ШЫМКЕНТ: ЖАҢА КІТАПТАР ЖАРЫҚ КӨРДІ

2021 жылдың 29 қарашасында ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, Тәуелсіздік күнінің және Ұлттық қауіпсіздік органдарының 30 жылдығына орай арнайы дайындалған «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары» және «Мемлекеттік шекара» атты кітаптарын презентациялау шаралары жүргізілді.

 

Кітаптарда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекетіміздің шептерін қорғау ісіне лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндалады.

Басылымдарға қазіргі уақытта құпиясыздандыруға болатын оқиғалар ғана енгізілді. Оның негізінде – нақты адамдар, оқиғалар мен деректер, оған тікелей қатысушылардың эмоциясын жеткізетін қатаң деректі стильде мазмұндалған.

Кітаптар сауда орындарына еркін сатылымға жуық арада келіп түседі.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *