«НОМАД» ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Финалдық серияда 2022/23 маусымында астаналық «Номад» пен Ташкенттік «Хумо» кездесті. Бес кездесуден кейін жеңіске Қазақстан астанасының командасы жетті.

Команда соңғы алты жылда алғаш рет ел чемпионы атағын иеленіп, алтын медальға ие болды.

Шараға Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин, Өзбекстан хоккей федерациясының президенті Бахтиер Фазылов, ҚФФ бас директоры Глеб Каратаев және ФХУ бірінші вице-президенті Баходир Гафуров қатысты. Маусымның үздік қақпашысы «Номадтың» қақпашысы Андрей Шутов, ал үздік қорғаушы «Хумо» ойыншысы Алексей Кириллов атанды. Үздік шабуылшы болып «Номад» сапынан Максим Мұхаметов танылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *