселесі айрықша көрсетілген.
Биыл сайлауалды тұғырнаманың «Бұқаралық спортты дамыту» бағыты бойынша Шымкентте бюджет есебінен – 101, демеушілер есебінен 14 спорт алаңшасын ашу бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, халықты спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау үшін Еңбекші ауданы аумағында 18 ашық спорт алаңшалары орнатылуда.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне негізгі басымдық берілген. Биыл сайлауалды тұғырнаманың «Бұқаралық спортты дамыту» бағыты бойынша Шымкентте 7 стрит-воркаут алаңшасы ашылды. ▪️Сондай-ақ бюджет есебінен – 101, демеушілер есебінен 14 спорт алаңшасын ашу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жалпы, Шым­кентте қазір 37 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Биыл жеке инвес­торлар есебінен 1 200 орындық 2 спорт кешені ашылды.
Жол картасының 42-ші тармағы жүйелі орындалып, Еңбекші ауданында орналасқан 17 мөлтекауданның 13-ші көпқабатты үйінің ауласында балалар ойын алаңшасы және тренажер, стрит воркаут ашылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *