ШЫМКЕНТ: «Nur Otan» партиясы филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Отырысты қалалық партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Д.Қожамжарова ашып, жүргізіп отырды. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Б.Тулегенов пен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов және тиісті басқарма басшылары мен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»атты «Nur Otan» партиясы Сайлауалды бағдарламасын Шымкент қаласында жүзеге асыру бойынша бекітілген Жол картасының орындалу барысы және орындалмай қалу қаупі бар іс-шаралар байынша қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және қалалық жайлы ортаны дамыту басқармалары басшыларының есебі;

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы мәселелері» жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қалалық №2 ауруханаға жүргізілген мониторнг қорытындысы және қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары бойынша қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының есебі;

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті басқарма басшыларына комиссия мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар беріліп, партияның Жол картасында көрсетілген іс-шаралардың мерзімінде және сапалы орындалуы тапсырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *