ШЫМКЕНТ: Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде кездесулер өтті

Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің 2021 жылғы 01 қазанындағы төртінші отырысының хаттамасын орындау мақсатында қалалық мәслихат депутаттары «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Н.Керимбаева мен Ж.Таңатарова кеңестің төрайымы Г.Шунгараевамен бірге «Есту кабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы мектеп» интернаты, «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп- интернаты, және «Есту кабілеті бұзылған балаларға арналған № 2 арнайы мектеп» интернатының жұмыс барысымен танысты.

«Үміт» мектеп- интернатында бүгінгі таңда 178 балалар оқып, тәрбие алуда. Пандемияға байланысты әр топта 7-8-ден бүлдіршіннен топтастырылған. Арнайы балалардың қажеттілігіне байланысты интернатта логопед, көз дәрігері, психолог мамандары жұмыс жасайды. Ғимаратқа 2018 жылы 31 тамызда күрделі жөндеу жасалынған. Ал 2022 жылы сыртқы спорт алаңшалары мен ойын алаңшаларына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

2018 жылы 31 тамызда күрделі жөндеуден өткен «Есту кабілеті бұзылған балаларға арналған № 2 арнайы мектеп» интернатында бүгінде 81 балалар тәрбиеленуде. Интернатта білікті мұғалімдер мен тәрбиешілер, сондай-ақ дефектолог, психолог мамандар қызмет етеді. Мектеп – интернат спортзал, спорт алаңы, ритмика залы, сенсорлық және жұмсақ бөлмелерімен жабдықталған. Балалар 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.

Зерделеу жұмысы барысында балаларға арналған спорт залының стандартқа сәйкес келмейтіні және басты ғимаратқа қарама-қарсы беттегі кешенге күрделі жұмыстар жүргізілуі қажет екені назарға алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *