15 ақпан −ауған соғысында болған әрбір жауынгерлер мен офицерлерді еске алу күні.Осыдан тура 33 жыл бұрын Ауған жерінде орналасқан кеңес әскерлері түгел елге қайтарылды. Содан бері бұл күн тарихи дата ретінде ауған соғысының ардагерлері арасында жылма-жыл аталып өтіледі.
Бүгін Ескі Иқан ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуына 33 жыл толуына орай, Сауран ауданына қарасты ауылдық округтер арасында волейболдан ашық турнир өткізілді. Аталған жиын соңында Ауған соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп ауыл әкімінің естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Жалпы Ауған соғысына 22000-дай Кеңес әскерлері аттанды. Оның 800-ден астамы елге аман оралмады.