ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 20 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ АЛҚАПҚА ЕРТЕ ПІСЕТІН ӨНІМ ЕГІЛДІ

Ауыл шаруашылық саласы Түркістан облысының негізгі драйверінің бірі.  Түркістан облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биыл ерте пісетін көкөністер 20 мың гектарға жуық алқапқа егілді. Атап айтқанда, 9 мың гектар жерге ерте пісетін картоп, 7,5 мың гектарға қырыққабат, пияз 2 мың гектарға, сәбіз 1,3 мың гектарға орналастырылды. Егіс алқаптарынан 460 мың тоннаға жуық көктемгі өнім жинау жоспарлануда. Ет өнімдерін экспортауда өңіріміз республикада бірінші орында тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу міндетін қойып отыр. Бұл бағытта жұмыс жүріп келеді. Биыл 2023 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жобаларына, кооперация желілерін дамытуға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызбен жеңілдетілген несиелер берілуде. Яғни Түркістан облысы аграрлы аумақ екені белгілі жыл сайын ерте өнім беретін түрлі дақылдарды өндіретін облыс биыл да ерте көктегі дақылдарды экспорттау жолында аянбай еңбек етуде.

Сәуір айында 8 мың тонна қырыққабат жиналды. Жоспар 40 пайызға артық орындалды. Алдағы үш айда 450 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланған. Нәтижесінде маусымаралық кезеңде республикалық қажеттілік қырыққабат бойынша 95 пайызға қамтамасыз етіледі. Егілген сәбіз, пияз және картоп көлемі де артты.

Түркістан облысында өзге облыстармен ерте пісетін өнімдерге форвардтық келісімшарттар жасалып, 6,5 мың тонна өнімдерді тауар өндірушілерден тікелей сатып алу жөнінде келісімшарттарға қол қойылды. Маңызды мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жоспарына сәйкес ағымдағы жылы 860 мың гектар жерге дақылдар егіледі.

Түркістан облысында әртараптандыру арқылы жоғары рентабельді дақылдардың алқаптарын ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасын тапты. Атап айтқанда, көкөніс 2,3 мың гектарға артып 45 мың гектарға егілді, бақша 8,7 мың гектарға артып, 69 мың гектарға егілді. Малазықтық дақылдардың көлемі 6,7 мың гектарға артып, 228 мың гектарға орналастырылды. Сәйкесінше, мақта дақылы 14,4 мың гектарға қысқартылып, 111 мың гектарға егілді. Тұзданған және сорланған алқаптарда тұзға тұрақты жүгері, бұршақты дақылды (маш) егуді қолға алынды. Сонымен бірге биыл облыстың оңтүстік аймақтарында қосымша 2 мың гектарға дәндік жүгері, 500 гектарға бұршақты дақыл егілді.

Өнімдерді сақтау қоймаларын арттыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда облыста жалпы сыйымдылығы 38 мың тоннаны құрайтын 20 бірлік жеміс-көкөніс сақтау қоймасы бар. 2023-2025 жылдарға жалпы құны 21 млрд. теңгеге сыйымдылығы 86 мың тонна арналған 15 бірлік заманауи үлгідегі жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салу жоспарланып отыр. Оның ішінде 22 мың тоннаға арналған 8 қойма бойынша жобалар биыл жүзеге асырылады.

Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы арқылы «1 мың тоннадан басталатын картоп-көкөніс сақтау орындарын салу, кеңейту» жобалары шығынын 25 пайызын өтеуге бюджеттен тиісті қолдаулар көрсетіледі.

Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Түркістан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 қарашадағы №3-2/615 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап субсидия алуға өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.

Мұнда тереңдете өңделген өнім түрлері: Сары май, Қатты ірімшік, Құрғақ сүт тұтас майсыздандырылған. Шикізатқа қайта есептегенде субсидия нормативтері, тг/килограмм бойынша: сары май 43, қатты ірімшік 21, құрғақ сүт 20 болып есептелді.

Сонымен қатар, 2023 жылға арналған өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативі айқындалып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс жасалынып жатқандығын хабарлайды.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданына Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген Төлепұлы бастаған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Тамабек Әбілхайыр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Дауылбаев Еркебұлан және аталған министрліктердің өкілдері мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Бекмағанбетов Досбол арнайы келіп, шаруа қожалықтары төрағаларымен кездесті. Кездесу барысында аталған саладағы өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. Тарқатып айтсақ, аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің көкейінде жүрген ағын су, жайылым жердің аздығы, мемлекеттен жеңілдетілген несие алу, жаңа жұмыс орындарын ашу, әр округтен көкөніс қоймаларын салу, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, субсидия мен тыңайтқыш мәселесі айтылды. Жауапты министрлік, комитет өкілдері және Парламент депутаты шаруалар көтерген әрбір мәселе назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылатының жеткізіп, сауалдарына заң талаптарына сай жауап берді. Сонымен қатар Құдайберген Ержан бүгінгі таңда Парламент қабырғасында ауыл шаруашылығы саласын ілгерілету бойынша қабылданғалы жатқан Заң жобаларымен бөлісті.

Сонымен қатар Түркістан облысы бойынша 2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшем шарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, қаулы етілді.
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшем шарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.Ауылшаруашылығына қатысты  маңызды мәселе Түркістан облысы Сайрам ауданында 500 гектарды алып жатқан картоп алқабы үсіп кетті. Дәннің бәрі ақпанның аяғы мен наурыздың басында егілген. Алайда ол өнім бермей жатып, сәуірдің суығына шыдамады. Шаруалар шаш етектен шығынға батқан. Айталық бұл шаруашылыққа диқандар  1 миллионнан аса қаржы жұмсаған. Одан бөлек дәрілеуге де шамамен осындай қаржы кеткен.

«Биыл 18 мың тонна картоп аламыз деп жоспарлаған едік. Бірақ бір тонна да шықпайтын сияқты. Сәуірде болған суықтан еккен картобымыздың 80 пайызы үсіп кетті. Біз ауа райын бақылап, қарап отырдық. Сол суық болған түні алқаптың жан-жағына от жағып та амалдадық. Алайда одан ештеңе шықпады», — дейді Абдурасул Жалалов.

Бір түнде бар еңбегі құрдымға кеткен шаруалар көмек бола ма деген үмітпен әкімдікке де барған. Бірақ олар жарытып жауап берген шенеунік таппағандарын жеткізді.»Шығынға батқанның барлығы да- қарапайым шаруалар. Біздің бар үмітіміз, табатын нәпақамыз жер анаға байланысты. Онсыз да ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Бірақ осы жолы әкімдіктен бір көмек бола ма деп барғанымызда, облысқа хабарласу керек деп шығарып салған. Содан бері хат-хабар жоқ», — дейді сайрамдық шаруа.

Түркістан облысы ауылшаруашылық басқармасының басшысы бар кінә шаруалардың өзінен екенін жеткізді. Табиғи апат болмаса, биліктен қолдау берілмейтінін мәлімдеген ол шаруалардың өздері алқапты арнайы жабынмен жауып, аман алып қалуы керек болғанын айтты. «Табиғи апат болып, залал содан келсе, әкімдіктен көмек берілетін еді. Бірақ бұл жерде жағдай басқаша. Тұрғындардың өздері де егін алқабын арнайы жабынмен жабуы керек еді. Басқалары солай істеді. Бұл жағдайда заң тұрғысынан бізден ешқандай көмек берілмеді», — дейді Түркістан облысы ауылшаруашылық басқармасының басшысы Тұрғынбек Оспанов.

Айта кетейік, қатты суықтан сайрамдық шаруалар ғана шығынға батқан жоқ. Сондай-ақ, Бәйдібек, Төлеби, Түлкібас аудандарында да егілген картоп алқабы үсіп кетті. Ал шаруалар бұл жағдай базардағы бағаға әсер етпей қоймайтынын айтады.

Алайда Сайрамдық диқандар мұнымен тоқтап қалған жоқ.  Аудан бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 52,8 мың гектарға орналастыру межеленген. Бүгінгі таңға 49,6 мың га егістік орналастырылды жоспар 94% орындалды, онын ішінде 13,0 мың га күздік бидай, 2,9 мың га арпа, 7,9 мың га майлы дақылдар, 16,0 мың га мал азықтық дақылдары, оның ішінде жаңадан егілген жоңышқа 3,3 мың га, 5,1 мың га көкөніс, 4,2 мың гектар жерге картоп егілді.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Сайрам ауданына 2990 тонна жанармайды «Майсс» ЖШС және «MTS XXI» ЖШС арқылы бөлінді. Оның ішінде ақпанға – 780 тн, наурызға – 780 тн, сәуірге – 910 тн., мамырға – 520 тн. Бүгінгі таңда, ақпан, наурыз және сәуір айларына бөлінген 2470 тонна жанармайдың 1904 тоннасы агроқұрылымдар тарапынан алынды. Жанармайдың бағасы еркін саудада 295 теңге болса агроқұрылымдарға берілетін жеңілдетілген жанармайдың бағасы 203 теңгені құрайды.
Аудандағы суармалы жерлерді 53 канал ағын сумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 47 коммуналдық меншікте, 6 жеке меншікте. 2023 жылдың бүгінгі күнге дейін жалпы ұзындығы 22,1 шақырымды құрайтын Көлкент (Анарарық-6 шқ), Манкент (Соқақ-2,5 шқ), Қайнарбұлақ (ішкі арықтар-3,5 шқ), Қарамұрт (Қыдыр-5 шқ), Ақбұлақ (Күшік-1,8 шқ), Қарасу (ішкі арықтар-0,8 шқ), Құтарыс (Мұсабек-2,5 шқ), Ақсукент (Көтерме-2,5 шқ) ауылдарындағы каналдар мен арықтар механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда, Қарамұрт ауыл округіндегі Олжалы каналының 5 шқ тазалау жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылдың 20 ақпанынан бастап минералды тыңайтқыштардың 50%-ын субсидиялау бағдарламасы «Госагро» субсидиялаудың автоматтық жүйесі арқылы өтінім қабылдануда.
Сайрам ауданында «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы кеңінен іске асырылуда. Биылғы жылы аталған жобаны 337,4 гектарға жүзеге асыру жұмыстары жоспарлануда.

Сонымен қатар биыл Қазақстан мен көршілес ел Өзбекстан кәсіпкерлері арасында 900 мың долларға экспорттық келісім шарт жасалды.  Екі жақты алыс-берісті дамытуға бағытталған меморандумдар құрылыс саласынан бастап тоқыма өнеркәсібіне дейін қамтиды. Экспорттық келісімдерден бөлек, қазақ-өзбек іскерлік кеңесінің отырысында кәсіпкерлердің өзекті мәселелері де талқыланды. Ташкенттегі жиынға еліміздің 10 шақты өңірінен 32 компания мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Ал Өзбекстан тарапынын, қазақстандық нарыққа қызығып отырған 39 кәсіпорын мен сауда палатасының мамандары жиналды. Кәсіпкерлер ең көп көтерген мәселе логистикалық кедергілер. Екі елдің де бизнесмендері тариф бағасы мен бюрократияға шағымданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *