ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫН КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Бүгінде Жетісай ауданында  экологиялық жағдайды жақсарту, тұрғындарға қажетті мөлшерде газ жеткізіп беру, табиғи отын тапшылығын болдырмау мақсатында жалпы сметалық құны 3,8 млрд теңгені құрайтын Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» және Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» автоматтандыру газ таратқыш станциясының құрылысы жүргізілуде.

Атқарылып жатқан жұмыс барысымен Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» АГТС жұмысын көрді. Жұмыстың 95 пайызы толығымен аяқталған. Жобаның құрылысына жауапты «БатысМұнайГазЖабдықтары» мекемесінің өкілдерімен сөйлесті. Құрылысы жүргізіліп жатқан екі бірдей газ тарату станциясы іске қосылса аудан тұрғындары тұтынып келген 18 мың текше метр газға қосымша 50 мың текше метр қосылатын болады. Сонымен қатар, ауданға келген қонақтар мен тұрғындардың қажетті мекен-жайларына адаспай барулары үшін Жетісай ауданын белгілейтін 3 бағытта, атап айтқанда, Ш.Ділдәбеков, Қызылқұм ауылдық округтері мен Жетісай қаласына кіре беріс шекараларына тиісті белгілер қойылып, Сырабад елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 2 шақырымды құрайтын ескі шарбақтар ауыстырылып, Асықата кентіндегі орталық базар алдындағы ескі қоршаулар мен Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі бойындағы 1,9 шақырымды құрайтын тиісті белгілер сырлануда.

Бүгінгі таңда аудан аумағында атқарылып жатқан мұндай абаттандыру жұмыстары алдағы уақыттарда белгіленген кестеге сәйкес барлық округтерде жүргізілетін болады. Аталған жұмыстар өз кезегінде тұрғындардың таза, көрікті ортада өмір сүрулеріне оң ықпалын тигізеді. Аудан әкімі Серік Мамытовтың сөзінше ауданда абаттандыру жұмыстары тоқтамайды. Серік Үсенұлы Мамытов тиісті сала басшыларымен бірге аудан аумағында жүргізіліп жатқан абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарының барысымен танысып шықты. Алдымен Жаңа ауыл ауылдық округінің Мақтаарал ауданымен шектесетін аймағында болып, жол жиегінің тазалығына, сонан соң ауданға кіре беріс қақпаның жаңартылуы жайын сөз етіп, орнату жұмыстарын мүмкіндігінше тездетуді тапсырды.

Сондай-ақ, Жаңа ауыл ауылдық округі мен Жетісай қаласын байланыстырып тұрған автомобиль жолы бойындағы заңсыз сауда жасаушылар мен қызыл сызықты сақтамаған құрылыс нысандарының иелерімен тілдесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, көлік пен тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіріп тұрған құрылыс заттарын сату, әлеуметтік желіде көтерілген автокөлік жуу орындарының басшыларына жүргізіп отырған кәсіпкерліктері елге зиянын тигізбеуі керектігін ескертті. Сонымен қатар, қаланың ішкі көшелері мен демалыс аймақтарындағы, орталық базар маңындағы тазалық жұмыстарының кестеден кешікпеуін тапсырды. Наурыз айында Кемел шағынауданында жаңа саябақтың құрылысы басталады. Өткен жылы Жетісу ауданын абаттандыру жұмыстары жалғасты. Бұл туралы есеп беру кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Айнабұлақ-1, 3 шағынаудандарының сквері мен Гүлдер саябағы ағымдағы жөндеуден өтті, суару жүйелері жөнделді, жаңадан жарық тартылды. Скейт-парктер ұйымдастырылған 2 жаңа жастар алаңы ашылды. Заманауи стритбол, баскетбол, волейбол және воркаут алаңдары жабдықталды. «Наурыз айында Кемел шағынауданында жаңа саябақтың құрылысы басталып, жыл соңына дейін бітеді. Сонымен бірге, III тоқсанда Көкмайса шағынауданындағы Есентай өзенін абаттандыру аяқталады. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында былтыр ауданда 23 жоба іске асырылды, оның ішінде балалар мен спорт алаңдары жөнделіп, қоғамдық кеңістіктер ашылды», – деді қала әкімі. 2023 жылы қала тұрғындарының өтініші бойынша 800 млн теңгеге 17 жобаны іске асыру жоспарланған.

Осы уақыт аралағында Жетісай ауданында 12 мың түп гүл мен 23 мың түп көшет отырғызылды. Табиғаттың, қоршаған ортаның тазалығы бірінші кезекте жер бетін мекен еткен әрбір тіршілік иесі үшін аса маңызды. Тазалықтың сақталуы – денсаулықтың кепілі. Ал, дені сау азамат қана қоғамның белсенді, толыққанды мүшесі бола алады. Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың ауданда жасыл белдеу қалыптастыруға қатысты берген тапсырмасы аясында қала, кент, барлық ауылдық округтерде көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қазірдің өзінде қаладағы тұрғындар жиі жүретін көпшілік орындары мен аудан әкімдігінің маңына 9 мың дана питуния, 3 мың дана шафран гүлдерінің көшеттері отырғызылды. «Туған жерді, тұрғылықты қаламызды түрлендіру, көгалдандыру – тапсырма емес, ол – міндет. Жүрегі елім деп соғатын әрбір жетісайлықтың ортақ міндеті, парызы. Өйткені, Жетісай – аудан орталығы ғана емес, тарих күнделігінде өзіндік орны бар, аталарымыз бен апаларымыздың еңбегінің, маңдай терінің нәтижесінде бой көтерген киелі шаһар, біздің мақтанышымыз. Біз отырғызған көшеттер болашақта көпшілікке саясын ұсынса, гүлдеріміз керемет көркімен, хош иісімен көңілдеріне қуаныш сыйлайтын болады» дейді аудан басшысы.
Өткен жылы аудан тұрғындары жиі баратын демалыс орындары мен скверлерге, парктер мен аллеяларға 19 мыңға тарта көшет отырғызылса, биылғы жылы 23 мың түп туя, сән ағаштары, сирень, кипорис, терек, шынар, қарағаш, багрянник, қарағай, каштан мен бадам секілді көшеттер егілген.
Айта кетейік, егілген гүлдер мен көшеттерге жергілікті қазынадан қаржы қаралмаған, бәрі де демеушілер мен Түркістан облыстық Табиғи ресурстар басқармасы тарапынан жеткізіліп отыр.

Ауданның 2021-2023 жылдарға арналған бюджет табыстарының болжамды көлемін құрастыру кезінде ауданның 2021  жылғы аудандық бюджет табыстарын орындау туралы есеп беру мәліметтерімен Жетісай ауданына тиісті табыстардын көрсеткіштері есептен алынып ескерілді. 2021 жылға 2 596 409 мың теңге сомасында белгіленді. Аудандық бюджеттің табысының болжамы (трансферттердің түсуін есептемегенде) 2022 жылға 1 744 888 мың теңге сомасында белгіленді, 2023 жылға  — 2 480 139 мың теңге.

Сонымен қатар ауданның бюджетіне Түркістан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген  2020 жылға облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенция көлемі толық түрде белгіленген және қаржылық жыл бойы  өзгертуге енгізілмейді және 2021 жылға жоспарлануы 23 806 451 мың теңге, 2022 жылға 23 797 303 мың  теңге, 2023 жылға 23 797 303 мың  теңге сомасын құрайды. 2021-2023 жылдарға арналған бюджетінде облыстық және республикалық  бюджеттен мақсатты трансферттердің түсімдерінен 2021 жылға 8 392 121,0 мың  теңге сомасында қалыптасты.

Жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын шектеу мақсатында, 2021 жылға  халық саны 2000-нан адамнан астам  ауылдық округ әкімдерінің дербес бюджеттері бекітіледі, олардың санатына Жетісай қаласы, Асықата кенті, Жаңа ауыл, Жылы су, Қарақай, Қазыбек би, Абай, Атамекен, Ж.Ералиев, Ш.Ділдабеков, Мақталы, Қызылқұм, Ынтымақ, ауылдық округ әкімдіктері. Қала, кент және он бір ауылдық округ бюджеттер деректері ағымдағы жылғы нақты салық түсімдерінен қалыптасты, олардың көлем құны 299 614,0 мың теңге және аудан бюджетінен берілетін нысаналы трансферттердің сомасы 172 365,0 мың теңге, бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігінің есептелген сомасы 766 081,0 мың теңге. Ауылдық бюджетті қамтамасыз ету деңгейін теңестіру аудандық бюджеттен бөлінген субвенция мөлшері 125 993,0 мың теңгені құрады.

Ауданда Әлеуметтік сала бойынша  блокқа шығыстар 2 функционалдық топтан тұрады, атап айтқанда: әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік және отын-энергетика кешені. 2021 жылға әлеуметтік  салаға шығыстар тұтастай алғанда жалпы шығыс көлемінің  29,9  пайыз  немесе  абсолюттік мағынада 10 562 411 мың  теңге, 2022 жылға —  жалпы шығыс көлемінің 12,12 пайыз немесе 3 082 779 мың теңге, 2023 жылға — жалпы шығыс көлемінің 13,05 пайыз  немесе 3 336 165 мың  теңгені құрайды.

Айта кетейік биыл Жетісай ауданында ағаш егу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Яғни «Шардара орман» МКК-сінен 1764 дана және «Бадам орман және жануарлар әлемін қоғау жөніндегі» КММ-нан 5000 дана көшет әкелінді. Мұнда қарағаш – 1264 дана, үйеңкі – 500 дана, қарағаш– 150 дана, туя –150 дана, емен – 300 дана, верба – 250 дана, терек – 410 дана, үйеңкі – 1000 дана, ясин – 1000 дана, айлант – 740 дана және 1000 дана қаратал бар.
Жалпы, Жетісай ауданы бойынша қараша, желтоқсан айларында көшеттерді отырғызуға 4 техника және 234 адам жұмылдырылып, 6764 түп көшет отырғызылды. Ал қалған 400 түп көшет «Жетісай қызмет» МКК-де тұр. Алдағы уақытта көшет отырғызу жұмыстары жалғасатын болады.

Осы тұста Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыстың елді мекендерін, оларға кіреберістері мен автомобиль жолдарының бойларын көгалдандыру жұмыстары тапсырылған болатын. Осы ретте Түркістан облысынан құрылған жұмысшы топ арнайы Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай, Мақтаарал аудандарына жұмыс сапарымен барып, мәжіліс өткізген болатын.

Өңірде елді мекендерді көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту және қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондарды заңдастыру мен қайта өңдеу салаларында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу баса назарға алынған.

Жетісай ауданының тұрғындары мен қонақтардың жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптастыра отырып жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға қаралған қаржылар көлемі жылдан-жылға артып, атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы да ұлғайып келеді. Жалпы ұзындығы 918 шақырымды құрайтын Жетісай ауданындағы 1200 ішкі көшенің жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 60 пайыздан 100 пайызға жеткізу бойынша арнайы жобалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы 1 млрд 418 млн теңгеге жалпы ұзындығы 65,7 шақырымды құрайтын 77 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл 1 млрд. 735 млн теңгеге жалпы ұзындығы 70,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1 млрд 111 млн теңгеге Атамекен, Қызылқұм, Арай, Сұлу бұлақ, Жылы су ауылдық округінің Сейфуллин елді мекендерінде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге, жергілікті бюджет пен субвенция есебінен 624 млн теңгеге жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу жұмыстарды жүргізілетін болады. Сонымен қатар, 55,1 млн теңгеге жалпы ұзындығы 4,85 шақырымды құрайтын 10 көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу), аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін күтіп-ұстауға бөлінген 30 млн теңгеге ішкі көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 17 мекен-жайға стандартқа сай 150 метр жасанды жол кедергілері мен 80 жол белгілері орнатылатын болады. Оған қоса, 23 мекен-жайға жаяу жүргінші өткелдері мен 18,1 шақырым қарама-қарсы бағытты айқындайтын жол сызбаларын таңбалау жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті бюджет есебінен 10,9 млн. теңгеге Қызылқұм ауылдық округі Түркебай елді мекеніндегі облыстық маңызы бар КХ-75 және КХ-27 автомобиль жолдарының қиылысына бағдаршамдар орнатылып, жол сызбалары таңбаланып, аудандағы бағдаршамдар мен бейнебақылау камераларын күтіп-ұстау жұмыстарына 6 млн теңге бөлініп, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *