ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БАЙҚАЛАДЫ

76 просмотров

Түркістан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан Мақтаарал ауданының жер көлемі аумағы 1,8 мың км құрайды. Аудан жеріндегі 67 елді мекен 2 кенттік және 8 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы — Мырзакент кенті. Халқының саны — 133 539 адам. Әр өңірдің өз климат жағдайларына байланысты даму қарқыны қалыптасқан. Мәселен Мақтаарал ауданы егіншілікке бейім аумақ. Әсіресе мақта шаруашылығы кең белең алған өңір саналады. Ал жалпылама айтар болсақ, оңтүстік өңірдің дерлік барлығы да ауылшаруашылыға қолайлы келеді. Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты – шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына «НИМЭКС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, «ЮТЕКС»-мақта тазарту зауыттары, «Ақ алтын», «Мақтаарал», «Мақташы», «Ынтымақ», «Мырзакент» ашық акционерлік қоғамдары, «Жұлдыз», «Жалын» шаруа қожалықтары, «Ақ май», «Жетісай май» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады.

Биыл жергілікті бюджеттің кірістері мен шығысының жоспары 15 млрд.  126 млн. теңгенің 15,1 млрд. теңгесі игеріліп, 99,8 пайызға орындалды. Аудандағы кіріс көлемі 2,6 млрд. теңге, субвенция 2,9 млрд. теңге, ал нысаналы трансферттер 9,6 млрд. теңгені (ағымдағы нысаналы трансферттер 4,8 млрд. теңге; нысаналы даму транферттері 4,8 млрд. теңге) құрады. Былтырғы жылы ЖІӨ (жалпы ішкі өнім)көлемі 116,5 млрд. теңге, жан басына шаққанда 903 млн теңгені құрады.

Мақтаарал ауданының негізгі экономикасын ауыл шаруашылығы құрайтыны белгілі. Өткен жылдың жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 80,9 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы 65,1 млрд. теңге, мал шаруашылығы 15,7 млрд. теңге, ауыл шаруашылық қызметі 52,1 млн. теңгені құрады. Нәтижесінде, нақты көлем индексі  103,9 пайызды құрады. Өткен жылы мақтааралдық диқандар 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 40,4 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Аудан бойынша      106,7 мың тонна ақ алтын жиналып, орташа өнімділік 26,5 центнерді құрады. Сонымен қатар, 19,2 мың тонна көкөніс, 398,3 мың тонна бақша өнімдері өндіріліп, шет мемлекеттерге 80% жуығы экспортталды. Одан бөлек, 16,7 мың тонна дәнді дақылдар жиналса, басқа да түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары өндірілді.

Егістік жерлердің құнарлығын арттыру үшін 40 мың гектар жер ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру (ИДЖЖ-2, ПУИИД-2) бағдарламасы аясында барлығы 220 канал, 208 су қашыртқылары ретке келтіріліп, 150 тік дренажды ұңғымалар жөнделеді. Қазіргі таңда, 229 каналда 271,1  шақырым топырақ жұмыстары,  274,6 шақырым темірбетонмен қаптау жұмыстары және 8,5 шақарым лоток орнату жұмыстары аяқталған. 35 дана тік дренажды ұңғымалар қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталып, 150 дана тік дренажды ұңғымалар бұрғылау жұмыстары бітіп, 123 бақылау  ұңғымалары салынған.

Жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өте өзекті болып отыр. Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр. Осы орайда, бұл бағытта да біршама жұмыстар атқарылды. Аудандағы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері. Түгендеу нәтижесінде анықталған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің жалпы ауданы 300,1 га құраған болатын. Алайда, қазіргі таңда түгендеу жұмыстары жүргізілгеннен соң, қайта игеруге(күріш егілген жерлер) кіріскен жер телімдерінің жалпы ауданы 23,9 га құрап отыр.

Бүгінгі күнге, 58 жер пайдаланушыларға тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы нақты игерілмеген жер телімдерінің жалпы ауданы 276,2 га құрайды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2021 жылдың 12 айында 12,4 млрд. теңгені құраса, 2022 жылдың 12 айында бұл көрсеткіш, яғни 16,0 млрд. теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 2021 жылдың 12 айында 12,9 млрд. теңгені құраса, 2022 жылдың 12 айында 13,7 млрд. теңгеге  жетті. Негізгі капиталға салынған инвестицияның  көлемі алдыңғы жылы  21,9 млрд. теңгені құраса, 2022 жылдың 12 айында 22,5 млрд теңгені құрап отыр, тиісті кезеңмен салыстырғанда 104 пайызға орындалып отыр. Шағын және микробизнес ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму бағытында маңызды рөл атқарады. Яғни, тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді. Өткен жылдың 12 айында аудан кәсіпкерлері жеңілдетілген пайызбен «Ырыс» шағын несие ұйымынан 205,4 млн. теңге, «Ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы тарапынан 90 млн. теңге, «Жетісай несие» шағын несие ұйымынан 270,2 млн. теңге, «Атамекен-Түркістан» МҚҰ-ы тарапынан 11 млн. теңге несие алған. Сонымен қатар, 1100-тен астам азаматтарға кеңес, 788-тен аса сервистік қызметтер көрсетілді. Заң қызметі бойынша 145 кәсіпкерге заңгерлік қолдау көрсетілді. Өткен жылы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 9,7 млрд. теңге және 23 мың шаршы метр тұрғын үй алаңдары іске қосылды.

Аудан бойынша өткен жылы жалпы 7 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 1 млрд. 240 млн. теңгеге жүргізілген. Оның ішінд  3 нысанның құрылысы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржыландыруда (Жалпы конкурстық құны 3 млрд. 351 млн. теңге). Бір нысан пайдалауға тапсырылды («Бірлік ауылдық округі, Пернебаев елді мекеніне жасалынған егжей-тегжейлі жоспар бойынша инфрақұрылым жүргізу (ауыз су)» нысанына Мердігер мекеме: «ConstructionGroup «SAMRUK» ЖШС. Конкурстық құны: 47,5 млн теңге). Аталған құрылыс нысаны 2022 жылы пайдалануға тапсырылды). Яғни олар:

  1. «Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентіндегі, спорт кешенінің құрылысы» нысанының конкурстық құны: 881 млн 383 мың теңге. Аталған құрылыс нысанына 2022 жылға «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы арқылы 512 млн теңге қаржы қаралып толығымен игерілген. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023 жылы желтоқсан айында толық аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
  2. «Мақтаарал ауданы, Еңбекші ауылдық округі, Т.Жайлыбаев елді мекенінен 200 орындық мәдениет үйі және кітапхана құрылысы» нысанының конкурстық құны: 429 млн 264 мың теңге. Аталған құрылыс нысанына 2022 жылға «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы арқылы 100 млн теңге қаржы қаралып толығымен игерілген. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023 жылы желтоқсан айында толық аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
  3. «Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Жалын елді мекенінен 200 орындық мәдениет үйі және кітапхана құрылысы» нысанының конкурстық құны: 357 млн 166 мың теңге. Аталған құрылыс нысанына 2022 жылға «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы арқылы 100 млн теңге қаржы қаралып толығымен игерілген. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023 жылы желтоқсан айында толық аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда
  4. «Достық ауылдық округі, Ж.Қалшораев елді мекенінен мәдениет үйі және кітапхана құрылысы» Жалпы сметалық құны 816 млн 116 мың теңге. Сараптаманың қорытындысы 30.09.2022 жылы №ЮЖГЭКС-0012/22 санымен алынған. Жобалаушы мекеме «МПК-Проект» ЖШС.
  5. «Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елді мекенінен мәдениет үйі және кітапхана құрылысы» Жалпы сметалық құны 858 млн 685 мың теңге. Сараптаманың қорытындысы 10.10.2022 жылы №ЮЖГЭКС-0014/22 санымен алынған. Жобалаушы мекеме «Диас-Проект» ЖШС.
  6. А.Калыбеков ауылдық округінің орталық мәдениет үйінің күрделі жөндеуі Жалпы сметалық құны 372 млн 436 мың теңге.
  7. Бірлік ауылдық округі, Алғабас ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуі Жалпы сметалық құны 323 млн 702 млн теңге.
  8. Күрделі жөндеуді қажет ететін 19 білім нысанын (16 мектеп, 2 лагерь, 1 УПК) күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Жалпы сметалық құны 126 млн 772 млн теңге.

Аудандағы жалпы 69 елді мекеннің 67 елді мекені, яғни 97,1% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған (халық саны бойынша – 99,6%), 2 елді мекені (Достық, Найман Бұхарбай) қамтылмаған. былтырғы жылдың қорытындысымен 49 елді мекенге 24 сағат, 18 елді мекеніне кестемен ауыз су берілуде. Өткен  жылы республикалық бюджеттен 3 нысанның (Атакент, Береке, Иіржар) құрылысына бюджеттен 113,9 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысандар 2023 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 35,2 млн. теңге бөлініп, 5 елді мекеннің (Азат, Дихан, Атамұра, Бахыт, Тұлпар) ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңажол және Азаттық елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. РБ және ОБ қаржы бөлдіруге ұсынылды. Жалпы сметалық құны 981,8 млн. тенге. Сонымен қатар, Атакент кентінің (2-бөлігі), Өркениет, Игілік, Арайлы және Ақжол елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында ЖСҚ әзірленуде. Қаржысы 29,5 млн.тг. Сараптама қорытындысы 2023 жылы алынады.

Аудандағы 69 (1 елді мекені шалғайда орналасқан) елді мекеннің  36 елді мекені табиғи газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 52,1%-ын құрайды. (халык саны бойынша 68,5%). Былтырғы жылға Жаңажол және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі елді мекендеріне дейінгі жеткізуші газ құбырының (қаржысы 1,9 млрд.тг.), «Мақтаарал»АГТС-ның құрылыстарына (қаржысы 1,3 млрд.тг.) және Иіржар а/о 9 елді мекенді (Дихан, Иіржар, Азат, Азамат, С.Рахимов, Мақтажан, Шапағат, Наурыз, Алаш — 1720 отбасы, 10658 халық) (қаржысы   1,4 млрд.тг.) газдандыру жұмыстарына бюджеттен 3,1 млрд. теңге қаралып, толық игерілді.  Нысан құрылыстары 2023 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 37,0 млн. теңге қаралып, Мырзакент кентіндегі Жоба 1, 2 көшелеріне және Пернебаев елді мекеніндегі 16 коммуналдық үйлерге газ жүйелерін салу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылға өтпелі. Жалпы құны 55,9 млн. теңге (ҚМЖ аяқтауға қажетті  18,9 млн. теңгесі 2023 жылға қаралған).

Мақтаарал ауданы бойынша 7 мектептің жылыту жүйелерін («Қ.Қайсенов», «Б.Соқпақбаев», «Үлгілі», «Мәдениет», Т.Бигельдинов, «Әл-Фараби,  Ж.Нұрлыбаев №49) табиғи газға қосу үшін «ҚазТрансГаз аймақ» ЖШС-дан техникалық шарт (Тех.условия) берілген. Аталған мектептердің қазандықтарын газға қосу үшін  жобалық-сметалық құжаттамалары (ЖСҚ) дайындалып, 2023 жылы газға қосу жоспарлануда.

Республикалық бюджеттен 379,8 млн. теңге қаржы қаралып, Ж.Нұрлыбаев және Жамбыл ауылдық округі елді мекендерінің (Ж.Нұрлыбаев — 179 абонент, Жамбыл — 348 абонент) жаңадан түскен көшелеріне электр желілерін жүргізу және КТП орнату жұмыстары жүргізілді. Жалпы құны 422,0 млн. теңге. Жамбыл а/о нысан құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ж.Нұрлыбаев а/о нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 36,3 млн. теңге қаралып, Мырзакент кентіндегі Жақаев көшесіне, Атакент кентіндегі Жібек жолы, Замана, Би көшелеріне және А.Қалыбеков а/о Жамбыл е/м Т.Жанысбайұлы көшесіне электр желілерін жүргізу және КТП орнату жұмыстары жүргізілді. Жалпы қаржысы 38,6 млн. теңге.

«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы аясында: 22,3 шқ – 10 кВ электр желісі, 27,2 шқ – 0,4 кВ электр желісі, 10 дана КТП ауыстырылды.

Мақтаарал ауданындағы жол саласы бойынша бірқатар өзгерістер орын алуды мәселен  аумағында жалпы ұзындығы 339,5 шқ автомобиль жолдары бар, оның ішінде республикалық маңызы бар – 86,5 шқ, облыстық маңызы бар – 190,4 шқ және аудандық маңызы бар 62,6 шқ. Ал, елді мекендегі ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 554,4 шқ. Былтырғы жылы түрлі бюджеттерден бөлінген қаржыларға сәйкес жалпы 53,4 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар жолдар (2 нысан 2,6 шқ) мен елді мекендердің ішкі көшелері орташа (56 көше (46 нысан) 46,5 шқ және ағымдағы жөндеуден (6 нысан 4,2 шқ) өткізілді.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 440 млн теңгеге ұзындығы 21,6 шақырымды құрайтын елді мекендердің 27 ішкі көшелеріне орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 22 көшенің жол негізі (основание) әзірленіп, 22 көшеге асфальтобетон жамылғысы төселді, 6,3 шқ құрайтын 5 нысан 2023 жылға өтпелі, қаржысы 88 млн теңге. Облыстық бюджеттен 74 млн теңгеге ұзындығы 4,2 шақырымды құрайтын 4 ішкі көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаржысы қаралды. Асфальт төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілетін болады. Қосымша қажетті қаржы 21,8 млн теңгені құрайды. Автомобиль жолдары саласын дамыту бойынша жергілікті бюджеттен (субвенция) құны 309,2 млн. теңгеге ұзындығы 20,7 шақырымды құрайтын елді мекендердің 25 ішкі көшелеріне орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстарына қаржы бөлінген. 25 көшенің барлығына асфальтобетон жамылғысы төселді. Қосымша қажетті қаржы 104,4 млн теңгені құрайды. Жергілікті бюджеттен 15 млн теңгеге ұзындығы 4,2 шақырымды құрайтын 6 ішкі көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстарына қаржы бөлінген. Қосымша қажетті қаржы 3,0 млн теңгені құрайды. Тас төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді.

Аудандық маңызы бар Шұғыла (1,98 шқ) және Жаңатұрмыс (0,6 шқ) елді мекендеріне кіреберіс автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына 68,8 млн. теңге қаржы қаралып 2,6 шқ жолға асфальтобетон жамылғысы толық төселді. Нысандар 2021 жылдан 2022 жылға өтпелі. Ал аудан аумағын абаттандыру шаралары бойынша айтар болсақ, ауданда 119 шқ құрайтын 114 көшеде 3792 дана көше жарық шамдары бар. Есепті кезеңде ұзындығы 1,6 шқ. құрайтын 2 көшеге (Мырзакент к. Достық және Тәжібаев көш.)  аяқжол салынды. Сондай ақ, аудан бойынша жергілікті бюджет есебінен 2022 жылы  7 шағын футбол алаңшаларының құрлысы жүргізілді. Олар: Нұрлыбаев а/о Ырысты е/м, Өнимкер е/м, Иіржар а/о Наурыз е/м,  Мақтажан е/м, Бірлік а/о Өркениет е/м, Достық а/о Бескетік е/м, А.Қалыбеков а/о Атамұра е/м-де.

Биыл ғылым білім саласы ерекше назарда болмақ. Осы тұста ауданда жалпы саны 56 мектеп бар. Оның ішінде 49-ы типтік ғимарат, 7-і ыңғайластырылған ғимарат. Мектептерде оқушы саны 28 028. Мектепке дейінгі ұйым саны  109 болса, онда барлығы 10 225 бала қамтылған. Сонымен қатар  1366 бала қосымша білім берумен қамтылса 21 581 бала мектепішілік үйірмелерге қамтылған.

Сонымен қатар аудан тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі оң өрлеу алып отыр. Биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 2022 жылы 4620 адам қамтылуы керек болса, жыл қорытындысымен бұл көрсеткіш 8172 адамға жетіп, жоспар 234%-ға орындалды. 251 азамат кәсіпкерлік негіздеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алған. Оның ішінде, қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарын оқығандар жоқ, 138 «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқығандар, 49 атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған отбасы мүшелері қатарынан. 251 тұрғын кәсіпкерлік негіздерінде оқып, оның ішінде 251 жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алған. Қоғамдық жұмыс орындарына 2042 адам жолданып, оның  1633 тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 369 адам жолданып, оның  331 тұрақты жұмысқа орналасты. Жастар практикасынан 655 адам өтіп, оның 46 тұрақты жұмысқа орналасты. Ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосатын салалардың бірі де бірегейі мәдениет саласы деп айтсақ болады. Аудандағы 2 спорт мектебі мен «Мақтаарал» футбол клубында спорттың 21 түрі дамытылып, 2000 астам спортшы қамтылған. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп, 6 мыңнан астам адам қамтылған.

Мақтаарал ауданынан жалпы спортшы-оқушыларымыз әртүрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша   90 алтын, 91 күміс, 122 қола медальдарға ие болды.

«Мақтаарал» футбол клубы жоғары лига командалары арасында Футболдан Қазақстан Республикасы бойынша 26 ойын өткізіп 31 ұпаймен  8 орынға қол жеткізді. Бүгінгі күнде, «Мақтаарал» ФК оқу жаттығу жиындарын өткізуде. Ауданда мәдениет саласын дамыту, жергілікті тұрғындардың мәдениет пен өнерге қызығушылығын арттыру мақсатында бекітілген іс-шараға сәйкес 512 мәдени  көпшілік ісшаралары өткізілді.  Аудандық мәдениет үйінің ұжымы 2022 жылы облыс көлемінде өткен бірнеше байқауларға қатысып, біршама жетістіктерге жеткен. Осы орайда айта өту керек аудан жастары жуықта ғана Түлкібас ауданында өткен «Жарамазан-жақсылықтың жаршысы» атты облыстық байқауда «Ақ алтын» квинтеті қатысып арнайы дипломмен марапатталды, Арыс қаласында өткен облыстық «Балдаурен-2022» ән байқауына Ануарова Назерке қатысып жүлделі 3-орынды иеленді,  Түркістан қаласында өткен «Бал таңдай» бишілер байқауына «Балауса» бишілер тобы қатысып арнайы дипломмен марапатталды, Төле би ауданында өткен облыстық  «Төлебидің ғажайып өрнектері» атты өнер фестивалінің «Қолөнер» байқауында Хожбанова Жанар 3-орынды иеленді, Төле би ауданында өткен облыстық  «Бал таңдай» эстрадалық ән байқауына Әбдіқадыр Елнұры қатысып арнай алғыс хатпен марапатталды, Шардара ауданында өткен «Халық әнім қазынам»  атты дәстүрлі байқауда Тағаев Жәнібек қатысып арнайы дипломмен марапатталды.

Дені сау ұрпақ кемел болашақтың жарқын қадамы. Жоғарыда аталған әрбір саланың өзіндік ойып алар орны бар. Мемлекет басшысы осы аталған әрбір салаға қатысты тиянақты әрі сапалы жұмыстар атқарылу керектігін жеткізген болатын. Сондай-ақ, аудандағы денсаулық саласына тоқталар болсақ. Жалпы 59 денсаулық сақтау нысандары болса, барлық орын саны 345, дәрігерлер саны 192, орта арнаулы білімді мамандар 845.Туылған бала саны 3210-ге жетті. Ана өлімі тіркелмеген.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.