«ШАРДАРА АРМСПОРТ» КЛУБЫ ӘЛЕМНІҢ ҮШ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫНА КӨЛІК СЫЙЛАДЫ

Бүгін «Шардара Армспорт»-тың құрылған күніне орай, армрестлингтен жасөспірімдер және жас жеткіншектер арасында аудандық турнир өтті. Турнирдің ашылу салтанатында «Шардара Армспорт» клубының негізін қалаушы, Түркістан облысы гір спорты және армрестлинг федерациясының президенті Арман Қарсыбаев сөз алып, барша спортшы жастарға сәттілік тіледі.

Турнир барысында клуб спортшысы, әлемнің 3 дүркін чемпионы Дәурен Әбсаттарға «Шардара Армспорт» клубының атынан су жаңа темір тұлпар сыйға берілді. Дәурен жуырда ғана «Қазақстанға еңбегі сіңген спортшысы» атағын алған.

Айта кетейік, «Шардара Армспорт» клубы 2001 жылы құрылған. Клуб бүгінгі таңда әлемдік масштабтағы спорт клубына айналған. Осы клубтан шыққан 74 балуан қол күресінен Әлем чемпионы атанған. 83 спортшысы Әлем біріншілігінің күміс және қола медаль иегерлері болса, 26 балуан Әлем кубогын ұтып алған.

Сондай-ақ, 359 Қазақстан Республикасының чемпионын, 209 Азия чемпионын, 196 Азия чемпионатының жүлдегерін, 50 Азия Кубогының иегерлері атанған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *