Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ветеринария саласының жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, Түркістан облысы ауыл шаруашылық басқармасы «Ветеринария қызмет» ШЖҚ МКҚ басшысы Есен Оспанов, ауыл округ кенттердің ветеринариялық бекет меңгерушілері мен мал дәрігерлер мамандары қатысты. Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды жүргізді.

«Ветеринария қызмет» ШЖҚ МКҚ Созақ аудандық филиалы басшысы Ержан Барбанов, 2021 жылы атқарған жұмыстарды қорытындылап хабарлама жасады. Жиын барысында ветеринария саласының жалпы атқарылып жатқан жұмыстары мен алда тұрған міндеттері талқыланды. Сондай-ақ ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру, «Жасыл дәліз-3» мәселесі сөз болды.

Түркістан облысы ауыл шаруашылық басқармасы, «Ветеринария қызмет» ШЖҚ МКҚ басшысы Есен Оспанов осы салада облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, малдың уақтылы сырғалануы, мал ауруларының алдын-алу, вакцинация мәселесі туралы баяндады.