2 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2 желтоқсандағы жағдай бойынша 25 429 адам CVI (21 994+ және 3435 CVI-) бойынша ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5348 науқас стационарда, ал 20 081 амбулаторлық деңгейде.
CVI + және CVI- бар науқастардың арасында:
• жағдайы ауыр – 376 науқас,
• аса ауыр жағдайда – 104,
• желдеткіште – 64.
2021 жылғы 2 желтоқсандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылық туралы ақпарат
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 54 жағдайы тіркелді, екі адам қайтыс болды, 105 адам сауығып кетті.
2020 жылдың 13 наурызынан бастап барлығы мыналар тіркелді: ауру – 82 734, қайтыс болғандар – 5 155, сауығып кеткендер – 74 144.