ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 3 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСПАҚ

Түркістан облысының оңтүстік шығысында орналасқан таңғажайып табиғатқа бай Түлкібас ауданында биыл өнеркәсіп өндірісінде айтарлықтай өсулер байқалады. Биыл 3 инвестициялық жобаның жұмысы пысықталуда. Былтырғы жылмен салыстырғанда өнім көлемі 3 млрд теңгеден асқан. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция былтыр 18,6 млрд теңгені құраса, алдағы үш жылдықта 172 млрд теңгеге жетпек. Нақтылай кетсек,  «Састөбе» инновациялық кешенінде
каустикалық сода және цемент өндірісі (160 млрд. теңге) жеткен, «Beibars Bottlers» ауыз су және алкогольсіз
сусындарының өндірісі (7,6 млрд. теңге) және «Табиғи өнім LTD» серіктестігі күркетауық етін (4,4 млрд. теңге)
өндіретін болады. Осы аталған  жобалар бойынша 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Былтыр аудан тұрғындары арасында бірқатар мәселелер талқыланған болатын. Солардың бірі Көршетас ауылында мәдениет үйін салу мәселесі бойынша бюджеттен  164,5 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылып, ағымдағы жылы жұмыстар
толығымен аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ,  Тұрар Рысқұлов ауылындағы «Бақыбек» мөлтек
ауданынан жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін беру өзекті мәселелердің бірі. Бұл мақсатқа «Бақыбек» мөлтек ауданында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін өткізу жұмыстары жүргізілуде. Электр желісіне 166 млн. теңге, су мен кәріз желілеріне 499 млн. теңге қаржы қарастырылды. Жұмыстар толығымен аяқталған соң, ел игілігіне 186 жер телімі берілетін болады. Таусағыз ауылындағы мектебіне қосымша ғимарат салу мәселесі де көтерілген. Аталған мектепке қосымша 150 орындық ғимарат салуға 480 млн. теңге қаржы қарастырылды. Ағымдағы жылы жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жоспарлануда.

Мемлекет басшысы биыл ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды бекіткен болатын. Бұл жоба нақты 6 бағыт бойынша жүргізіледі.  Олар: өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Сондай-ақ, кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша іске асырылатын болады. Сайрам ауданында бұл бағдарламаны пилоттық режимде Мичурин, Балықты ауыл округтерінде іске асыру жоспарлануда.
Ауданның ауылшаруашылық саласына былтыр 55 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Оның ішінде мал шаруашылығында – 29 млрд. теңгеге. Өсімдік шаруашылығының өндірілген өнімі 26 млрд. теңгені құрады. Биыл «Ырғайлы-1» каналының күрделі жөндеу жұмыстары басталады, жалпы жобаның құны 278 млн. теңге. Жұмыстарды келесі жылы толық аяқтаймыз деп
жоспарлануда.  Сонымен қатар, жалпы агроқұрылымдардың сұранысын ескере отырып, агро шаруашылығын субсидиялауға облыс бойынша 7,6 млрд. теңге бөлінді. Оның сыртында  «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жылдық 5 пайызбен тауар өндірушілерге 4,8 млрд. теңге бөлінген еді.  Осы жылдың көктемгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан ауданға төмендетілген бағамен 3 мың тоннаға жуық дизель отыны бөлінді.
Аудандағы шағын және орта бизнес орындарының саны  биылғы көрсеткіш бойынша 9 мыңға жетіп, оларда 11 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Түлкібас ауданы бойынша былтыр 2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты бойынша былтыр 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 158 жұмыс орындары ашылды. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті төмендетіп, халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Түлкібас ауданында Денсаулық сақтау  саласы бойынша  52 мекеме қызмет көрсетеді. Былтыр 331 млн. теңге қаржы бөлініп, Састөбе кентінде 75 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып,
пайдалануға берілді. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 4 елді мекендегі (Рысқұл, Шұқырбұлақ, Ақбиік, Келтемашат) фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысына 515 млн. теңге қаржы қарастырылды. Жұмыстар ағымдағы жылы толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жолдарды жөндеу арқылы ауылдың тұрмыс сапасын жақсарту – әкімдердің басты міндеті. Ауыл тұрғындары таза ауыз сумен және тұрақты электр қуатымен толық қамтамасыз етілуге тиіс.

Сондай-ақ мобильді байланыс және интернет қолжетімді болуы керек. Елге қаптаған статистика емес, нақты нәтиже, жылдам интернет, сапалы байланыс керек», — деді кезекті кеңесте.

