ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАРОККО ЗИЯНКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ

Түркістан облысында жыл сайын зиянкестермен күрес жұмыстары жүргізіледі. Ауылшаруашылығына аса қауіпті болғандықтан шаруалардың еңбегі еш кетеді. Экономикалық зиянды шегінен асқан алқап облыс бойынша 16800 гектарды құрайды. Осыған байланысты  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде көктемгі дала жұмыстары, диқандарға қолдау көрсету шаралары, Марокко шегірткесіне қарсы күрес күшейтілді. Облыс басшысы зиянкес жәндікке қарсы күреске қаржыны уақтылы бөлуге ықпал етіп, жұмыстар басталып кетті. Жалпы, Түркістан облысы бойынша 2023 жылға аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жер үсті желдеткіш бүріккіштерімен 59050 гектарға және әуемен 8240 гектарға жоспарланған. Бүгінгі күнге Марокко шегірткесінің таралу аумағын зерттеуге жоспарланған 705 мың гектар алқаптың 392 мың гектар алқабы зерттелді. Экономикалық зиянды шегінен асқан алқап облыс бойынша 16800 гектарды құрайды. Химиялық өңдеу жұмыстары 2023 жылдың 8 сәуір күні Сарыағаш ауданының Дарбаза ауыл округінде басталды. Сарыағаш ауданы бойынша экономикалық зиянды шегінен асқан 10280 гектар алқаптың 9240 гектарында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Арыс қаласында экономикалық зиянды шегінен асқан 3890 гектар алқаптың 3645 гектары өңделіп, 5 жер үсті желдеткіш бүріккіштері жұмыс істеуде. Келес ауданы бойынша 1770 гектар алқаптың 1575 гектары 2 жер үсті желдеткіш бүріккіштерімен өңделуде. Сауран ауданы бойынша 610 гектардың 260 гектарында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Облыс бойынша аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстары 8 сәуір күні басталады. Бүгінгі таңда, жоспарланған 705000 гектар алқаптың 570000 гектарында зерттеу анықтау жұмыстары жүргізіліп, марокко шегірткесінің қоныстанған аумағы 90000 гектарды құрап, одан 48000 гектарында экономикалық зиянды шегінен асқаны анықталды. Бүгінгі күнге облыс бойынша экономикалық зиянды шегінен асқан 41000 гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша бір күнде 3500-4000 гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде, оған 26 бірлік жер үсті бүріккіш техникалары мен 1 бірлік АН-2 жеңіл ұшағы қатыстырылуда.

Аталған фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мақсатында, инспекция тарапынан 40 мемлекеттік инспекторлар мен 19 қызметтік автокөліктер жұмылдырылуда. Болжам орталығынан 98 анықтаушы, оның ішінде 64 штат бойынша, 34 уақытша алынған анықтаушылар анықтау-зерттеу жұмыстарына қатысуда. Облыс бойынша марокко шегірткесі көп тараған Сарыағаш ауданында 24000 гектар өңделсе, Арыс қаласында 11000 гектар өңделгенін атап өтемін. Сонымен қатар аса қауіпті марокко шегіркесне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда, қазіргі кезде фитосанитарлық ахуал тұрақты.

Биылғы жылы марокко шегірткесіне қарсы облыс бойынша барлығы 67290 га алқапта, оның ішінде, 59050 га жер үсті желдеткіш бүріккіш техникаларымен және 8240 га әуемен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Облыс бойынша бүгінгі күнге 577,8  мың гектар жерге зерттеу жұмыстары жүргізілді. Марокко шегірткесі таралған аумақ 90,8 мың гектарды құрады. Экономикалық зиянды шегінен асқан 48,7 мың гектар жерге, оның ішінде 41,4 мың гектар аумаққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Арыс қаласы бойынша  141,9  мың гектар жерге зерттеу жұмыстары жүргізілді. Марокко шегірткесі таралған аумақ 22,79 мың гектар, экономикалық зиянды шегінен асқан 12,1 мың гектар жерлер, оның ішінде 11,4 мың гектар аумаққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда, жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесінде егістік алқаптарға зиян келген жоқ. Күрес шараларына  62 техника және 77 маман жұмылдырылды.

Сондай-ақ биыл Түркістанда шіркейлерге қарсы күрес жұмыстары да қарқын алды.  Мал мен жаны шіркейге таланып, бет-ауыздары мен денесі шиедей болған Түркістан облысының аумағында қансорғыш жәндіктердің көзін жоюға арналған ғылыми сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге мердігер ЖШС «Satti Tulik» анықталып, олар дереу дезинсекциялық жұмыстарын жүргізуге кіріскен.

Бұл жөнінде Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде жауапты сала өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Онда сөз алған Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков өңірде зиянкестерге қарсы дәрілеу, дезинфекциялау жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар  Түркістан қаласы аумағында 386,4 га жер теліміне химиялық әдіспен 3 рет дезинсекция шаралары жүргізілді. Кентау қаласы аумағында 37,9 га жер теліміне химиялық әдіспен 2 рет дезинсекция шаралары атқарылды. Арыс қаласы аумағында 279,23 га жер теліміне химиялық әдіспен 2 рет дезинсекция шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар Арыс қаласынан өтетін Сырдария өзеніне 22680 литр бактицид препараты қолданылып, биологиялық әдіспен өңделді. Отырар ауданы аумағында 166,3 га жер теліміне химиялық әдіспен 2 рет дезинсекция шаралары жүргізілді», — деді басқарма басшысы.

Отырар аумағынан өтетін Сырдария өзеніне 12960 литр бактицид препараты қолданылып, биологиялық әдіспен өңделді. Сауран ауданы аумағында 107,5 га жер теліміне химиялық әдіспен 2 рет дезинсекция шаралары қолға алынды. Шардара ауданы аумағында 243,8 га жер теліміне кардинал, фипрон препараттары қолданылу арқылы 2 рет дезинсекция шаралары өткізілді. Сонымен қатар Шардара аумағынан өтетін Сырдария өзенін өңдеуге 9720 литр бактицид препараты қолданылды.

Жалпы, дезинсекция шаралары облыс аумағында наурыз айынан бастап жүзеге асырылуда. Жәндіктермен күресу жұмыстары химиялық (кардинал, фипрон) және биологиялық (бактицид) әдістерімен өңделуде. Жалпы 3663 га аумақ химиялық әдіспен және Сырдария өзеніне биологиялық әдіспен 2 кезеңмен суға төгу жұмыстары жүргізілді.

Осыған дейін  ғылыми зерделеу жұмыстарына 10 адам жұмылдырылған. Дезинсекция жұмыстарына 62 техника және 77 адам тартылған.

Айта өтсек, Түркістан облысында зиянкестерге қарсы күрес өзге өңірлерге қарағанда ертерек қолға алынған. Оның себебі, басталмай жатып, үлкен дау тудырып, бірнеше омарташының бал арасы қырылып қалған болатын. Шымкент қаласында жағдай қалыпты. Себебі жауын-шашын салдарынан дәрі шашу жұмысы әлі толыққанды басталмаған. Жауаптылар Түркістан облысындағы қателікті қайталамас үшін зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмысын жүргізер алдын омарташыларды құлаққағыс етеміз деп отыр. Қазіргі таңда көктемгі дала жұмысымен айналысатын шаруа қожалықтары, егіс алқаптарына пестицид қолдану жөнінде омарташыларға хабарлама беріп, түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша хат жолдап қойған.

Омарташылар: «Бұған улау жұмыстарының жүргізілуі себеп», – дейді. Ал дәрі шашуға тапсырыс бергендер өздеріне тағылған айыппен мүлде келіспейді. Мына шаруашылықтың бал аралары бір күннің ішінде қырылып, омарталарының көбі босап қалған. Игорь Бовкун қазірдің өзінде 4-5 млн теңге шығынға батқанын айтып отыр.

Евгения Катигробова, омарташы:

-Міне, аралар қырылып жатыр. Тірі қалғандарының өзі әлсіз. Аман қалған аралар да уланып, енді ауруға ұшырайтыны сөзсіз. 2018 жылы да осылай ескертпей улаған еді.

Шардара ауданында 30-ға жуық омарташы зардап шеккен. Шығын көлемі – 100 млн теңге. Өйткені биылғы аламыз деп жоспарлаған өнімнен де айырылды. Жаңа ара ұяшықтарын сатып алуға қыруар қаржы керек. Ал дәрі себуге тапсырыс берген мекеме: «Аралардың қырылып қалуына еш қатысымыз жоқ», – деп отыр. Олар: «Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетіні туралы әлеуметтік желілер арқылы хабарлама тараттық», – дейді.

Бақтыораз Елемесов, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

-Сол порошокты жерден алса, әрине, ол әсер етеді. Бірақ дезинфекция атқармаған, тіптен алыс саяжайларда аралар өліп жатыр деген хабар келді. Ол аралардың өздерінің арасында да әртүрлі себептен эпидемия жүруі мүмкін. Сол себепті бұны әрі қарай, әрине, зерделеу керек.

Енді қиындыққа тап болған омарташылар бірігіп, шығындарын заңды түрде өндіріп алуға бел буып отыр.

Төрехан Нармұхаммедов, облыстық омарташылар қауымдастығының төрағасы:

-Енді олар құжат, қағаздарын жинап, прокуратураға арыз жазып жатыр. Одан кейін сотқа берейін деп жатыр. Түркістан облысының әкімдігіне, одан кейін сельхоз басқармаға, министрлікке.

Қазір омарташылар аман қалған араларын жаппай Қызылқұмның қойнауына көшіріп жатыр. Себебі ол жақта жәндіктерге азық аз болса да, басын сақтап қалуға болатынын айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *