ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫНЫҢ КҮРТ НАШАРЛАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛУДА

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, Түлкібас ауданында «Харгос-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» Республикалық маңызы бар А-2 авто жолының 593-619 км учаскесінде (Жамбыл облысының шекарасы-Түркістан облысы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің аудандағы полиция қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар жолдарды патрульдеп, жүргізушілер мен жолаушылардың жолдағы қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуде. Мамандар аса қажеттілік болмаса, жолға шықпау керектігін ескертіп отыр.

«Азаматтар күн райының өзгеруін бақылап, ескерту хабарламаларын назарға алу керек. Баршаңызға қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Қыс мезгілі кезінде елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде ауа-райын біліп алған жөн», — дейді полиция қызметкерлері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *