САРЫАҒАШ: АУДАН БАСШЫСЫ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында   инвестиция тарту бойынша аудан басшысы Арман Айдарұлы  кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиында шағын және орта бизнес өкілдерімен ауданға инвестиция тарту мен ахуалды жақсарту бойынша ашық әңгіме қозғалды.  Сонымен қатар аудан басшысы жұмыс барысында өзара ынтымақтастықты сақтауға шақырды.  Жиынға аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Амирханов, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы А.Мусабеков және ауданның бірқатар кәсіпкерлері қатысты.
— «Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп. Жеке бизнестің жілігін шағып, жемісін көргісі келгенге таза ниет болса болғаны. Ол үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге мол мүмкіндік берілуде. Осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Бұл қуанарлық жағдай, себебі neet санаттағы жастар азайып,  жұмыс көзі ашылуда»,- деді аудан әкімі Арман Айдарұлы.
Кәсіпкерлік бойынша Сарыағаш ауданы үздіктер қатарында. Сонымен қатар, аудан халқының бірден бір табыс көзі де осы шаруа қожалық болып табылады. Сарығаш оңтүстік өңірдің жүрегінде орналасқандықтан табиғаты, ауа райы жер құнарлылығы егіншілік пен мал шаруашылығына қолайлы. Сарыағаштық диқандар ерте көктемнен егістіктің алғашқы өнімдерін алып экспорттауды бастап кеткен. Мәселен ауданға қарасты Құркелес елді мекенінің шаруа қожалықтары дайын бақлажан өнімін нарыққа шығаруда. Көршілес облыстар мен қалаларға тасымал қызметі іске қосылған. Айта кететіні шаруа қожалықта бүгінгі таңда 20 шақты азамат еңбек етеді.
Айта кетсек, ауданға инвестиция тарту арқылы өндірісті дамыту бойынша сапалы жоспарлар әзірлеуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, индикаторлардың орындалуына да өз септігін тигізеді. Жылдан жылға инвестиция тарту мәселесі қолға алынып, алдағы уақытта аудандағы жоспарлар бюджет қаражатына емес, жеке инвестицияға басымдық берілетіні анықталып жиын соңы осылай аяқталды.  Жуықта ғана азаматтардың жеке сұрақтары бойынша әкім қабылдауы өткен болатын. Қабылдауда
тұрғындар тарапынан атаулы әлеуметтік көмек беру, жолға асфальт төсеу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жол кедергілерін орнату, тұрғын үй кезегі, коммуналдық арендалық тұрғын үй беру, жер секілді және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
-«Тұрғындарды алаңдататын мәселенің көпшілігі жер, баспана, инфрақұрылым мәселелеріне қатысты екенін жақсы білемін. Сондықтан да осы салаларды ерекше қадағалап, қиындықтарды шешуге барынша жұмыс істеп жатырмыз. Сіздердің сауалдарыңызды тиісті қала, ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына тапсырдым. Бұл мәселелердің толықтай оң шешілуін жеке өзім қадағалауға алатын боламын»,-деді аудан басшысы.
Сондай-ақ,  аудан әкімі жеке қабылдауға келген ерекше қажеттілігі бар азаматты 1-қабатқа түсіп, арнайы қабылдады. Ерекше қажеттілігі бар азамат тұрғын үй кезегінде жоқ екендігін айтып, коммуналдық арендалық тұрғын үйден үй бөлуге көмек беруін өтінді. Аудан әкімі қабылдауға келген тұрғынға алдымен тұрғын үй кезегіне тұру қажет екендігін айтып, содан соң
коммуналдық арендалық тұрғын үй заңға сәйкес кезектілік ретімен берілетінін түсіндірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *