ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 63 МЕКТЕПТІҢ ІРГЕСІ ҚАЛАНБАҚ

Биыл Жетісай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 5 білім ордасы бой көтереді.  Осы мәселеге қатысты Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Еркебұлан Дауылбаев «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Жетісай ауданына жұмыс сапарымен, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Мемлекет басшысының өткен жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өткен  жылғы 30 қарашадағы №963 қаулысымен білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» жобасымен Жетісай ауданында 5 нысанның құрылысы жоспарланған.
Нақтырақ айтар болсақ, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Асықата кентінен 900 орындық және Ынтымақ ауылдық округінің Ақниет елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылысы биыл басталып, келесі жылы аяқталса, Жетісай қаласынан 900 орындық және Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық білім ошақтарының құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылы қолданысқа тапсырылады деп күтілуде. Мектеп құрылыстарын жүргізуге қажетті жер телімдері нақтыланған.
Пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталатын мектептерде оқушылардың сапалы білім алуларына, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалатын болады.
Сонымен қатар, ауданда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамту жұмыстары да қолға алынған.
Жалпы осы тұста бұл жобаның мақсаты мен құрылымы қандай деген сұрақ туындауы мүмкін. Мәселен елімізде аталған жоба аясында 842 мың балаға арналған 401 жаңа мектеп салынады. Қазірдің өзінде республика бойынша 225 мыңға жуық оқушыға орын жетпейді екен. Жаңа үлгідегі мектептер 2025 жылдың соңына дейін қалаларда да, шалғай елді мекендерде де салынады. Құрылысқа отандық өндірістегі материалдар қолданылады. Мектептерді жобалау Қазақстанның қолданыстағы нормаларына, ҚР Үкіметі бекіткен техникалық тапсырмалары мен білім беру ұйымдарын салудағы озық халықаралық тәжірибеге негізделеді. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Construction» компаниясы.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылғандай, 2025 жылға дейін елімізде 800 мыңға жуық баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасалады. Ол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Биылдан бастап еліміздің әр өңірінде ұлттық жоба аясында заманауи мектеп ашылады. Бұл өз кезегінде апатты және үш ауысымды мектептердің де проблемасын шешуге көмектеседі. Осы орайда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына тереңірек үңіліп,  көргенді жөн санадық.
Осы жоба аясында біздің облысымызда 63 жаңа мектеп бой көтермек. Жалпыұлттық жобаның жүзеге асуы өңір басшысы Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Ұлттық жобаның негізгі шарттары мақұлданғанын айтқан облыс әкімі салаға жауапты басшыларға құрылысы 2023 жылы басталатын мектептер бойынша проблемаларды жедел шешуді тапсырды.
Сондай-ақ, өңір басшысы ол мектептерді сапалы, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіп, оқу процесін цифрландыруға қажетті шараларды шұғыл жүзеге асыруға назар аударды. Жалпыұлттық жоба аясында жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланған. Жер бөлу мәселесі шешілген.
Жаңа үлгідегі мектептер салу үшін жер телімдерін бөлу, инженерлік жүйелерін жүргізу, педагогтермен қамту және уақытында құрылысын аяқтау сынды тапсырмалар міндеттелді. Осы арқылы үш ауысымды, апатты, ескірген мектептер санын жою көзделген.
– Бұл – ерекше жоба. Бағыт – айқын. Заманауи мектептердің құрылысын барынша тездету үшін жыл соңына дейін жер, инфрақұрылым мәселесі толық шешілуі тиіс. Бұл жоба білім сапасын арттыруға мол мүмкіндік береді. Жайлы мектептерде балаларға барынша қолайлы жағдай жасалады. Өңірде демографиялық өсім жоғары. Сондықтан сапалы білім беретін оқу орындарының санын арттыру аса маңыз-ды, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Өңірімізде бұл жобаны іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 400 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінбек. Жоба аясында ашылған мектептер заманауи құрылғылармен толық жабдықталады. Зертханалармен қамтамасыз етіледі. Бастауыш сыныптар үшін жеке блог болады. Мақсат – оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және білім беру қызметінің сапасын арттыру.
Аталған мектептерді салуға беделді әрі бәсекеге қабілетті компаниялар тартылады. Сонымен бірге, жұмыс барысы қатаң қадағаланады. Ол іске аса білікті техникалық қадағалаушылар шақырылмақ. Мұндай мектептер облысымыздағы халық көп шоғырланған аймақтарда салынады. Жаңа мектептер 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000 немесе 2500 орынды деп белгіленген жеті түрдің біріне сай салынуы керек. Олардың әрқайсысында робототехника кабинеті, бірнеше зертхана, аумағы 88 шаршы метр болатын хореография залы, үш коворкинг алаңы (бастауыш сынып оқушылары, орта сыныптар және мұғалімдер үшін) болуы керек. Сондай-ақ, мұндай мектептерде бастауыш сыныптар (9х18м) мен орта буын, жоғары сынып оқушылары үшін (36х18м) бөлек-бөлек спорт залдары болады. Әр сыныпта интерактив тақта және мұғалімге арналған компьютер қарастырылған.
Жақын арада компания мектептерді жобалау, салу бойынша да  кешенді қызмет көрсетушілерді анықтайтын ашық конкурс өткізеді. Олар мектепті толық салып, дайын күйінде тапсыруы керек, кейін құрылыс аяқталғаннан кейін төлем алады.
Құрылысты қадағалау инженерлік қызметтері де ашық конкурстық негізде сатып алынады, бұл қосымша ашықтықты қамтамасыз етеді. Барлық сатып алу жалпыға қолжетімді онлайн платформада жүзеге асырылады. Байқау комиссиясының құрамына «Samruk-Kazyna Construction» компаниясының өкілдері ғана емес, «Атамекен» ҰКП, «Самұрық-Қазына» қоғамдық кеңесі, әкімдіктер мен Оқу-ағарту министрлігінің тәуелсіз сарапшылары да кіреді.
Мониторингтің ақпараттық жүйесі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында жұмыс істейтін болады. Тікелей бейнетрансляция және құрылыс алаңдарының фоторепортаждары бар интерактив карта жасалады. Кез келген адам 401 жаңа мектептің құрылысын тәулік бойы бақылай алады. Жобалаушы және техникалық қадағалау есептері апта сайын жарияланады. Осылайша жұмыс барысына қоғамдық бақылау қамтамасыз етіледі.
Еліміздегі мектептер негізінен тәуелсіздік алғанға дейін салынған, көпшілігі ерекше балалар үшін өте қолайсыз. Жаңа мектептерді барлық оқушының қажеттілігін ескере отырып, заманауи технологияларды қолданып салу жоспарланды. Кедергісіз, ыңғайлы кеңістік: арнайы пандустар, лифтілер, дәретхана бөлмелері болады. Сондай-ақ, әрбір мектепте инклюзивті білім беру кабинеті болуы керек. Мұның бәрі балалардың қоғамға жақсырақ бейімделуіне қажет алғышарттармен қамтамасыз етеді.
Жаңа ғимараттарды салуға отандық үздік инженерлер, сәулетшілер мен дизайнерлерді тарту, заманауи технологияларды қолданып салу жоспарланып отыр. Жобалық-сметалық құжаттамаға ашық конкурс негізінде «Samruk-Kazyna Construction» интерьер дизайны мен сәулеттік шешімдерді әзірлеу кезінде бірқатар элементтің ұлттық нақышта болуын талап етеді.
Жаңа мектептер ең алдымен мектеп тапшылығы бар аймақтарда салынады. Бекітілген жоспарға сәйкес, мектептердің көпшілігі Алматы облысында (63), Түркістан облысында (63), Шымкентте (25), Маңғыстау облысында (24), Астана (24) мен Алматыда (22) салынады. Қалған мектептер шағын қалаларды қоса алғанда, бүкіл Қазақстан бойынша теңдей бөлінеді.
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Дінислам Болатханұлының мәлімдеуінше, биыл 29 мектептің құрылысы басталмақ. Олардың алғашқылары келер жылы пайдалануға беріле бастайды. Ал, келер жылы тағы 34 мектептің құрылысы қолға алынады. Олар 2025 жылға дейін аяқталып, пайдалануға берілмек.
Облыс бойынша мектеп ғимараты көп салынатын аудандардың бірі – Сарыағаш ауданы. Ұлттық жоба аясында мұнда 10 жаңа мектеп бой көтереді. Одан кейінгі орында Сауран ауданы тұр. Сауранда  7 жаңа мектептің құрылысы басталады. Жоба аясында өңірдегі барлық 17 аудан-қалада заманауи мектептер бой көтереді.
Жаңа ғимараттарда оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу үшін трансформациялау мүмкіндігі бар көп функционалды акт залы, сондай-ақ, кітап қоймасы мен оқу залы бар кітапхана көзделеді, онда кітап қорын сақтауға бағытталған температуралық режимнің заманауи технологиялары, медиатека, электрондық кітапхана, мекеменің әр қабатында оқуға және бос уақытты мазмұнды өткізуге арналған коворкинг-аймағы болады. Еңбек пәнін оқытуды ұйымдастыру, сондай- ақ, білім алушылардың шығармашылық әлеуеттерін дамыту үшін жаңа буынның тиісті жабдығымен әмбебап шеберханалар мен шығармашылық студиялар, бастауыш кәсіптік білім беруге арналған кабинеттер (тігінші, аспаз, IT-маман, ағаш ұстасы және басқалар) болады. Бұл мектептер өрт-күзет жүйесімен, бейнебақылаумен, дыбыстық ескертумен және кіруді басқару жүйесімен, оның ішінде мекемеге кіре берістегі тұлғаларды тану аппаратымен, сондай-ақ, есіктер мен блоктарды бұғаттау жөніндегі функциямен (төтенше жағдай туындаған кезде автоматты түрде қосылады) жарақтандырылатын болады.
Мұның бәрі жаңа буын білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады. Жоба жетекшілерінің айтуынша, құрылысқа жаңа технологияларды енгізу жеделдетіледі, құрылыс компанияларының талаптары мен жауапкершілігі артады, ұсынылатын құрылыс қызметтерінің сапа деңгейі айтарлықтай жақсарады, құрылыс материалдары мен техникалық жабдықтардың жаңа өндірістерін құруға шағын және орта бизнес ынталандырылады. Сонымен қатар, жобаны іске асыру 60 мыңға жуық уақытша және 40 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру елімізде 2 жылдан кейін орта білім беру объектілерін салу есебінен 100 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте қаралған «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшылардың басын қосып, нақты тапсырмалар берді. Жаңа үлгідегі мектептер салу үшін жер телімдерін бөлу, инженерлік жүйелерін жүргізу, педагогтермен қамту және уақытында құрылысын аяқтау сынды тапсырмалар міндеттелді. Осы арқылы үш ауысымды, апатты, ескірген мектептер санын жою жоспарға қойылған.

– Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте 2023 жылы басталуы тиіс мектептер үшін жер учаскесін бөлу және қажетті инфрақұрылымға қосу жөніндегі барлық мәселені бір ай ішінде шешуге тапсырма берді. Мәселенің маңыздылығын ескере отырып, барлық аудан, қала басшыларына шұғыл түрде жаңа мектептердің жер телімін заңдастыруды тапсырамын. Екіншіден, құрылысы кешеуілдеп жатқан білім ұяларын қадағалауға алып, жұмысын жандандырыңыздар. Әрбір мердігер мектептерді уақтылы әрі сапалы тапсырулары керек. Сонымен бірге білім сапасын арттыру мәселесі де назарда тұруы тиіс,– деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында осы мақсатта 400 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді. Жоба аясында ашылған мектептер заманауи пән кабинеттерімен, зертханалармен толық қамтамасыз етіледі. Түркістан облысында 900, 1200 және 2000 оқушы орындық мектептер салу жоспарланған. Бекітілген 86 мектепте 60 мыңнан астам баланың білім алуына барлық мүмкіндік жасалады.

Жобаның мақсаты – қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде жаңа үлгідегі, бірыңғай стандарттағы жабдықталған мектептер салу. Оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және  білім беру қызметінің сапасын арттыру.

Түркістан облысында жалпы 983 (оның ішінде 75 жекеменшік) мектеп бар. Соңғы жылдары 83 жаңа мектеп пайдалануға берілді, ал қазір 59 мектеп салынып жатыр.

Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы орта білім беретін 910 (10 жеке меншік) ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 97 бастауыш, 57 негізгі, 756 орта мектеп. 78 қалада, 832-ауылдық елді мекендерде орналасқан.

Бастауыш мектеп – Бастауыш білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

негізгі орта мектеп – бастауыш және негізгі орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

жалпы білім беретін мектеп – Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

Мектептің негізгі міндеттері:

1) құзыретті тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау;

2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылым негіздерін алуын қамтамасыз ету;

3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

5) Белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу.

Сонымен қатар, облыста 2020 жылғы наурыз айының 20 жұлдызына дейін 1447 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасайды. Оның: 1271 балабақша (273-мемлекеттік, 998-жекеменшік), 176 мемлекеттік шағын орталық. Онда 1-6 жастағы 153296 (96,0%) бала тәрбиеленуде, оның ішінде 3-6 жастағы 119834 бала қамтылып, ол 99,8% құрады. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың үлесінің 69,0 % жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар құрайды. Балабақша кезегінде 1-6 жас бала саны –8159 оның ішінде 3-6 жас аралығындағы кезектегі бала саны- 380). Облыс әкімінің 2020 жылғы 18 наурыздағы Түркістан облысының аумағында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия отырысының №2 хаттамалық тапсырмасының 5-тармағына сай меншік нысанына карамастан (мемлекеттік, жекеменшік) мектепке дейінгі ұйымдар а.ж.20 наурызынан бастап уақытша жумыстарын тоқтатты. Мектепке дейінгі ұымдардағы қызметкерлердің еңбек жалақысы сақтала отырып, үйлерінде, өз өтініштері бойынша кезекті еңбек демалысында, тәрбиешілер (ватсап, телефон ) арқылы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ата-ананың келісімімен тапсырмалар беріп, қашықтықтан ата-аналармен тығыз байланыста. Мекемелерде тек басшылары, шаруашылық меңгерушісі, бухгалтерлері және қарауылдары кезекшілік етуде.

Түркістан облысында “Жайлы мектеп” жобасы аясында 63 мектеп салынады. Оның ішінде Түркістан қаласында 7 жаңа мектеп бой көтереді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан қаласының тұрғандарымен кездесуінде мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында «Бүгінге дейін көп талқыланғанына қарамастан, үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесі шешілген жоқ. Сондықтан осы ұлттық жобаның жүзеге асырылуы Үкіметтің де, жергілікті атқарушы органдардың да ерекше бақылауында болуға тиіс. Үкімет пен Есеп комитеті әрбір теңгенің көзделген мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз етуі қажет. Әкімдер жыл соңына дейін жер, инфрақұрылым жөніндегі барлық мәселені шешуі керек. Сондықтан өңір басшыларының жеке жауапкершілігін күшейту жөніндегі ұсынысты қолдаймын” ,- деп айтқан еді.

Сонымен қатар Сарыағаш ауданында аталмыш жоба аясында 10 мектеп салынады. Осыған байланысты ауданның инфрақұрылымын жақсарту, жұмыс орындарын ашу бағытындағы жоспарлар жалғасады. Бұл туралы Сарыағаш ауданы тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

– Мемлекетті дамытатын жастарды тәрбиелеу үшін білім саласына айрықша қолдау көрсетіліп жатыр. Былтыр Сарыағаш ауданына 4 мектептің құрылысы аяқталды. Биыл 3 мектепті пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, былтыр 11 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 1,1 млрд. теңге қарастырылып, жұмыстар жүрді. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында Сарыағашта 10 мектептің құрылысы жүреді. Сарыағаш ауданында кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік жоғары. Географиялық тіиімді аймақта орналасқан. Агросаланы дамытуға әлеуеті жетеді. Жуырда ірі инвесторлармен кездестік. Олар Сарыағаш ауданында бірнеше жобаны ұсынып отыр. Әкімдердің жұмыс көрсеткіші инвестиция тарту, кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарын ашумен өлшенеді. Аудан әкімі осы бағытта жұмысты күшейтуі тиіс, – деген Дархан Сатыбалды жылыжай шаруашылығына да қолдау күшейетінін, шаруаларға көмір жеткізу ісі жүйеленетінін, облыс әкімдігі тарапынан осы бағытта жұмыс жүріп жатқанын да атап өтті.

Кездесуде тұрғындар мектеп салу, жол жөндеу, кәріз жүйесін реттеу, көпірді жөндеу, газ бен су, стадион салу мәселелерін көтерді. Жеке қабылдауда да өзекті түйткілдер тарқатылды. Облыс әкімі Сарыағашта орталықтандырылған кәріз жүйесін жүргізу бойынша жұмыс атқарылатынын, 14 көпқабатты үй болашақта орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылатынын айтты. Ал қазір көпқабатты үйлерді ертерек пайдалануға беру мақсатында уақытша 3 септик орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге аудандарда қолданылмай жатқан жайылым жерді халыққа ортақ пайдалануға беру бойынша жұмыс күшейетінін мәлімдеді. Газ мәселесі де назарда тұрғанына тоқталды. Әрбір өтініш пен ұсыныс хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыс жүреді.

Былтыр облыс басшылығының тұрғындармен кездесуінде сарыағаштықтар көтерген мәселенің біразы шешімін тапты. Атап айтсақ, Сарыағаш қаласындағы Майлықожа көшесінің жолына 130 млн. теңге қаралып, жөнделді. Жылға елді мекеніндегі С.Сейфулин атындағы №12 жалпы орта бюджеттен 539 млн. теңге қаралып, 150 орындық қосымша ғимараты тапсырылды. Былтыр 1,6 млрд. теңгеге 38 ішкі жолға (40 шақырым) орташа жөндеу және 22 ішкі жолға шағал тас төсеу (43 шақырым) жұмыстары жүргізілді.

Сарыағаш ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 31 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 6 млрд. теңгеге артты. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 27 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 10 млрд. теңгеге артып отыр. Былтыр 1,4 млрд. теңгеге жаңа 2 инвестициялық жоба іске асырылған. Ауыл шаруашылығы саласында 119 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету жалғасып, ауданда маңызды жобалар жүзеге асырылады деп күтіліп отыр.

Осы жұмыс сапарында Дархан Сатыбалды «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ашылу салтанатына қатысты. Мұнда зейнет жасындағы тұрғындар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ем алуына, тынығуына жағдай жасалған. 14 маман қызмет көрсетеді. Орталықта күніне 70 зейнеткерге тиісті қызмет көрсетіледі. Ал бір жылда 2500 ардагерге сауықтыру шаралары жүргізілмек. Бұдан бөлек, орталықта күніне 50-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік-сүйемелдеу қызметтерін көрсету жоспарланған.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында өңірдегі бір мыңыншы мектеп ашылды. Білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, оқушылар мен ұстаздарды, жергілікті тұрғындарды құттықтады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл ретте демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Нәтижесінде мектеп саны 1000-ға жетіп отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Мемлекет басшысы балаларға жағдай жасауды ерекше тапсырды. Өнерлі, білімді, спортқа бейім балаларды жан-жақты дамыту керектігін айтты. Бұл тапсырманың біздің өңір үшін маңызы өте жоғары. Себебі еліміздегі сәбилердің бестен бірі Түркістан облысында дүниеге келеді. Облысымызда, қазіргі таңда 700 мыңнан астам бала бар. 2400-ге жуық білім беру ұйымы жұмыс істейді. Облыста 2023-2025 жылдары кезең-кезеңімен 96 мектептің құрылысын салу жоспарланды. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан бұл қолдаулар ұстаздарға шабыт береді және жас ұрпақтың сапалы білім алуына оң ықпал етеді деп санаймын. Біз бүгін облысымыздағы 1000-шы мектептің ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Мұндағы оқушылар ата-аналарының және ұстаздардың, елдің үмітін ақтайды деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды.

Сарыағаш қаласы, «Самал» шағынауданындағы №78 жалпы орта мектебінің құрылысы 2020 жылы басталған. 900 оқушыға арналған мектепте оқушылардың алаңсыз білім алуына қолайлы жағдай жасалған. Есік алдына асфальт төселген және көгалдандырылған. Мектептегі суық су мен жылу және санитарлық байланыс құбырлары орталықтандырылған. Білім ұясында үлкен дәліз, кітапхана бойынша 1 оқу залы мен 1 медиа зал бар. Сондай-ақ химия, физика, еңбек және информатика кабинеттері толықтай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Үлкен спорт залы, 300 орынға арналған асхана жұмыс істейді. Медициналық 2 бөлмесі бар. Олар арнайы медициналық құрал-жабдықтармен, жиһаздармен жабдықталған. Өртке қарсы дабыл қаққыш, 17 сыртқы және 60 ішкі бейнебақылау камералары орнатылған.

Түркістан облысы туу көрсеткіші, демографиялық өсім бойынша елімізде көшбасшылар қатарында тұр. Ел тұрғындарының 10,7% осы өңірде тұрады. 2022 жылдың желтоқсанында Түркістан облысы халқының саны 2116 450 адамға жеткен. Оның 75,5%-ын ауыл халқы құрап отыр. 2022 жылы облыста 57429 бала дүниеге келген. Оның 605-і егіз болса, 12 үшем өмірге келді. Бұл деректер ауылға қолдауды күшейту және жыл сайын мектептер санын арттыру міндетін жүктейді. Сондықтан облыста мектеппен қамту жұмысы өте қарқынды жүріп жатыр. Облыстың 1364 мектепке дейінгі ұйымында 159 113 бала тәрбиеленуде. Өңірдегі 1000 мектепте 514018 оқушы білім алуда.

Мектеп тапшылығы мәселесі кезең-кезеңмен өз шешімін табуда. Өткен жылы 21 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 2 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілді. Биыл 20 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 63 мектептің құрылысы жоспарлануда. Оның ішінде 2023 жылға 31 мектептің құрылысын бастауға қаржы бағытталып отыр.

Биыл Түркістан облысының Келес ауданында үш «Жайлы мектептің» құрылысы басталады. Себебі бала санының көптігіне байланысты аудандағы кейбір білім ошағы үш ауысымға өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан мамандар жаңа жоба өңірдегі мектеп тапшылығын жоюға сеп болатынын айтады. Алғашқы «Жайлы мектеп» аудан орталығы — Абай ауылынан бой көтереді. Бүгінде арнайы жері бөлініп, қаржысы қаралған. Жоба құны 4,5 млрд теңге. 600 орындық білім ұясы осы маңдағы оқушыларды қамтиды. Оған балалар да, ата-аналар да дән риза. Ермек Рахматулла, Ата-ана: — Қазір біздерде бір қиыншылығы үш ауысымға өтіп кететін жағдай болып тұр. Балаларымыз өте көп. Соған жақында мына жерге қуанып жатырмыз «Жайлы мектеп» салуға атсалысып жатыр еліміз. Осындай мектептердің бізге он шақтысы керек Келес ауданына. Келес ауданында 63 мектеп, 35 мың оқушы бар. Мамандар кейбір мектептердің үш ауысымға өтіп кету қауіпі бар екенін жасырмайды. Сондықтан құрылысы биыл басталатын заманауи үш жаңа мектепте аудан орталығынан салынады. Әшірбек Әдиев, аудандық білім бөлімінің бас маманы: — Жайлы мектептер» оқушыларға замануи талаптарды орындай отырып, барлық кабинеттер ашылып, химия, биология, математика, одан бөлек спорттық секциялар, қосымша білім берумен қамту, барлығы осы «жайлы мектептің» жобасында енгізілген. Балаға жайлы болу үшін жасалып жатқан бағдарламалардың бірі. Мамандар мұндағы 9,5 гектар алқапқа «Жайлы мектептен» бөлек, оқушылар мен аудан тұрғындарына қызмет көрсететін бірнеше әлеуметтік нысан салынатынын айтады.  Мұрат Юсупов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы — Соның ішінде біз үлкен спорт кешенін түсірейік деп жатырмыз. Оған 1,5 гектар жер бөлінген. Ол спорт кешенің ішінде шағын футбол, воскетбол, волейбол, күрес, бокс, ауыр атлетика бар. Себебі бізде қазір ауданда спортпен шұғылданатын жастар өте көп. Тағы бір нысанымыз бар бұл жерде оқушылар сарайын салайын деп жатырмыз. Жобалық сметаларға облыстық, республикалық бюджеттен ақшасы бөлінген. Ал білімге жауапты мамандар келесі жылы аудандағы бала саны көп ауылдар да тағы екі «Жайлы мектептің» құрылысы басталатынын айтады. Бұл өңірдегі мектеп тапшылығы мәселесін шешудің ең тиімді жолы болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *