Сауран ауданының әкімі Ғ. Рысбековтің бастамасымен барлық ауылдарда экосенбілік өткізіліп, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Экосенбілік аясында жол бойымен көше-көшелер, арық-атыздар күл-қоқыстан тазартылды.
Барлық ауылдық округтерде өткен жаппай сенбілік жұмыстарында аудан тұрғындары арасында көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтауға жұмылдыру ісінде аудан басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен тұрғындар белсенділік танытты.
Ауылдық округ әкімдері ағын суларды тұрғындардың егістіктер мен үй іргелік жерлеріне кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқан арық-атыздарды, көпірлердің астын көріп, өздері де қолдарына кетпен -күрек ұстап, бірге атсалысып тазартып шықты.
Аудан тұрғындарын табиғатты таза ұстауға, аялауға, бір тал ағаш, бір түп гүл болса да егіп, жаңа Сауран ауданын жасылдандыруға, тазалыққа шақырамыз!
Тазалық – денсаулық кепілі.