Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ең алдымен елдің экономикалық жағдайын жақсартып, халықтың әл-ауқатын көтеру керектігін атап өткен болатын. Бұған ерекше назар аударған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін талаптарды күшейтті. Осы ретте әр аймақтың ерекшелігі ескеріліп, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер» Картасы әзірленді.
Осы орайда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дәулет Нарымбетов Президент реформасының өз нәтижесін беріп отырғанын атап өтті.
Оның мәлімдеуінше, Тәуекелдер картасында процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілердің болуына, заңнаманың жетілмегендігіне байланысты шешімін таппай жүрген көкейкесті мәселелердің тізбесі айқындалды. Дәл қазіргі сәтте біздің жұмыстың негізгі бағыты да — осы тәуекелдер картасы. Біздің аймақ бойынша Картаға енгізілген салалар мен тәуекелдер қатарында білім беру, медицина, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, әлеуметтік қолдау, құрылыс және инфрақұрылым, сондай-ақ, тұрғын үй салалары бар. Білім беру саласында жүргізілген сыртқы талдау нәтижесімен жалған дипломдарды пайдалану, сотталған педагогтарды жұмысқа орналастыру, сапасыз оқулықтарды сатып алу, жұмысқа негізсіз қабылдау, бақылаушы органдарды біржақты тексеру, біліктілік санаттарын заңсыз беру сияқты фактілер анықталды.
Сонымен қатар, кезекте тұрған азаматтарға кезектен тыс тұрғын үй беру фактілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасыларды тұрғын үй кезегінен себепсіз шығару деректері анықталды. Осы салада сыртқы талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әрбір мемлекеттік органның басты міндеті – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Профилактикалық немесе жедел-іздестіру құралдарының бір ғана әсері болуға тиіс, ол – азаматтарды толғандыратын мәселелердің сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігін жою.
Одан бөлек, ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ауқымды талдау жұмыстары жүргізілген. Осы ретте субсидиялау саласына қатысты бірқатар заң бұзушылықтар әшкереленді. Талдау көрсеткендей, субсидияны жымқыру үшін жылдан-жылға бірдей схемалар қолданылып келген. Өңірде ауыл шаруашылығына қатысы жоқ тұлғаларға субсидия бөлу, шығынды кәсіпорындарды инвестициялау және тағы басқа кемшіліктер анықталған. Ал жер қатынастары саласында мемлекеттік мұқтаж үшін жерлерді негізсіз сатып алу, бағасын қолдан көтеру, жерлерді негізсіз беру бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру жобасына бөлінген қаржыны жымқыру және сапасыз жұмыс атқару тәуекелінің алдын алу шарасы жүргізілді.
Жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсету үшін мемлекет 40 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлді. Ел Президенттің айтуынша, қазір еңбек нарығында жастардың үлесі артып келеді. Үкіметке және әкімдерге 2030 жылға қарай 3 миллион 300 мың адамды жұмысқа тұрғызу туралы тапсырма берілді. Оның 2,2 миллионы жастар болуға тиіс. Жаңа жұмыс орындары уақытша емес, тұрақты болғаны жөн.
«Елімізде аймақтардың жұмыспен қамту карталары бекітілген. Соған сәйкес жыл сайын шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Ол үшін бюджеттен 130 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржының арқасында, яғни субсидия арқылы 150 мың адам жұмысқа орналасады. Оның бәрі – жастар және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар», деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсету үшін 40 миллиард теңге бөлінгені айтылды. Қаражат аймақтарға берілді. Қазір бизнес саласындағы үздік идеяларды таңдап алу үшін конкурстар басталды.
«Халықты, жастарды жұмыспен қамту – Үкімет үшін аса маңызды міндет. Әкімдер бұл жұмыстың нәтижелерін тұрақты түрде баяндап тұруы керек», деді Президент.
«Елімізде аймақтардың жұмыспен қамту карталары бекітілген. Соған сәйкес жыл сайын шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Ол үшін бюджеттен 130 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржының арқасында, яғни субсидия арқылы 150 мың адам жұмысқа орналасады. Оның бәрі – жастар және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар», деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсету үшін 40 миллиард теңге бөлінгені айтылды. Қаражат аймақтарға берілді. Қазір бизнес саласындағы үздік идеяларды таңдап алу үшін конкурстар басталды.
«Халықты, жастарды жұмыспен қамту – Үкімет үшін аса маңызды міндет. Әкімдер бұл жұмыстың нәтижелерін тұрақты түрде баяндап тұруы керек», деді Президент.
Департаменттің превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов кәсіпкерлерді қорғау бойынша іске қосылған «Бизнеске жол» жобасының тиімді тұстарын тарқата айтты.
– «Бизнеске жол» жобасы аясында енді кәсіпкерлер түрлі әкімшілік кедергілерге ұшырамайды және құжат рәсімдеу кезінде әуре-сарсаңға түспейді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығы сақталады. Аталған жобаны Түркістан облысында жүзеге асыру барысында түрлі әкімшілік кедергілер мен құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңға түскен 1060 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Жұмыс күндері әрбір кәсіпкердің мәселелері жеке тыңдалып, шешу жолдары қарастырылады. Әр дүйсенбі күні Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлер үшін жеке қабылдау өткізіледі, — деді Ержан Әліұлы.
Бизнес өкілдеріне, кәсіпкерлерге жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды, яғни несиелер, гранттар мен субсидиялар алу кезінде кедергілер кездесіп жатса, 1424 ???? орталығына хабарласуларына болады.
Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие беру басталып кетті. Бағдарламаны жүзеге асыруға биыл облыс шаруалары үшін бюджеттен 20 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді.
Аталмыш жобалар аясында кәсібін дөңгелетіп отырған тұрғындар қаншама. Солардың бірі Сарыағаштық көпбалалы аналар еді. Сарыағаш қаласында «Табысты отбасы» жобасы арқылы кәсібін жаңадан бастаған түлектердің жұмысы таныстырылды. Шараға Сарыағаш ауданы әкімнің орынбасары Алдияр Қозыбаев, «Табысты отбасы» жобасының авторы Айжани Нұрланова және жоба тәлімгері Ұланбек Нұрманов қатысты.
«Сұлулық кабинеттерінің, шағын тігін және кондитерлік цехтардың ашылуы, жоба іске қосылған барлық бес облыста үйде жұмыс істейтін қатысушылардан келген тамаша чектер – «Табысты отбасы» жобасының жемісі. Бұл қатысушылардың оқуы да, сүйемелдеуі де дұрыс құрылғанының дәлелі. Түлектерімізді сұлулық кабинетінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын», — деді Айжани Нұрланова.
Сапардың келесі нысаны — «Әдемі» ательесі болды. Мұнда «Табысты отбасы» жобасының бірнеше түлегі жұмыс істейді. Қатысушыларды «Тігін ісі» бейіндік бағытына үйреткен шебер тігінші жоба соңында төрт түлекті өз ательесіне шақырған. Әйелдер «Тұсау кесуге» арналған ұлттық киімдерден бастап автобус орындықтарына қажетті қаптарына дейін тігу үшін кез келген тапсырыстарды алады.
«Бүгін мен бақытты адаммын деп сенімді түрде айта аламын. Өйткені менің отбасым, балаларым және сүйікті ісім бар, ол маған өз ісіммен айналысу ғана емес, сонымен қатар, табыс көзі. Мұның бәрі «Табысты отбасы» жобасының және «Samruk-Kazyna Trust» қорынан алған гранттың арқасы. Мұнда тігін машиналарын көріп отырсыз, соларды пайдаланып біз жұмыс істейміз және клиенттеріміздің тапсырыстарын орындаймыз», — деді жас кәсіпкер Айсұлу Бегниязова.
Ателье маңындағы фотостудияда жобаның тағы бір түлегі – «SMM» бейіндік бағыты бойынша оқудан өткен көпбалалы ана Жұлдыз Қарсыбаева жұмыс істейді. Ол қонақтарға студияны көрсетіп, жұмыстағы кедергілері туралы және оған бұл қызмет бағыты қаншалықты қызықты екенін айтты. Бүгінгі таңда Жұлдыз Қарсыбаеваның тұрақты табысы — 300 мың теңгеге жуық.
Сонымен қатар, көпбалалы ана Гүлнар Исаева жобада оқығаннан кейін және «Samruk-Kazyna Trust» қорынан грант алғаннан кейін табысты жұмыс істей бастағанын айтады. Ол Сарыағаш ауданы Береке ауылында тұрады, торттар мен түрлі кондитерлік өнімдерге тапсырыс алып, үйде отырып қаражат табады. Оның ай сайынғы табысы – 400 мың теңгеден асады.
«Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының барлық 300 түлегі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан гранттар алып, бүгінде жұмыс істей бастады. Олар осылайша өз кірістерін арттырып отыр. Түркістан облысынан жобаға 70 тұрғын қатысты. Оның ішінде 24 «ЅММ» маманы, 12 «Кондитерлік ісі», 19 «Сұлулық индустриясы», 8 «Тігін ісі» және 7 «Автоэлектрик» мамандары бар.
Аталмыш, «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы өткен жылдың 1-ші желтоқсанында республиканың бес пилоттық өңірінде Абай, Жетісу, Ұлытау, сондай-ақ Түркістан және Ақтөбе облыстарында іске қосылды. «Табысты Отбасы» жобасының оқыту бағдарламасы халықтың неғұрлым осал топтарының өкілдерін, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелерін, сондай-ақ балаларды жалғыз және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, табысы төмен отбасылардан шыққан жастарды кешенді оқытуға бағытталған.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде кәсіпкерлерге арнап Әлеуметтік лифт» тетігінің үлгісіндегі «Экономикалық лифт» ұғымын енгізуді тапсырды.
«Әлеуметтік лифт» ұғымы — бұл кез-келген бастамашыл және еңбекқор адам мансап сатысында және қоғамдық иерархияда сенімді түрде алға жылжи алатын жүйе. Сол сияқты, біз кәсіпкерлерге тиімді жұмыс істейтін «Экономикалық лифт» орнатуымыз керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Президент өңірлерде табысты еңбек етіп жүрген кәсіпкерлерге жол ашуды тапсырды. «Сондықтан, жүйелік шаралардан басқа, аймақтық ауқымдағы ең табысты және адал кәсіпкерлерді ілгерілету маңызды. Олар жаңа, әділ экономиканы дамытудың локомотивіне айналуы керек», — деді Мемлекет басшысы.
«Әлеуметтік лифт» ұғымы — бұл кез-келген бастамашыл және еңбекқор адам мансап сатысында және қоғамдық иерархияда сенімді түрде алға жылжи алатын жүйе. Сол сияқты, біз кәсіпкерлерге тиімді жұмыс істейтін «Экономикалық лифт» орнатуымыз керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Президент өңірлерде табысты еңбек етіп жүрген кәсіпкерлерге жол ашуды тапсырды. «Сондықтан, жүйелік шаралардан басқа, аймақтық ауқымдағы ең табысты және адал кәсіпкерлерді ілгерілету маңызды. Олар жаңа, әділ экономиканы дамытудың локомотивіне айналуы керек», — деді Мемлекет басшысы.
