ТҮРКІСТАН: БИЫЛ КЕЛЕСТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ БОЙЫНША ӨНІМ КӨЛЕМІ 70,4 МЛРД.ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙДЫ

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында биыл өнеркәсіп көлемі 91,3 пайызды құрап отыр. Ал өндеу өнеркәсібі 84%-ға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Нақтырақ айтсақ  сүт өндірісі 7,4, жұмыртқа өндірісі 2,4, ет өндірісі 1 пайызға кеміген. Ал мал шаруашылығында ірі қара мал саны 8,4, қой саны 18,5 , жылқы басы 13,2, құс саны 13,8 пайызға азайды. Жалпы аудан Түркістан облысының оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Климаты ауылшаруашылыққа бай мекен. Бүгінде аудан бойынша халық саны 133 753 адамды құрайды. Жер аумағы 345,1 мың га  құрайды. Ауданның құрамына 1 ауыл және 11 ауылдық округі, жалпы 83 елді мекен кіреді. Жалпы халықтың 57,4 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 54,4 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,1%, жастар жұмыссыздығы 3,9% құрады. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес Келес ауданының кіріс жоспары 24,7 млрд. теңге болса, нақты 24,9 млрд. теңге немесе 100,6 % орындалған. Өзіндік кірістердің жоспары 1,7 млрд. теңге болса, нақты түскені 1,8 млрд. теңге  немесе 108,7 % орындалған. Ал 2023 жылы өзіндік кірістері 2,6 млрд теңге жоспарланса жыл соңына 3,2 млрд теңгеге ұлғайту жоспарлануда.

Былтыр бюджеттің шығыс бөлігі 24,5 млрд. теңгеге яғни 98,8 % игерілді. Жыл қорытындысымен игерілмеген 295,5 млн. теңге жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттен берілетін грант салалық министірлік тарапынан «Бизнес.енбек.кз» ақпараттық жүйесінен өтінім қабылдауға рұқсат берілмеуіне байланысты. Ауданда өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 107,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 17,9 млрд теңгеге немесе 120,0%-ға артты (2021 жылдың 12 айында 89,6 млрд. теңге). Оның ішінде, ауылшаруашылығы саласының үлесі 65,5%-ды құрап отыр. 2023 жылы жалпы өндірілген өнім көлемін 119,3 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Өткен жылы нақты 5,3 млрд. теңгеге (+286 млн.тг.) өнім өндіріліп, 2021 жылмен салыстырғанда 91,3% құрады. Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімін шығарудың нақты көлемінің индексінің үлесін 103,7% жеткізіп, жалпы құны 5,9 млрд.теңгенің өнімі өндіру жоспары жүзеге аспақ.

Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі  70,4 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,3 % құрады. Оның ішінде: мал шаруашылығы 24,7 млрд. теңге, НКИ 96,2%, өсімдік шаруашылығы –  45,6 млрд.теңге,   НКИ-102,8 %. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 17,7 млрд.теңгені құрады.  НКИ 155,8 % биылғы жылға осы көрсеткіштерді көтеру бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, орындау бойынша нақты іс шаралар атқарылады (2021 жылдың 12 айында орындалуы 13,1 млрд. тенге). Өткен жылы  ауданға тартылған инвестиция көлемі  8,5 млрд теңге болатын. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 0,8 млрд теңге, жергілікті бюджет есебінен 0,6 млрд теңге, меншік қаражат есебінен 5,5 млрд теңге, банк кредиттері 1,3 млрд теңге және басқа да қарыз қаражат есебінен 0,2 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар аудандағы тұрғын үй құрылысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 22,4 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,9%-ды құрады. Оның ішінде тұрғындар есебінен – 22,4 мың ш.м 107,9%  (2021 жылдың 12 айында 20,7 мың ш.м., оның ішінде тұрғындар есебінен – 20,7 мың ш.м) (облыс бойынша – 864 127 шаршы метр, НКИ – 104,6%, үлесі – 2,6%, 12 орын).

Келес ауданында өткен жылдың қорытындысымен өткізілген тауар көлемі 7,5 млрд.теңге, өсім 102,0%  құрады (2021 жылдың 12 айында 6,2 млрд теңге). Өткен жылдың 12 айдың қорытындысымен тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10453 бірлік іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10307 бірлік, 124,1%(2021 жылдың 12 айының  қорытындысымен тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны  8130 бірлік іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8095 бірлік, 100,4%). Айта кетсек Ауыл Аманаты жобасына 4 ауылдық округ енгізілді. Олар:

  1. Қошқарата а/о 1 кооператив ұсыныс білдіріп өсімдік шаруашылығы саласын дамытуды жоспарлап отыр. (Несие алуға 73 азамат ниет білдірген)
  2. Ошақты а/о 1 кооператив мал бордақылау алаңдарын ашуды жоспарлауда. (Несие алуға 120 азамат ниет білдерген)
  3. Ақтөбе а/о 2 кооператив сүт өнімдерін өндіру және балық шаруашылығын дамытуды жоспарлауда. (Бүгінгі күнге несие алуға 87 азамат құжаттарын дайындауда)
  4. Біртілек а/о 1 кооператив жылыжай кешенін салу және жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу бағытын таңдаған. (Бүгінгі күнге несие алуға 120 азамат құжаттарын дайындауда)

Сондай-ақ, биыл «Ауыл — Аманаты» пилоттық жобасы бойынша қатысушылар саны күн сайын ұлғаюда. Ауданда өнеркәсіп саласы бойынша бірқатар өзгерістер байқалады. Мәселен 2022-2025 жылдары жалпы құны 44,3 млрд.теңгені құрайтын 8 жоба іске асырып,1175 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған яғни 1. «Нұрболат» ӨК Жалпы жоба құны 3,0 млрд.тг болатын 5 нысан «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы 2023-2025 жылдары іске асырылып, 200 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Олар: Абай ауылы Қонаев көшесі № 20 үйден «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы аяқталып, 2023 жылы іске қосылды. Біртілек ауылдық округі аумағынан 17х9 көлемінде 1 қабатты ғимарат құрылысы жүргізілуде. Ошақты ауылдық округі аумағынан 28х14 көлемінде 2 қабатты ғимарат құрылысы жүргізілуде. Ұшқын ауылдық округі аумағынан 28х14 көлемінде 1 қабатты ғимарат құрылысы жүргізілуде. Абай ауылы аумағынан 5-блогтан тұратын орталық аурухананың құрылысы жүргізілуде.

«Эмир-Дэмир» ЖШС Біртілек а/о аумағынан жалпы құны 300,0 млн.теңгені құрайтын 30 гектар инновациялық жылыжай кешенінің құрылысы. Ашылатын жұмыс орны 75 адам. Іске асыру мерзімі 2024-2025 жыл.

«Умитай» шаруа қожалығы Қошқарата а/о аумағынан жалпы құны 450,0 млн.теңгені құрайтын 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы және ет өнімдерін өңдіру цехының құрылысы. Жұмысшылар саны 8 адам. Іске асыру мерзімі 2023-2024 жыл.

ЖК «Ағайындылар» Абай ауылы аумағынан жалпы құны 200,0 млн.теңгені құрайтын сыйымдылығы 10 орындық қонақ үй кешені құрылысы. Жобаны 2024 жылы іске қосып, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған.

«Saryagash Alpamys» ЖШС Алпамыс батыр а/о аумағынан жалпы құны 610,0 млн.теңгені құрайтын минералды су өнімдерін өндіретін зауыттың құрылысы. Жобыны 2024 жылы іске қосып, 47 адам тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. Зауыттың жылына өндіру қуаттылығы 5,9 млн. литр.

«Сарыагаш-QZ» ЖШС Ақтөбе а/о аумағынан жалпы құны 120,0 млн. Теңгені құрайтын «Ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру» зауытының құрылысы. Жобаны 2024 жылы іске қосып, 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 12,5 тонна ет өнімдерін өңдеу жоспарланған.

«UBS KZ» ЖШС және «UBS Solar» ЖШС Ақтөбе а/о аумағынан жалпы құны 5,6 млрд.теңгені құрайтын 50,0 гектар жер учаскесіне қуаттылығы сағатына 20 мВт электр қуатын күн сәулесінен өндіретін электростанциясының құрылысын жүргізіп, 15 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Іске асыру мерзімі 2023-2024 жыл.

«ECOCULTURE-EURASIA»ЖШС 2023-2024 жылдары аралығында жалпы құны 35,0 млрд.теңгені құрайтын 51 га жер учаскесіне жылыжай кешенін салып, 700 адамды жұмыспен қамту жоспарлаған.

Индустриялды аймақты құру мақсатында Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300 гектар жер учаскесі бөлінген. Сонымен қатар аталмыш жобаның бірқатар тиімді тұстары да бар. Олар: Республикалық маңызы бар «А15» автомобиль жолының бойы; Алдағы уақытта жоспарланған айналма жолға жақындығы; «Б.Қонысбаев» кеден бекетіне жақын орналасқандығы; Көрші аудандарға (Шардара, Мақтаарал және Жетісай) жақын орналасқан. Жұмыс күшін тарту үшін, елді мекендерге жақындығы.

Келес ауданының жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару 2023 жылға жоспар 15,0 мың гектар белгіленген. Осы ретте жұмысшы топпен зерделеу жұмыстары жүргізіліп ауылдық округтерді жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен жайылым мәселесі шешілетін болады.

5 елді мекенді табиғи газбен қамтуды қажет етеді. (Бозай а/о, Бозай, Тартоғай Жамбыл а/о, Бекбота, Ащыкөль,Қалғансыр, Майдабозай). Бүгінде Абай ауылындағы «Абай» АГТС-нің қуатын күшейту құрылыс жұмыстары аяқталды, нысанды іске қосу бойынша құқықытық құжаттары әзірленуде (мемлекеттік акт, техникалық төлқұжаты, АТҚ (ИТД), қосып-реттеу жұмыстары). Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1172,3 шақырым, оның ішінде қанағаттанарлық жағдайда 65,7% құрап отыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін 60,7 шақырым автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қанағаттанарлық жағдайға жолдардың үлесін 70,9% жеткізу жоспарлануда.

Құрылыс саласы бойынша  ауданға қажетті 7 мектептің құрылысына, облыстық салалық басқармаларға қаржы қарастыруға ұсыныс берілген. Ұсынылған жобалардың ішінен 4 мектептің құрылысына 2020 жылы әзірленген ЖСҚ мерзімі өтіп кеткен, қайта өңдеу (корректировка) үшін қаржы қарастыруды қажет етуде.  Ал, қалған 3 мектептің құрылысына қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде. Әкімшілік ғимараттарының құрылысы туралы.

Абай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, №8В мекен жайда әкімшілік ғимаратының құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталды. Мердігер «Евроремонтсервис» ЖШС-гі. Нысанның конкурстық құны 269,9 млн теңге. Құрылысқа 2022 жылы аудан бюджеті есебінен 10,0 млн теңге бөлініп толығымен игерілген. Ал 2023 жылға құрылысты әрі қарай жүргізуге қажетті 259,9 млн теңге қаржысы бүгінгі күнге қаралмаған. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары әрі қарай жүргізілуде. Нысандардың тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың қараша айы. Аудан әкімдігінің «Аудандық коммуналдық меншікке қабылдау туралы» 2021 жылғы 23 тамыздағы №260 қаулысына сәйкес, Алпамыс батыр ауылдық округінде орналасқан «Дархан» шекара бекетінің бұрынғы ғимараты кайта құру жұмыстарын жүргізуге 2022 жылы аудандық бюджет есебінен 5,0 млн теңге бөлініп толығымен игерілген, 2023 жылға қалған 455,5 млн теңге қаржысы бүгінгі таңда бөлінбеген. Бірақ мердігер құрылыс жұмыстарын жалғастыруда. Нысандардың тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айы.

Өткен жылғы қорытындысы бойынша аз қамтылған отбасылар саны 2328 немесе 13986 адамға 721,5 млн.теңге (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек төленді, оның ішінде 909 адам жұмыспен қамтылды. Ал, 2023 жылдың 1 тоқсанында 1314 отбасы, 8275 адамға 166,5 млн. теңге төленіп 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға азайған.(2022 жылдың 1 тоқсанында 1399 отбасы, 8428 адамға 189,7 млн. теңге төленген). «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы 4909 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 100%ға орындалды.2023 жылға жоспар 7936 азаматты құраса, 1-тоқсанға 2513 жұмыссыз азамат бағдарламаға тартылды. Белсенді ұзақ өмір сүру бағдарламасы аясында 2022 жылдың 1 наурызынан бастап Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қазыналы қария — тең қоғам» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 400 –ден астам зейнеткерлерге және 85 мүгедектігі бар азаматтарға 14 қызмет түрін көрсетуде.

Алдағы таңда ауданның алыс шалғайдағы зейнеткерлерге орталықтың қызметтерін алуға тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру жоспарлануда. Аудандағы жартылай стационарлық үлгідегі психоневрологиялық потологиясы бар және тірек-қозғалысы аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар «Даму» мүгедектер қоғамы» ҚБ-і ғимаратының сыйымдылығына қарай 60 азаматқа әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

Білім беру саласы бойынша ауданда 65 мектеп (63 мемлекеттік, 2 жекеменшік),  34652 оқушы тіркелген. 98 балабақшада (12 мемлекеттік,84 жеке меншік, 2 шағын орталық) 10483 бүлдіршін тәрбиеленуде. Биыл Қошқарата а/о Жамбыл е/м №29 жом мектебі және Ақтөбе а/о Ынтымақ е/м №37 «Р.Қошқарбаев»мектебі пайдалануға берілді.

Биыл №28 Мақташы, №11 Жолбасшы мектептері күрделі жөндеуден өтті және оған бөлінген ақша 111,5 млн.тг құрайды. Аталмыш мектептер 2023 жылдың жаз айларында пайдалануға берілмек. Өткен жылы  1-4 сынып оқушыларына арналған 2 жеке-меншік «Нұрбала», «Абай Дарын» мектептері ашылды. Айта кетсек ауданда 3 ауысымда білім беретін мектептер әлі де жоқ. Ауданда 2021 және 2022 жылдары екі мектептің  құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі таңда әрі қарай жалғасын табуда.  «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2021 жылы шілде айында «Ошақты ауылдық округі, Ошақты елді мекені №46 Абай атындағы жалпы орта мектепке қосымша 300 орындық оқу корпусы, асхана, спорт зал құрылысы» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары басталған. Мердігер «Авторемстрой ЛТД» ЖШС-гі. Нысанның конкурстық құны  995 116,0 мың теңге. Құрылысқа 2021 жылы Ұлттық қор есебінен 519 860,0 теңге бөлінген, ал 2022 жылға 475 216,0 мың теңге бөлінген. 2023 жылға өтпелі болып 51255,0 мың теңге облыстық бюджет есебінен бөлінді. Пайдалануға беру жоспары ағымдағы жылдың маусым айында берілмек. «Қошқарата ауылдық округі, Бесқұбыр елді мекені №77 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепке 300 орындық оқу корпусы, асхана, спрот зал құрылысы» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылдың маусым айында басталды. Мердігер «Қаратау ЛТД» ЖШС-гі. Нысанның конкурстық құны 874 429,8 мың теңге. 2022 жылға облыстық бюджет есебінен 10 000,0 мың теңге бөлінді. Нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі. 2023 жылға республикалық бюджет есебінен 1010963,0 мың теңге қаржы қаралды. Пайдалануға беру жоспары ағымдағы жылдың желтоқсан айы.

Мемлекет басшысы денсаулық саласына қатысты биыл бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Соған байланысты ауданда 1 орталық аурухана, 4 — ауылдық аурухана бөлімше, 1 аудандық емхана, 2 бастапқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 18 дәрігерлік амбулатория, 25 фельдшерлік акушерлік пункт, 20 медициналық пункт және де 4 санатты жедел жәрдем бригадасы халыққа медициналық көмек көрсетеді. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1-қыркүйектегі жолдауы аясында 2022 жылы мемлекеттік –жекешелік әріптестік бағдарламасы шеңберінде 2-медициналық жаңа ғимаратқа қол жеткізіліп тұрғындардың пайдалануына берілді.Олар: Ақтөбе а/о, Құйған е/м, ФАП және Ошақты а/о, Қаратал е/м, ФАП.

Өткен  жылғы жоспар бойынша «Абай» Келес аудандық ауруханасына қарасты 1 ауылдық аурухананың және 7 дәрігерлік емхананың қазандықтарын сұйық отынға ауыстыру (газ) монтаж жұмыстары жүргізіліп сұйық отын (газ) кіргізілді. 2023 жылы жоспар бойынша «Абай» Келес аудандық ауруханасына қарасты 2 фельдшерлік акушерлік пунк пен 3 дәрігерлік амбулаторияның қазандықтарын сұйық отынға ауыстыру (газ) бойынша құжаттары дайындалуда.

Сонымен қатар Келес ауданына қарасты 46 клубтық мекеме (аудандық мәдениет үйі-1, ауылдық мәдениет үйі-5 ауылдық клубтар -10), 27 кітапханалар (оның ішінде 2 аудандық, 25 ауылдық), 2 саябақ, 1 тілдерді оқыту және дамыту орталығы  халыққа қызмет көрсетеді. Аудан бойынша мәдениет мекемелері жоқ халық саны 1000 асатын 18 елді мекендер бар. Ауданда 6 ауылдық округ орталықтары мен халық саны көп орналасқан елді мекендерге мәдениет нысандарын салу үшін ЖСҚ құжаттары әзірленген.

Келестік жас спортшылар бүгінде облыс арасында алдыңғы қатарда келе жатқаны хақ. Осы орайда ауданда 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі орналасқан, аталған мекемеде спорттың 15 түрі дамытылып, 5 мыңнан астам баламен жұмыс жасауда. 2023 жылы қаңтар айында «Келес спорт клубы» КММ ашылып, аталған мекеме 6 спорт түрімен қамтылған. Биыл Келес ауданынан жергілікті бюджеттен 3 елді мекенге атап айтқанда, Алпамыс батыр а/о Ақжол е/м 1 бірлік , Біртілек а/о Еңбекші е/м 1 бірлік және Қошқарата а/о Алғабас е/м 1 бірлік ашық алаңшаларының құрылысы қазіргі таңда басталды, жоба  құны — 61 млн. теңге. Абай ауылы, Асан қайғы көшесі №8/1 учаскесіндегі спорт кешенінің құрылысының жалпы құны 1 969,8 млн теңге. 2023 жылға, 600,0 млн теңге бөлінді. Құрылысын жүргізуге «Корпорация Ақ ордасы» ЖШС мердігер танылды. Жоғарыда аталған құрылыс жұмыстары 2024 жылы жоспар бойынша іске қосылмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *