Түркістан облысының әкімі өзекті мәселелері бар инфрақұрылым нысандары мен ғимараттардың жай-күйімен танысты. Облыс басшысы әрбір құрылысы кешіккен нысанның артында елдің мәселесі тұрғанын естен шығармауды жеткізді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданына жұмыс сапарымен барып, өзекті мәселелері бар инфрақұрылым нысандары мен ғимараттардың жай-күйімен танысты. Алдымен Шолаққорғандағы Созақ аудандық орталық ауруханасының ғимаратын көрді. Нысан 2009 жылы пайдалануға берілген. Кәріз және жылу жүйесіне 2021 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Сондай-ақ, аурухананы қосымша электр желісімен қамтамасыз ету қажет. Өңір басшысы жауаптыларға мәселені бақылауда ұстауды тапсырды. Жастарды ауыл аурухаларына жұмысқа тарту мәселесіне басымдық беру керектігін айтты. Одан кейін облыс әкімі АГТС бар магистральды газ құбырының құрылысымен танысты. Шолаққорған ауылдық округі мен Жеткіншек елді мекенін «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету мақсаты көзделген нысанның құрылысы 2018 жылы басталған. 2019 жылдан осы уақытқа дейін 3 615 974,0 мың теңге игерілген. Биыл АГТС қондырғыларын орнатып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын толық аяқтау үшін қаражат қажет. «Өңірде құрылысы бірнеше жылға созылып келе жатқан нысандар бар. Бұл мәселеге нүкте қоятын кез келді. Енді мұндай кемшілікке жол берілмеуі тиіс. Қаржысы бөлінсе, жер анықталса, мердігер жұмысты уақытында аяқтауы керек. Әрбір кешіккен құрылыстың артында елдің мәселесі тұрғанын естен шығармайық»,– деген Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді. Созақтағы АГТС бар магистральды газ құбырын толық аяқтауға қолдау көрсетіледі. Газ құбырының ұзындығы 200 мың метрден асады. Жалпы бүгінде Шолаққорған елді мекенінде 20 мыңға жуық халық тұрады.
Сонымен қатар биыл Түркістанда 100-ден астам көпқабатты тұрғын үй салынады. Түркістан облысында құрылыс қарқыны артқан. Жыл қорытындысымен 100-ден астам нысан пайдалануға тапсырылды.
Өткен жылы өңірде білім беру саласында 20,9 млрд. теңгеге 51 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның 22-і пайдалануға берілді. Ал, денсаулық сақтау саласында 2,8 млрд. теңгеге 20 нысан іске асып жатыр. Оның ішінде Шардарада 150 келушіге арналған емхана, Түркістан қаласында жедел жәрдем станциясы, Ордабасы ауданында 2 ФАП пайдалануға тапсырылды. Мәдениет саласы бойынша 14 нысанның құрылысына 2,2 млрд. теңге бөлінген. Нысандардың құрылысы 2023 жылы толық аяқталады деп күтіліп отыр. Спорт саласында 13,8 млрд. теңгеге 12 нысан бой көтеруде. Тұрғын үй құрылысына 35,9 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға өңірде 129 үй салынады. Облыс орталығы Түркістан қаласында жалпы аумағы 250 мың шаршы метрден асатын 100-ден астам көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүреді. Атап айтқанда, 9 қабатты 36 үй, 7 қабатты 40 үй және 5 қабатты 20 несиелік тұрғын үй салынады. Сонымен қатар «Жаңа қала» аймағында инвесторлар есебінен 14 көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмақ.
Сондай-ақ, биыл Түркістан облысында құрылысы жүргізіліп, бірақ іске қосылмай тұрған газ құбырлары мен газ таратушы станцияларын жөндеп, іске қосу, елді мекендерді «көгілдір отынмен» қамту мәселесі талқыланған мәжіліс өтті.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты мекеме басшылары мен аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Жұмысты сапасыз орындаған мердігерлердің мәселесін заң аясында қарау керектігін атап өтті. Жауапты басқармаларға осы саладағы қаржыны дұрыс жоспарлау, жобаларды қаржыландыруды жүйелеуді жүктеді.
Аудан, қалаларда халықпен кездесулерде ел инфрақұрылым, соның ішінде газ мәселесін жиі қозғайды. Кейбір жобалар қаржы бөлінсе де, сапасыз орындалған немесе соңына дейін жүзеге аспаған. Мәселені жасыру емес, шешу жолдарын қарастыру керек. Егер газ жүргізуге жауапты мердігер жұмысын келісімшартқа сәйкес атқармаса, заң органдарына ұсынылсын. Бұл түйткілді өзім тікелей бақылауыма аламын. Жұмыс уақтылы атқарылмаған соң қаржыландыру да қиынға соғады. Ондай мысалдар бар. Аймақты газдандыру мәселесін тұрақты бақылауда ұстап, жоспарға сай жұмыс жүргізген жөн. Газ кіргізу жұмыстарын мейілінше жылдамдату қажет. Әйтпесе, алдағы жылыту маусымына үлгермей қалуы мүмкін. Газды үйлерге кіргізу, құжаттарын реттеу да уақытты алады. Биыл жоспарланған жұмыстар жедел атқарылып, елді мекендерге газ берілсін. Жауапты басқарма, аудан, қала әкімдері жұмысты ширатыңыздар. Инфрақұрылым бойынша әрбір жобаны қатаң қадағалап, соңына дейін жеткізу қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің айтуынша, облыс табиғи газды 2018 жылға дейін «Газли-Шымкент» магистралды газ құбырынан тұтынған. 2018 жылдан бастап отандық «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан газ алуда.
2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 833 елді мекеннің 465-і табиғи газбен қамтылған, пайыздық көрсеткіші 55,8. Яғни, 1 млн. 538 мың тұрғын немесе тұрғындардың 76,8 пайызы табиғи газды қосу мүмкіндігіне қол жеткізген.
Өңірде 2023 жылы 101 нысанның құрылысына 17,6 млрд теңге бөлініп, оның ішінде 70 нысанның құрылысы биыл аяқталады. Қалған 31 нысан 2024 жылға өтпелі. Қалған қолдау таппаған нысандар 2024-2026 жылдарға республикалық бюджетті қалыптастыруға ұсынылған.
Мәжілісте Ордабасы, Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш, Келес, Сайрам аудандарындағы газ саласы бойынша өзекті мәселелері талқыланды. Оның 2018-2021 жылдары аралығында құрылысы аяқталып, газға қосылмаған нысандардың мәселелері де қаралды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өңірлік филиалы басшылығының деректері де тыңдалды.
Әрбір мәселе назарға алынып, тиісті жұмыс жүргізіледі. Жұмыстар нәтижесінде бір жылда облыстағы елді мекендердің газбен қамтылу көрсеткішін 62,7 %-ға, яғни, 465-тен 521-ге жеткізу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы – Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі өнеркәсіп орталығы. Өнеркәсіп кәсіпорындары облыстың оңтүстік бөлігінде шоғырланған. Онда полиметалл және темір, уран, фосфор және т.б. кен орындары орналасқан. Өнеркәсіптің ең дамыған салалары – өңдеу, тау-кен, мұнай және химия. Машина жасау саласы электр жабдықтары мен трансформаторларды өндіруге бағытталған. Түркістан облысы өнеркәсіпті дамыту үшін барлық алғышарттарға ие. Өңірде ресурстарға бағытталған өндірісті одан әрі дамытуды қамтамасыз ететін пайдалы қазбалардың едәуір қоры бар. Сонымен қатар өңір Өзбекстан нарығына тікелей қол жеткізе алады, бұл өңірдің сыртқы экономикалық қызметінің көрсеткіштеріне оң әсер етеді.
Түркістан облысында негізгі экономикалық салаларға қатысты аралық қорытындылар жасалды. Өңірде өнеркәсіптік өнімділік көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Биыл өңірде жалпы сомасы 12 млрд теңгеден асатын 26 инвестициялық жоба іске асырылды. Аймақтың дамуындағы ерекше маңызды факторды көптеген жұмыс орындарын құру деп атауға болады. Есептік кезеңде жобаларды іске қосудың нәтижесінде 936 адам жұмысқа орналастырылды.
Қазақстандағы барлық жылыжайлардың төрттен үш бөлігі осы Түркістан облысында орналасқані. Облыстың ауыл шаруашылығы қызметінен алынған өнім көлемі биыл 8 айда 477 млрд теңгеге жетіп, 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4%-ға асып түсті. Алқаптардан 3 миллионнан астам бақша, көкөніс дақылдары мен картоп жиналды. Сонымен қатар жемшөп дақылдарын жинау жоспары шамамен 1 млн тоннаға асып түсті.
Түркістан облысының құрылыс саласы да қарқынды өсім көрсетіп отыр. 2022 жылғы 1 қыркүйекте өңірде 500 мың ш м тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда үштен бірге артық. Құрылыс жұмыстарына жұмсалған қаржы 169 млрд теңгені құрады. 2022 жылдың соңына дейін Түркістан облысында жалпы алаңы 325 мың шаршы метрден асатын 85 үйді тапсыру жоспарлануда.
Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысының экономикасы 338 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Жеке инвесторлар қаражаты есебінен іске асырылып жатқан төрт жоба іске қосылды, соның арқасында 128 жұмыс орны ашылды. Бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске қосу көзделген. Жақын арада өңірде поливинилхлорид, цемент, мұнай өнімдері, мотор майын өндіруге маманданатын зауыттар пайда болады. Жалпы облыс аумағында 350-ден аса өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 2022 жылдың 10 айында өңдеу өнеркәсібі саласында 297,0 млрд теңгеге өнім өндіріп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 55,0 млрд.теңгеге артық өнім шығарған және бұл салада 22092 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Өткен жылы Қазақстан Президентінің Түркітілдес елдерді біріктіретін арнайы экономикалық аймақ құру жөніндегі өкімімен Түркістанда «TURAN» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылатын болады. Ол жұмыс істеп тұрған «TURKISTAN» АЭА аумағында орналасады және өңдеу өнеркәсібіне қатысты барлық қызмет түрлерін қамтиды. Бүгінгі таңда 2022-2026 жылдар аралығында «TURAN» АЭА аумағында іске асырылатын 71 инвестициялық жобаның тізбесі жолға қойылды. Аталмыш жобалардың жалпы құны – 1,9 трлн теңге. Оның ішінде 9 жоба жалпы құны 225,6 млрд теңгені құрайтын шетелдік капиталдың қатысуымен құрылатын болады. Жыл соңына дейін жалпы құны 29,9 млрд теңге болатын 25 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі уақытта жалпы құны 17,7 млрд теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба іске қосылды.
Бұдан басқа, облыста өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін құны 1,4 трлн теңге болатын ірі жобалар іске асырылып жатыр. АЭА-да халықаралық, өңірлік стандарттар және дауларды шешу кезінде британдық (төрелік) құқық қолданылатын болады. Қазақстанның «TURAN» АЭА құру туралы бастамасын 2022 жылғы қараша айында Самарқандағы Түркітілдес мемлекеттер ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен өткен саммитте барлық мүшелер қолдады. Негізгі мақсат – Түркістан қаласын жедел дамыту және оның инвестициялық әлеуетін арттыру. Жаңа АЭА ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді қамтитын өнеркәсіптік-өндірістік кластер құруды көздейді.
«TURAN» АЭА алаңы 4 гектарды құрайды және алты кіші аймақтан тұрады: тарихи орталық, әкімшілік-іскерлік орталық, Гринфилд (Орангай ауылы), браунфилд өнеркәсіптік бөлігі (Кентау қаласы) және халықаралық әуежайы бар Түркістан қаласының аумағы.
Биыл Түркістан облысында жалпы сомасы 12,7 млрд теңгеге 26 инвестициялық жоба іске қосылды, мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Өңірдің негізгі капиталына инвестиция тарту көрсеткіші 340 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға жоғары. Жалпы жылдық жоспар – 772,8 млрд теңге. Өңірде 2026 жылға дейін жалпы құны 1,1 трлн теңгені құрайтын 100-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың ішінде 10-ы – ірі жоба. Атап айтқанда, «Састобе» химия кешені ЖШС, «Созақ Фосфат» ЖШС, «Standart Petrolleum» ЖШС, «Ocean Energy Company» ЖШС, «Саутс-ойл» ЖШС (2 жоба), «Ecoculture Eurasia» ЖШС, «ARM wind» ЖШС, «Ecoinvest» ЖШС, «ПМУ Түркістан» ЖШС. Бұл өндірістерде 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Жаңа жобалар өңдеу өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы, электрмен жабдықтау, денсаулық сақтау салаларында жүзеге асырылатын болады. Биыл жалпы құны 45,1 млрд теңге болатын 44 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр, 1520 жұмыс орны ашылады. Түркістан облысында 9 индустриялық аймақ орналасқан. Жалпы ауданы 538 га құрайды. 6 индустриялық аймақта құны 34,169 млрд теңге болатын 44 жоба (Түркістан, Кентау, Созақ, ҚТИ-Бадам (Ордабасы ауданы), Мақтаарал, Қазығұрт) іске қосылды, 2500-ге жуық жұмыс орны ашылды.
Шардара, Түлкібас, Бәйдібек аудандарында инфрақұрылымдық жүйелермен толық қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінді. Бұл жұмыстар жақын арада қаралады. Кейбір аудандарда агроиндустриялық аймақтар құру жоспарлануда.
Сонымен қатар Түркістанда 2019 жылы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Оның аумағы 4 га және 6 бөліктен тұрады. Атап айтқанда, тарихи орталық, әкімшілік-іскерлік орталық, өндірістік аймақтар және әуежай аймағы. «TURKISTAN» АЭА-да жалпы сомасы 771,1 млрд теңгеге 91 жобаны іске асыру жөніндегі шартқа қол қойылды. Оның ішінде 74 жоба қала құрылысы бойынша іске асырылып жатыр. Жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар пайдалануға берілді, 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Барлық жобаларды іске асыру кезінде тағы 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Түркістан облысында жалпы аумағы 538 га құрайтын 9 индустриалды аймақ орналасқан. Оларда жалпы құны 42,5 млрд теңгені құрайтын 3023 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 60 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде, бүгінгі таңға құны 34,1 млрд теңгені құрайтын 2496 жұмыс орнымен 44 жоба іске қосылды.
Былтырғы жылы құны 4,1 млрд теңгені құрайтын және 246 жаңа жұмыс орнын құратын жобаларды іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңда іске асырылған жобалар:
- «Баянды құрылыс» ЖШС – 593 млн теңге., асфальт сұйығын және тауарлы бетон өндіру жобасы;
- «Оспан» ЖК – 100 млн.теңге, газобетон өндіру жобасы;
- «ZHANASSYL» ЖШС – 2 500 млн.теңге, мақта талшықтарын қайта өңдеу жобасы;
- «Асыл Бастау.KZ» – 200 млн теңге., бөтелкедегі ауыз-су өндіру жобасы.
Сонымен қатар іске асырылатын жобалар қатары:
- «МЖ Алихан» ЖШС – 200 млн теңге, темір бетон бұйымдарын өндіру жобасы;
- «СимТас» ЖШС – 600 млн теңге, керамзитті кірпіш өндіру жобасы.
