Ақтөбелік қауіпті қылмыскер ұсталды

Ақтөбе қаласында қамаудан қашып кеткен аса қауіпті қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды aimak.com.kz.

49 жастағы Мұрат Айтқалиев адам зорлауға және өлтіруге оқталу әрекеті үшін қамауға алынған болатын. Артынан медициналық көмек көрсету үшін тергеу изоляторынан ауруханаға жеткізілген.

Ал 23 қаңтар күні таңғы уақытта Айтқалиев жедел жәрдем ауруханасынан дәрі тамызып жатқан жерінен қашып кеткен. Денесінде пышақ жарақаттары да болған. Қашқынды ұстау үшін арнайы топ құрылды. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 426-бабы  бойынша іс қозғалды. Осы әрекеті үшін қосымша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *