ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНЕРКӘСІП АЛАҢДАРЫ КӨБЕЮДЕ

Түркістан облысында биыл жалпы саны 9 индустриялды аймақ қолданысқа берілмек. Аталған өнеркәсіп алаңдары өңірдегі 375 адамның жұмыспен қамтылуына мүмкіндіктер беріп отыр. Өнеркәсіп алаңдарының аумағы 538 гектарды құрайды.  Инвестициялық жобалар Түркістан, Кентау қалалары мен  Созақ, Ордабасы, Мақтаарал, Қазығұрт аудандарында жүргізу жоспарлануда. Ал, Бәйдібек, Түлкібас, Шардара индустриалды аймақтарында инфрақұрылым жұмыстарының құрылысы жүргізілуде. Аталмыш жобалардың құны 5,8 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда аталған индустриалды аймақтарда құны 44,4 млрд. теңге болатын және 3092 жұмыс орнын құрайтын 63 жоба қолға алынған. Соның ішінде қазіргі таңда іске қосылған 44 жобада 2500-ге жуық адам қызмет етіп жатыр. Айта кетерлігі, өткен жылдың қорытындысы бойынша жоба қатысушылары 14,6 млрд. теңгеге өнім өндірді. Биыл ашылатын жобаларды қоса алғанда, осы жылы өндірілетін өнім мен қаржы көлемі ұлғаяды деп көзделіп отыр.
Аталған жаңа кәсіпорындарда кеңсе жиһазын өндіру, асфальтті бетон, газобетон, темір бетон, керамзитті кірпіш, мобильді жылжымалы контейнер, темір есік, құрылыс блоктары мен металл тор өнімдері өндірілетін болады.

Мемлекет басшысы осыған дейін халықтың әлеуетін арттыру мақсатында өткізген кеңесте индустрияға аса мән берілу керектігін тілге тиек еткен болатын.

«Барлық қаражат толығымен экономиканы дамытуға жұмсалуы қажет. Осы орайда қаржыны қайтарып, елімізді өркендетуге атсалысқысы келетін азаматтарға мынаны айтқым келеді. Жаңа индустриялық жобаларға қаржы салыңыздар.

Қазақстанда жаңа өндірістер ашып, жаңа жұмыс орындарын құрыңыздар. Сонда мұндай активтерге және оның иелеріне қатысты ешқандай мәселе туындамайды. Тағы да қайталап айтамын. Біз адал әрі ашық жұмыс істейтін бизнес өкілдеріне барлық жағдайды жасаймыз»

Шынтуайтында еліміздің болашағы өнеркәсіп алаңдарының дамуына шет елдік нарыққа шығуына орасан әсерін берері анық. Осы орайда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды іс-сапармен Сарыағаш ауданына жол тартқан болатын. Мұндағы мақсат — минералды табиғи суға бай шипалы өңірдің туризмін дамыту, инфрақұрылымын дамытуды қолға алу болатын. Сарыағаш өңірі расымен де табиғи минералды жерасты суларына бай аймақ. Облыс әкімі аудандағы еңбексүйер тұрғындармен көшпелі мәжілісте аудан аумағын дамытуға кеңес беріп, Әр кәсіпкер өз саласы бойынша сапалы әрі нақты жұмыстар атқаруы керектігін шегелеп айтты. Сарыағаш секілді пайдалы аймақтардың өзекті елге өткір қырларын жұртшылыққа паш етіп, және бұл мүмкіндікті дұрыс жағынан пайдалануды жауапты мамандарға тапсырды.

Дархан Сатыбалды: «Көзбояушылық емес, нақты іс керек  – Апта басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді. Сол жиында басшыларға, мемлекеттік қызметшілерге нақты міндеттер жүктеді. Күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелей, мемлекетшіл-реформатор болуды, аймақтарды жан-жақты дамытуды тапсырды. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, байыпты макроэкономикалық саясат жүргізу, инфрақұрылымды одан әрі дамыту, өндіріс орындарын ашу керектігін айтты. Облысымызда осы бағыттар бойынша жұмысты жандандыруымыз керек

– Сарыағаш – туризмді дамытуға өте қолайлы аймақ. Мұндағы шипажайлар, минералды су бүкіл Қазақстанға әйгілі. Сондықтан жауапты басқармалармен бірлесіп, туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Жаңа жұмыс орындарын ашу – аудан әкімі жұмысының басты көрсеткіштерінің бірі. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалар бар. Аудан әкімдігі бұл мүмкіндіктерді толық пайдалана алмаған. Осы бағытта жұмысты күшейту керек. «Жұмыс істеп жатырмыз» деген сырғытпа есеп пен көзбояушылық емес, нақты іс керек. Сарыағаш – көрші мемлекетпен шекаралас аудан. Сауда-саттықты, өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндіктер мол. Бірақ тамақ өнімдерін өндіру, туризм саласына тартылған инвестициялардың көлемі бойынша жоспарлар былтыр орындалмаған. Елді-мекендердің айналасы күл-қоқысқа тола. Тазалық бойынша жұмыс күшейтілсін. Тазалық болған жерде – талап болады. Арман Айдарұлы, сіз бұл қызметке жақында кірістіңіз. Ауданды дамыту жоспарын назарда ұстап, инвестиция тарту, өнеркәсіп көлемі бойынша осы жылға бекітілген жоспарларға қол жеткізу үшін тиісті басқармалармен бірлесе қажетті шараларды қабылдаңыз», – деді облыс әкімі.
Көшпелі мәжілісте аудан әкімі Арман Абдуллаев 2022 жылы қол жеткен жетістіктер мен алдағы жоспарлар бойынша баяндады.

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданды дамыту барысындағы кемшіліктер мен мәселелерге тоқталды. Зерделеу жұмыстары көрсеткендей, тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция 72,5 пайызға, туризм саласына тартылған инвестиция 71,1 пайызға ғана орындалды. Егін шаруашылығының нақты көлемі индексі 14,6 пайызға кеміген. Ірі қара мал, қой басында өсім байқалмаған. Осыған байланысты өңір басшысы тарапынан Сарыағаш ауданы әкімдігіне «Ауыл аманаты» бағдарламасын талапқа сай жүзеге асыру, жылыжайлар шаруашылығын дамыту, агроөнеркәсіп кешенінде жұмысты ширату тапсырылды.
Облыс әкімі аудандардағы ішкі жолдарды стандарттауды, бірыңғай талапқа сай салуды жүктеді. Сапасын арттыруды міндеттеді. Бюджеттің жергілікті кірістерін, түсімдерін арттыру жөнінде де нақты тапсырма берілді. Сарыағаш ауданында 1125 салық салу нысаны мүліктерін 5 млрд. 824 млн. теңгеге бағалаған. Бірақ аталған нысандардың нарықтық бағалау құны 85 млрд. теңгені құрап отыр, яғни 17 есе жоғары. Бұл – салықтың төмендеуіне әкеліп соғуда.
Денсаулық сақтау және білім саласының деңгейін көтеру, ауданның инфрақұрылымын жетілдіру, жолдарды жөндеу, көгалдандыру жұмыстарын күшейту, жер дауларын шешу және өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, бірқатар міндеттер жүктелді.

Алайда Сарыағаштық диқандар жыл сайын мезгіл-мезгілімен ерте пісетін көкөністерді шет елдерге я да Қазақстан ішінде басқа қалаларға экспорттаудан алдыңғы орында екенін мойындау керек. Бүгінде өңірде бірқатар кәсіпкерлік нысандар бой көретуде. Ауданға қарасты Еңкес елді мекенінде «SILK ALLEY» шарап зауытының жұмыс атқарады. 2013 жылы іске қосылған зауыт 600 гектар аумақта жүзімді баптап, жүзім шарабын өндірумен айналысады. Жуықта ғана аудан басшысы, Арман Абдуллаев өндіріс аумағының жұмыстарымен танысып, кәсіпкерге іскерлік табыс тіледі. Зауытта 90-ға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, аудан әкімі орталықта қолға алынған жылыжайда лимон өсіру мен балық шаруашылығының жұмысымен танысты. Бұдан бөлек, Құркелес ауылдық округінде орналасқан ЖК «Амантай-Пласт» полиэтилен қалдықтарын қайта өңдейтін кәсіпорынға жол тартты. Аталған кәсіпорын алғашында полиэтилен түйіршіктерін өндіру бағытында ашылып, бүгінде тұрғындарға қажетті пластикалық жәшіктер мен құбырлар, полиэтилен пакеттер өндіру ісін қолға алған. Аталған кәсіпорында бүгінде 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмыс барысына тоқталсақ, зауыттың қазіргі көрсеткіші  тәулігіне 2500 дана пластикалық жәшік және диаметрі 0,15-315 мм аралығындағы пластикалық құбыр өндіруге қауқарлы.

Жоғарыда айтып өткендей ауданның ерекшелігі минералды табиғи суларға бай шипажайға бай аймақ. Жуықта ғана ауданда тағы бір жаңа шипажай бой көтерді. Мұнда шипалы суларды пайдалануға арналған түрлі шипажайлар бар. Яғни сауықтыру туризмі кең белең алған, халық сұранысына ие болған шипажайлы аймақ. Бүгінде олардың қатары «Comfort KZ» шипажайымен толықты. Жаңа мүмкіндіктермен, жаңаша лепте жұмыс жүргізіп бастаған нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Айдарұлы арнайы барып, лентасын қиды. Бүгінгі таңда шипалы суымен әлемге танылған Сарыағаш шипажайларына келушілердің саны жыл өткен сайын артып келуде. Шипажайға деген халық сұранысының көп болуына байланысты шипажайлардың саны жылдан жылға артып келуде.

Айта кетсек, «Comfort KZ» шипажайының құрылысы 2021 жылы басталып, бүгінде халық игілігіне пайдалануға берілді. Шипажай заманауи құралдармен жабдықталған, барлық талапқа сай, сыйымдылығы 80-100 адам. Аталған шипажайдың ашылуы негізінде 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жергілікті тұрғындардың жұмыссыздық мәселесі шешілуде.
Сарыағаш ауданында 3 мәдени тарихи нысан, 1 балалар шипажайы, 1 балалар лагері, 1 демалыс базасы және 55 емдік сауықтыру орталықтары қызмет көрсетіледі. Олар: ОКСИ сауықтыру орталығы, Сарыағаш арасаны, Aray deluxe, Алтынай шипажайы, Маржан су, Көктерек, Ақ-тілек шипажайы және т.б  Сондай-ақ өңірде минералды сусындар өндіретін бірқатар зауыттар іске қосылған. Әсем-ай, Арасан т.б өнеркәсіп орындары жылдар бойы ел игілігіне жұмыс жасауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *