Қасқасуда жаңа мешіт ашылды

Қасқасу ауылдық округінде «Қуандық баба» мешітінің ашылу салтанаты өтті. Рухани ғимараттың құрылысына ауыл тұрғындары атсалысып, бірлесе тұрғызды.

Алланың жердегі үйінің құрылысын жүргізуді
белгілі журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі, облыстық мәслихаттың депутаты Ғалымжан Елшібай ұйымдастырды.
Сәулеті мен дәулеті келіскен мешіттің ашылу салтанатына баба ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері жиылып, ата-баба рухтарына құран бағышталып дұға оқылды.
Мешіт – бірлік пен ізгіліктің, имандылық пен бауырмашылдықтың қайнар көзі, кез келген адамды тіліне, нәсіліне, ұлтына қарап бөлмей, бастарын бір жерге тоғыстыратын орын. Жаңа құлшылық ордасы – аудан халқының рухани байлығы мен ұлылығын айқындайтын және ауданның сәулетті ғимараттарының біріне айналды. Елді мекендегі еңселі құлшылық үйі мұсылман халқының бас қосатын мәдени-ағарту мекені болып, оның жан-дүниесін тазартып, құндылығын нығайтуға қызмет етеді деп сенемін.
Рухани ғимараттың ашылуы рәсімінде ҚР Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттарының жедел хаттары оқылды.
Бір мезгілде 200 адам намаз оқуына арналған діни ғимараттың құрылысына ат салысқан бірқатар азаматтар ҚР Мұсылмандары Діни басқармасының Түркістан облысы филиалының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Заманауи стильде салынған мешіт ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендіріліп, жаңа үлгідегі құралдармен жабдықталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *