ҚАЗАҚСТАНҒА ЕҚЫҰ-ДАН КЕЛУШІЛЕР САНЫ ҚАНША?

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан 332 байқаушы келеді.
Брифингте ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы парламенттік сайлауды қадағалау жөніндегі миссиясының басшысы Оуэн Мерфи Сыртқы істер министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясына дайындықтағы ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.
«Біз алдағы апталарда ынтымақтастығымыздың жалғасуын асыға күтеміз. Өздеріңіз білетіндей, ЕҚЫҰ құрамында 57 мемлекет бар, олардың барлығы, соның ішінде Қазақстан демократиялық процестерге, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарға байланысты міндеттемелерді мойнына алды. Ұйым мүшелерінің әрқайсысы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ны өз елдеріндегі сайлау процестерін бақылауға шақыруға міндеттеме алды. Біздің миссиямызға келсек, оған қатысушы мемлекеттердің 11 халықаралық сарапшысы мен 11 өкілі кіреді. Қалған байқаушылар тобы Астанада болады. Миссия өзінің уақытша кеңсесін ашты. 32 ұзақ мерзімді бақылаушы 15 ақпанда келеді. Содан кейін оларға байқаушылардың негізгі тобы хабар береді. Топ сайлау процесін аймақтық деңгейде бақылайды», — деді Оуэн Мерфи.
ДИАҚБ/ЕҚЫҰ Миссиясының басшысы сайлау күніне 300 қысқа мерзімді бақылаушы шақырылғанын айтты. Олар бүкіл ел бойынша сайлау учаскелерінде бюллетеньдер ашу, дауыс беру, дауыстарды санау және қорытындыларды өткізу рәсімін қадағалайтын болады. Сайлау күні ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы да бақылау үшін қосылады.
Айта кетейік, биыл 19 наурызда елімізде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді және осы күні мәслихат депутаттарын да сайлау жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы