Ауылдық жерлерді көркейту, жасыл желекке айналдыру мақсатында Сауран ауданы, Жібек Жолы ауылдық округінің әкімі М.Әшірбековтің бастамасымен және ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен Сауран ауылына кіреберіс жерде экосенбілік аясында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Ағаш егу жұмыстарына ауыл тұрғындарымен қатар Жібек Жолы ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары мен ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық филиалының қызметкерлері қатысып, белсенділік танытты.