ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАНЫМАЛ СУСЫН — КОФЕ ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТЕР

КОФЕ НЕГІЗІНЕН ҚАНТ, КІЛЕГЕЙ, СҮТ ҚОСПАСАҚ КАЛОРИЯСЫЗ СУСЫН

Кофе ағашы егілген соң, өнімін алты жылдан соң береді. Сусын — Арабика, Либерика, Экстельса, Рабуста деген 4 түрлі ағаштан өседі. Өзіміздің күнделікті тұтынып жүрген кофеміз Арабика ағашының тұқымы.

Бұл жемістерді өсіру плантациялары Орталық және Оңтүстік Америкада, Африкада және Азияда. Сергіткіш  сусынның ең ірі жеткізушісі — Бразилия елі. Әлемде Колумбияның өзіндік дәмі бар — «Арабикасы» өте танымал. Ал, кофені ең көп ішетіндер — финдер.

Сусынның негізгі түп тамыры — Эфиопияда пайда болған.
Халық арасында таралған көптеген түрлері де бар. Олар : варшава кофесі, қаймақ қосылған кофе, балмұздақ қосқан кофе, шығыс кофесі, қуырылған, ұнтақталған өсімдік дәндерінен (мысалы, арпа, емен жаңғағы, каштан жемісі) дайындалатын жасанды кофелер де сатылады.

Тропиктік кофе ағашының тұқымынан  дайындалатын өзіндік дәмі бар жағымды хош иісті сусын — кофе қазір көпшілігіміздің ең сүйікті асымызға айналды. Дәнінде — азотты заттар, кофеин, қант, май, минералды тұздары бар кофе құрамындағы кофеин мөлшерінің көптігіне байланысты адамның орталық жүйке жүйесін қоздыратын, сергітетін күшке ие.

Сусынды жүйке жүйесі өте сезімтал, жүрегі ауыруы бар және қан қысымы жоғары азаматтар қолдануына болмайды. Одан бөлек, асқазаны ауыратындарға да кофенің зияны бар екен.

Дегенмен оның адам психологиясымен ойлау жүйесіне тигізеді пайдасы бар.

Бір кесе кофе ешкімге зиян келтірмейді. Күніне 500-600 мл-ден артық емес, яғни 150 мл көлемінде шамамен 3-4 кесе кофе қауіпсіз.

Сусынды ішу Паркинсон ауруының алдын алуға, онкологиялық жасушалардың пайда болуына жол бермейді. Кей елдерде сусынды косметологияда да қолданады.
Қазіргі таңдағы ең танымал ыстық сусынды алғаш 1910 жылы Джордж Вашингтон ойлап тапқан.
Кофенің танымалдығы сонша кей елдерде — кофе күні де аталып өтіледі.

Аймақ ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *