«АМАНАТ» -ОРТАҚ МҮДДЕ

Елордада «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII сьезі өтіп, онда партияны қайта құру жөнінде мəселе көтеріліп, делегаттардың қолдап дауыс беруімен партияның атауы «АМАНАТ», — болып өзгертілді. Мемлекет Басшысы, Ел ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К.Тоқаевтың «Қаңтар оқиғасынан» кейін халыққа «Жаңа Қазақстан» құру жөнінде Үндеу жариялап, оны іске асыру бойынша Үкіметке Жаңа Бағдарлама жасатып, оларды орындауға шұғыл тапсырма берді.
Осындай қоғамдағы саяси реформа болып жатқан кезеңде «биліктің партиясы» болып келген «Nur Otan» партиясы да жаңа трансформацияға түсіп, жаңаруы, қайта құрылуы, жаңғыруы —заңдылық.
Ал, енді партия алдағы жұмыс жоспарын қалай құруы керек, неден бастау керек -деген сұрақ туындайды өзінен өзі.
Бұл орайда партияның мүшесі ретінде өз азаматтық ұстанымымды айтқанды жөн санадым.
БІРІНШІДЕН, Партияның негізі ол—бастауыш ұйымдар.
Осы ұйымдардың жұмысын жаңаша ұйымдастыру керек. Бастауыш ұйым төрағасының ролін күшейту, оларға қоғамдық негізде жүмыс жасағандықтан материалдық жағынан көтермелеу керек. Кабинет жəне оған қажетті партия атрибуттарымен қамтамасыз ету.
ЕКІНШІДЕН, Партияның бұқарамен өзара байланысын, əсіресе кері байланысын күшейту.
Ашық пікірталас алаңдарын көбейту арқылы халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерін дөп басып біліп, олардың шешілу тетіктерін шұғыл түрде қолға алу. Бұл жерде бұрыннан да бар үрдісті—жергілікті мəслихат депутаттарын пайдалана отырып, жұмысты одан əрі ширата түсу керек. Мəслихаттағы партиялық фракциясының жұмысын жандандыра түсу.
ҮШІНШІДЕН, Партия мемлекеттік биліктен бөлектеу болу керек.
Алдағы уақытта солай болатын да шығар. ПрезидентҚ.К.Тоқаев Партия Төрағасы болып сайланғанда Төраға болу жөнінде бұл мəселеге қайта ораламын, — деген болатын. Меніңше Президент Партия Төрағасы болмайтын болса, онда өңірлердегі əкімдер де Төраға болмау керек. «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН «- құратын болсақ , онда саяси партиялар да осылай жаңару керек-деп есептеймін.
ТӨРТІНШІДЕН, Партияның қаржылық əлеуеті партия мүшелерінің мүшелік жарналарынан құрылады.
Олай болса сол жарнаның едəуір бөлігін жергілікті бастауыш партия ұйымдарының өтізетін əр-түрлі іс-шараларына жұмсауына беру керек. Өздерінің еңбек жалақысынан төлейтін жарнаның игілігін өздері көретін болса , онда партияның шарапатын сəл де болса сезінеді.
Мүшелік жарнаның Сьезде оның атқарушы хатшысы айтқандай 20 пайыз емес, кемінде 50 пайыз қайтарып беру керек. Бұл партия мүшелерін материалдық, моральдық жағынан стимул жасауға мүмкіндік болған болар еді.
БЕСІНШІДЕН, Жастармен жұмысты жандандыру.
«Жас Отан» Жастар Қанатының» жұмысын да жаңаша бағытқа бұру. Партия қатарын жастармен толықтыру. Партия қызметіне де, жергілікті мəслихат пен МƏЖІЛІС депутатығына да жастарды тарту.
Болашағымыз—ЖАСТАР!! «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ» құратын да осы біздің жастарымыз. Біз жастарға сенуіміз керек. Жалпы айта берсе мəселе көп. Олардың бəрін бірден айтып бітіре салу мүмкін емес. Менің ойымда жүрген мəселелермен қысқаша өздеріңізбен бөліскенді жөн көрдім.
Еліміз, жұртымыз аман болсын. «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ» құруға бəріміз де бір кісідей атсалысуға шақырамын !!!
ЖƏКЕЙ БОСТАНДЫҚ БӨПЕШБАЙҰЛЫ,
зейнеткер, партия ардагері, Ордабасы ауданы мен Арыс қаласының «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *