ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЗАНДАҒЫ ЖАРЫЛҒАН МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛАДЫ

Түркістан облысында қазандығы жарылған мектептің оқушылары қашықтан білім алатын болды, деп хабарлайды Аймақ ақпарат тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Сайрам ауданы, Қайнар Бұлақ ауылы, Ошақты елдімекенінде мектеп қазандығы жарылған болатын. Қазір Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері мен полициейлер жарылыстың салдары мен материалдық шығынды анықтауда. Ал, оқушылар қашықтан білім алуға жіберілді.

«Білім ордасы 2014 жылдың қаңтар айында пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 156 оқушы білім алуда. Жарылыстың салдарынан оқушылар мен ұстаздар қауымы зардап шеккен жоқ. Мектеп қазандығы істен шығуына байланысты, қазандық қалпына келтіргенге дейін, оқушылар қашықтан оқытуға жіберілді» — делінген Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 08:24 шамасында Ошақты елдімекеніндегі мектеп қазандығы жарылған болатын. Оқиға орнында 1963 жылы туған от жағушы көз жұмды. Ал, ғимараттың 20 шаршы метр болатын шатыры мен қабырғаларына зақым келген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *