

Сонымен қатар Ордабасы ауданы Қараспан елдімекенінде жалпы ұзындығы 24,3 шақырымды құрайтын «Қараспан» магистральды каналы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Қазіргі таңда оның 5 шақырымы толық аяқталып отыр. Мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-ң өкілі Самат Ергешбаевтың айтуынша, каналды жөндеу жұмыстары 2022 жылдың қараша айында басталған. 2024 жылдың соңында канал пайдалануға берілетін болады.
Тапсырыс беруші — Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы болса, мердігер мекеме — «Мелиоратор» ЖШС-і. Жобаның жалпы құны – 3 млрд 344 млн 721 мың 906 теңге. Айта кетерлігі, канал толық аяқталған уақытта аудандағы 6 елді мекенді сумен қамтамасыз етеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған шара аудандағы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесімен бастау алды. Онда шаруалар мен диқандар, аталған салада жүрген кәсіп иелері жұртшылыққа өз өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ асыл тұқымды төрт түлік өсірушілердің көрмесі де ұйымдастырылды.
Өткен жылдың 9 айында ауданда ауыл шаруашылығы саласында 53 млрд. 818 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд. 446 миллион теңгеге артық. Биыл аудан көлемінде 68 495 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, жоспар 104 пайызға орындалды. Жалпы, 68 мың гектардан астам алқапқа егілген ауылшаруашылық дақылдарынан бүгінгі таңда барлығы 245 мың тоннадан астам өнім жиналды.
Ауданда 15,7 гектар жерге жылыжай құрылысы жүргізіліп, жоспар 105 пайызға, тамшылатып суғару 476 гектар жерге ендіріліп, жоспар 112 пайызға орындалып отыр. Сондай-ақ жаңбырлатып суғару жүйесі де 500 га астам алқапқа ендіріліп, жоспар 111 пайызға орындалды. Егістік жерді тиімді пайдалану арқылы «1 алқаптан 2-3 рет өнім алу» жобасы да тиімді жүзеге асты. Атап айтар болсақ, 109 шаруа қожалығы 363,7 гектарға дақылдар мен көкөністер екті. Нәтижесінде бірінші өнімнен – 7 854 тонна, екінші өнімнен 5 698 тонна өнім жиналды.
Ауданда мал шаруашылығы бағытында да өсім байқалады. Оның ішінде төрт түліктің саны артуда. Жыл басынан 7 734 тонна мал мен құс еті, 37 861 тонна сиыр сүті және 10 068 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Төрт түлікті көбейтіп табысын еселеп жүрген азаматтар бар. Сол кәсіпкерлермен аудан әкімі Нұрбек Бадырақов жүздесіп, мәселелерін тыңдады. Толығырақ тілші бейнематериялында.
Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов өңірдегі шаруа қожалықтарын аралады. Бүгінде кәсібінің нәсібін көріп жатқандардың бірі Ордабек шаруа қожалығы. Серіктестік жылқы бордақылаумен айналысады. Кәсіпкер бүгінде өнімін Алматы қаласына экспорттайды екен. Хаят Хасантаев жылқы етімен қатар қойды да бордақылауды жолға қоймақ. Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Нұрислам шаруа қожалығына да ат басын бұрды. Бұл серіктестік тауық өсіріп, оның етін сатумен ай айналысады. Мұнда 12000 бас тауық асырауға мүмкіндік бар. Өнімге сұраныста жоқ емес дейді кәсіпкер.
Яғни еліміз жарты жылда 4 мың тоннаға жуық қой етін экспорттаған. Басқа өңірлердегі шаруалар мүмкіндігіміз одан да көп, тек қолдау қажет екендігін айтқан еді. Өйткені малды бордақылау алаңдары жоқтың қасы. Ал Ордабасы ауданында 40 мың басқа арналған мал бордақылау кешені ашылып, мәселе шешімін таппақ.
Осыған дейін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданының ауыл шаруашылық саласындағы мүмкіндікті толықтай пайдалану керектігін айтқан болатын. Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы мүмкіндік пен әлеует толық қолданылмай отыр. Пайдаланылмай жатқан және заңсыз пайдаланудағы жер телімдерін қайтару жұмыстары баяу жүргізілуде. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында заманауи озық технологияларды енгізу жұмыстарын күшейту маңызды. Бұл жөніне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кезекті көшпелі мәжілісінде мәлімдеп, аудан әкімі мен жауапты басқармаларға жұмысты жандандыруды тапсырған болатын.
– Аудан экономикасының басты салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Оған климаттық жағдай қолайлы. Мегаполиске де, орталыққа да жақын орналасқан. Бірақ салада өзекті мәселелер бар. Ағын су жүйелерінің тозығы жеткен, механикалық тазалау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеген.
Аудан әкімі – ауыл шаруашылығы саласының маманы, бірақ бұл бағыттағы ауданның әлеуетін толық пайдалана алмай отыр. Былтыр ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 93 пайызды құрады. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын қолдау үшін, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында шаруаларды несиелендіру жоспарлануда. Бұл бағдарлама саланың дамуына жаңа серпін беруі тиіс. Ордабасы ауданында бағдарлама Шұбар, Бадам ауыл округтерінде іске асырылады. Аудан әкімі бұл бағытта үйлестіру, ал ауылдық округтердің әкімдері тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізсін. Бөлінген қаржыны мақсатты пайдаланып, тұрғындар табысын арттыру қажет, – деген Дархан Сатыбалды инфрақұрылымды жақсарту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, индустриалды аймақты дамыту жөнінде тапсырма берді. Білім, денсаулық сақтау, санитарлық тазалық, елді мекендерді абаттандыру саласындағы мәселелерді де шешуді тапсырды.
– Аудандағы ішкі жолдардың сапасы сын көтермейді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында бірқатар қордаланған мәселелер бар. Табиғи газбен, электрмен жабдықтау, ауыз су жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдау қажет. Құрылысы жүргізіліп жатқан газ нысандарының кемшіліктері қалпына келтірілмеген. Осы кемшіліктерді қысқа мерзімде жою үшін тиісті шаралар қабылдансын, – деді облыс әкімі.
Мәжілісте аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың атқарған жұмыстар жөнінде есебі тыңдалды. Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов аудандағы жұмыстарды зерделеу нәтижесі туралы баяндады. Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар негізгі көрсеткіштері былтыр орындалмаған. Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция 70,5 пайызға, тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция 17,5 пайызға орындалып, жылдық жоспарға қол жеткізілген жоқ. Құс етін өндіру бойынша жоспар 34 пайызға орындалған.
Өзіндік кірістердің үлесі төмендеген. Ауданда 792 салық салу нысандары мүліктерін 477 млн. теңгеге бағалап, небәрі 2 млн. теңге салық төлеген. Бірақ аталған нысандардың нарықтық бағалау құны 24,3 млрд. теңгені құрап отыр, яғни, 51 есе жоғары.
Осы және өзге де түйткілдер тарқатылған мәжілісте облыс әкімі аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берді. Тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауға алынды. Айта кетерлігі, биыл ортақ жайылымдық жерлер көлемі тапшы Қараспан ауыл округі бойынша жалпы көлемі 1 649,3 гектар ортақ жайылымдық жерлер бекітіліп берілген. Қосымша 3 206 гектар жайылымдық жерді аудандық қорға қайтарып, ортақ жайылымға бекіту жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Түркістан облысы Ордабасы ауданында ауылшаруашылығы саласындағы өнімнің табысы биыл 43 млрд. 175 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 млрд. 371 мың теңгеге артты. Оған қоса он ай ішінде ауданның ауылшаруашылығына 5 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған. Бұл өткен жылға қарағанда 1,6 есеге көп.
Егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында екі өнім алу жобасымен аудан бойынша 90 шаруашылық айналысуда. 83 шаруашылықтың 169 гектардан алған алғашқы өнімі 4031,2 тоннаны құраған. Диқандар 126,8 гектардан екінші рет өнім жинап, қамбаларын 1 658,9 тонна өніммен толықтырған.
Кең қолданысқа ие болған тамшылатып суару әдісі 628 гектар жерге енгізіліп, жоспар 104 % орындалды. Аудан халқын жеміс-жидекпен толық қамту мақсатында жалпы 319 гектар жерге көпжылдық қарқынды екпелер орналастырылған.
Ерекше кәсіпті игерген «BS-Agro Product» ЖШС-гі жаңа инновацияны қолдану арқылы 60 гектарға суғарусыз әдісімен «Сitrullus Lanatus (Мalali)» сұрыпты қарбыз көшетін отырғызып, бүгінгі таңға 6,6 тонна қарбыз дәнін жинап алды. Дәл осы тәсілмен егілген қарбыздың дәні шетелдік косметология саласында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Серіктестік жиналған өнімді Израиль мемлекетіне экспорттауды жоспарлауда.
Осы тұста Ордабасылық диқандар мемлекет тарапынан да барынша қолдау тауып келеді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 6 110 тонна жеңілдетілген бағада жанар май бөлінген. Сонымен қатар, топырақтың құнарлылығы мен ауыл шауашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін 4 200 тонна минералды тыңайтқыштар үлестірілген.
Ордабасы ауданы бойынша көкөніс пен астық сақтауға арналған жалпы сыйымдылығы 38 мың тоннадан астам 16 қойма бар. Жыл соңына дейін Бадам ауыл округінен қосымша заманауи қойманы іске қосу көзделуде.