Ауданда өңдеу өнеркәсібі саласында құны 11,2 млрд теңгені құрайтын 476 жаңа жұмыс орнын ашумен нақты 17 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұдан бөлек, «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының аумағында 2022 жылы 2 жоба жүзеге асырылды. «Almaty NS-Group» ЖШС күйдірілген кірпіш шығаратын зауыт (инвестиция құны 1,7 млрд теңге, 50 жұмыс орны. «Темір Бетон» ЖШС темір-бетон өндіру зауыты (инвестиция құны 1,2 млрд теңге, 30 жұмыс орны).
Осымен бірге Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 2022-2025 жылдар аралығында жалпы құны 236,5 млрд.теңгені құрайтын 2111 жаңа жұмыс орнымен 15 инвестициялық жоба іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда, «ZHANASSYL» ЖШС 2 500,0 млн теңгеге 100 жаңа жұмыс орны бар мақта талшығын өңдеу зауытын іске қосты.
Түркістан облысында биыл 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды. Барлық қаржыландыру көздерінен жыл соңына дейін 855 мың шаршы метр тұрғын үй (5 мың 935 пәтер) іске қосылады. Баспана «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында салынып жатыр.
Жыл басынан бері Қазақстанда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді. Жыл басынан бері 365,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жоспар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61,6 мың шаршы метрге, 122,2%-ға асыра орындалды. Жалпы Түркістан облысында 7 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 150 млрд теңгені құрады. 2025 жылға дейін өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 4,9 млн шаршы метр немесе 46 мың тұрғын үй, оның ішінде Кешенді жоспар шеңберінде мемлекеттік қаражат есебінен 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 23 мың пәтер жалға беріледі және кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.
Жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарын қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 78,1 млрд теңге бөлінбек. Сондай-ақ 64 мың жер учаскесі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Түркістан облысындағы тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша биыл 101 көппәтерлі тұрғын үйді жаңғыртуға 3,3 млрд теңге қарастырылған.
2025 жылға дейін 4,6 млрд теңгеге 240 көппәтерлі тұрғын үйді жаңғырту жоспарлануда. Жалпы 2021-2025 жылдар аралығында 7,9 млрд теңгеге 341 көппәтерлі тұрғын үй жөнделеді.
Облыста туризмді дамыту мақсатында бірқатар жобалар әзірленуде. Себебі Түркістан сан ғасырлық тарихы бар көненің символы. Сырттан келген туристер де бұл өңірдің бүгініне емес өткен тарихымен танысу мақсатында жыл сайын ағылып жатады. Туризм Түркістан облысы экономикасының басым салаларының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда облыста 1000-нан астам тарихи-мәдени және археологиялық нысан мен 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар. Туризм саласында жыл сайын облысқа келетін туристер саны артып келеді. Мәселен, соңғы 3 жылда туристер саны 25%-ға өсті. Қонақ үйлердің саны 131 бірлікті құрайды. Түркістан облысында туризмді дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Туризм саласын дамыту бойынша стратегиялық жоспар қажет. Нақты индикаторлар мен оларға қол жеткізу жолдары нақтылануы тиіс. Тек жүйелі жұмыс арқылы ғана туризм дамып, туристер саны көбейеді. Өңірде туристер санын арттыру бойынша жан-жақты зерттеулер, сараптамалар және жұмыстар жүргізілуде.
Түркістанның басты бренді – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Қажылардың саны артып келеді. Алайда, туризм аймаққа нақты табыс әкелуі үшін саяхатшылар облыста және Түркістанда кемінде 2-3 күн болатын жағдай жасау қажет. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. 2021 жылы Түркістандағы кесенеге 1,4 млн адам келді, ал орналастыру орындарында қызмет көрсетілетіндер саны 100 мыңға жуық адамды құрады. Инфрақұрылымды жақсарту, туристік аймақтарға жол салу, өңірдің ерекшелігіне сәйкес жаңа брендтерді қалыптастыру қажет.