ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДОМБЫРАШЫЛАР ИСПАНИЯДА ӨТКЕН БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

Қазақстандық домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Испанияда өткен Music Box халықаралық байқауында «Аспаптық музыка» номинациясын жеңіп алды, — деп хабарлайды aimak.com.kz тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемнің түкпір-түкпірінен қатысқан аспаптық орындаушыларға арналған Music Box халықаралық онлайн-байқауы екі турда өтті. Қазақстандықтар бірінші кезеңнен сәтті өтіп, авторлық өңдеуде Никколо Паганинидің «Каприс № 24» туындысын орындаумен қазылар алқасын таңғалдырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *