ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ЕКІЖАҚТЫ ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ ЕНГІЗБЕК

79 просмотров

Қазақстан азаматтары мемлекет шекарадан өткен соң Қытай аумағында 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Мұндай ереже Қытай Халық Республикасының азаматтарына да қатысты болады деген мәлімет бар. Сыртқы істер министрлігі дайындаған қаулыға сәйкес екі ел азаматтары туризм, емделу, транзит немесе іскерлік кездесу мақсатында көрші елде 30 тәулікке дейін болса, виза талаптарынан босатылады. Егер Қазақстан мен Қытай азаматы көрші елде белгіленген мерзімнен ұзағырақ қалғысы келсе, шекараны кесіп өткенге дейін визаға өтініш беруі қажет. Сонымен қатар қаулы бойынша тараптардың бірі ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті немесе халықтың денсаулығын сақтау мақсатында елге кіру кезінде құжат беруден бас тартуға құқылы. Екі ел арасындағы келісімге 2023 жылдың мамыр айында сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қытайға сапары кезінде қол қойылады. Ал құжаттың мәтіні 26 сәуірге дейін қоғам талқысында болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.