Түлкібас ауданында жол саласы бойынша маңызды жұмыстар атқарылуда. Осы сала төңірегінде  тұрғындардан бірқатар өтініштер түскен. Ішкі жолдарды жөндеу үшін бюджеттен былтыр 386 млн. теңге бөлініп, елді мекендердегі 39 көше жөндеуден өтті. Осы жылы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында 536 млн. теңге қаржы бөлініп, 47 көше жөндеуден өткізіледі. Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 83 пайызға дейін артады. Облыста маңызы бар жолдарды айта өтсек, өткен жылы Балықшы-Састөбе елді мекедерінің аралығындағы жол мен Азаттық елді мекеніндегі Арыс өзенінен өтетін көпір күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Кершетас-Дәубаба және Састөбе елді мекеніне кіре берісіндегі 29 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар  былтыр  басталған Ынтымақ Қарабұлақ, Тастұмсық-Түлкібас және Азаттық Шұқырбұлақ ауылдары аралығындағы 33 шақырымды құрайтын жолдардың орташа жөндеу жұмыстарына 998 млн. теңге қаржы толығымен қаралып, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады. Ауданға қарасты бүкіл елді мекендер электр желісімен толықтай қамтамасыз етілген.  Былтыр «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасына сәйкес 8 елді
мекенде (Түлкібас, Абай, Жаскешу, Жаңаталап, Жабағылы, Керейт, Т.Рысқұлов, Ынтымақ) тозығы жеткен 782 электр
бағаналары мен 32 шақырым электр желілері жаңартылып, қосымша 7 трансформатор орнатылды. Биыл аталған жұмыстар жалғасын табатын болады. Ауданда газ мәселесі дерлік толықтай шешілген. Яғни  аудан бойынша 61 елді мекеннің
21 135 тұрғын үйі 99,8% табиғи газ жүйесімен қамтылған. Жалпы Түлкібас ауданы табиғи газбен қамтылу жұмыстары бойынша облыс көлемінде біріншілердің қатарында. Алайда газ жүйесі әлі жете қоймаған үш елді мекен бар. Айта өтсек,  Ақсай, Қайыршақты, Иірсу елді мекендері. Осы орайда  Иірсу елді мекеніне бюджеттен 185 млн. теңге қаржы қарастырылды. Газ құбырын тарту жұмыстары ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Аудан тұрғындарын тіршілік көзімен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 408 млн. теңге бөлінген.  Шақпақ баба ауылының ауыз су жүйесі жаңартылған еді. Нәтижесінде  621 абонент 24 сағат сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар Азаттық және Балықты ауылдарындағы ауыз су жүйесін қайта жөндеу жұмыстарына жалпы 611 млн. теңге қаржы қарастырылды. Ал құрылысы осы жылы аяқталады деп жоспарлап отыр. Нәтижесінде 1 114 абонент 24 сағат сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, 4 елді мекеннің (Машат, Мыңбай, Жабағылы, Сеславино) тозығы жеткен ауыз су жүйелерін ауыстыру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.

Түлкібас ауданында білім беру бағыты төңірегінде  жалпы саны  51 мектепке дейінгі ұйымдар және 61 мектеп бар. Бүгінгі таңда Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 6 мыңнан астам бала қамтылған. Тұрар Рысқұлов ауылындағы 300 орындық Майлыкент мектебінің құрылысына 1,2 млрд. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар толығымен аяқталды. Бақыбек мөлтек ауданында орналасатын 300 орындық мектеп құрылысына 1,5 млрд. теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Еңбекші ауылындағы 150 орындық Тұрсынбеков атындағы негізгі мектебінің құрылысына 756 млн. теңге қаржы қарастырылып, бүгінде құрылыс жұмыстары қарқын алған.

Жергілікті биліктің ең басты мақсаты  тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, халықтың әлеуетін арттыру және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету.  Осыған дейін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістан облысына жасаған сапарында облысты әрі қарай дамытуды тапсырған болатын. Бұл ретте, еліміз жаңа дәуірге қадам басты, Әділетті Қазақстанды құру ісі басталды. Алдағы жолдың қиындығы да аз емес.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы кеңесте депутаттарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

«Жергілікті депутаттар аймақтағы тексеру комиссияларымен тығыз қарым-қатынас орнатуы керек. Бұл комиссиялардың рөлі едәуір артып, жауапкершілігі күшейтіледі. Алдағы екі жылда пилоттық жоба ретінде аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Осы орайда қажетті нормативтік базаны және жол картасын әзірлеу қажет. Үкімет бұл жұмысты Орталық сайлау комиссиясымен және облыс әкімдерімен бірлесіп жүргізеді.

Біз қоғамды демократияландыру және билік құзыреттерін төменге беру үдерісін жалғастырамыз. «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңның қабылдануы бұл бағыттағы тағы бір маңызды қадам болмақ. Қазір тиісті заң жобасы Мәжілісте талқыланып жатқанын білесіздер.

Ауыл әкімдері күн сайын тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін шешеді. Сондықтан олар елімізде айрықша рөл атқарады. Ауыл әкімдерінің 64 пайызы жергілікті жұрттың тікелей сайлауымен қызметке келді. Мұны, шын мәнінде, зор жетістік деуге болады. Тұрғындардың мәселесін жедел әрі тиімді шешу үшін оларға көбірек мүмкіндік беріліп жатыр. Бұл жұмыс та жалғасын табады», —  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *