ЖЕТІСАЙДА «ИНВАТАКСИ» ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫ АРТТЫ

Жетісай ауданында бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында «Инватакси» және «Әлеуметтік такси» қызметтерінің сапасы жақсарған.

Жетісай ауданында қоларбада отыратын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық және емдік-сауықтыру орындарына еркін барып-келулері үшін «Инватакси» қызметі дұрыс жолға қойылған. Бүгінгі таңда «Оңтүстік Қазақстан облыстық оңалту қызмет көрсететін орталығы» корпоративтік қоры Түркістан облысы, Жетісай ауданының «Инватакси» қызметінде 4 инватакси автокөлігі жолға қойылған және онда 2 диспетчерлік кезекші, 1 медициналық дәрігер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көлікке мініп-түсулеріне көмектесетін көмекшілер ересек және кәмелет жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді.

«Инватакси қызметі аудандағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын мүгедек балаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерді емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау сынды қызметтер көрсетеді. Бұл мақсатқа мемлекеттен бөлінген тиісті қаржылар белгіленген мерзімде толық игеріліп отыр» дейді «Оңтүстік Қазақстан облыстық оңалту қызмет көрсететін орталығы» корпоративтік қоры Түркістан облысы, Жетісай ауданының «Инватакси» қызметінің диспечері Жанерке Жангелдіқызы.

Осыдан 5 жыл бұрын жұмысы басталған «Инватакси» қызметінің тізімінде бар 150 адамнан күніне 40-тан астам шақырту түседі екен. Бәрінің де сұранысы толықтай қанағаттандырылып отыр. Әрбір жүргізуші күнделікті медициналық, ал, автокөліктер техникалық тексеруден өткізілген соң ғана жұмысқа жіберіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *