ТҮРКІСТАН: «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІНІҢ КӨШІН СОЗАҚ АУДАНЫ ЖАЛҒАДЫ

95 просмотров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсету керек екені айтылған болатын. Мәдениеті өскен мемлекеттің және дамыған 30 елдің қатарына қосыламыз деген алдымызға қойған мақсатымыз бар, сондықтан мәдениет пен әдебиеттің рөлі зор.

Руханиятты жаңғырту – кең көлемде көтерілген мәселе. Онда кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне көңіл бөлінбей отырғаны сөз болды және оған қоса Мәдениет қызметкерлері еңбек ақысын көбейту тапсырмасы да берілген. Бұл Жолдау мәдениет пен руханиятқа үлкен қозғау салып, көптеген игі шараның бастамасы болғалы тұр.
Жолдаудың бір маңыздылығы – мәдениет саласы қызметкерлерінің басты жаңалығы. Мемлекет басшысы мәдениет салалының қызметкерлеріне көп ерекше көңіл бөлінбей отырғандығын айта отырып, алдымен кітапхана, музей, театр, мәдениет саласының қызметкерлері айлығын көтеру туралы шешім қабылдаған болатын. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі бағытында, төртінші тарауында мәдениет саласында жұмыс істейтін барлық азаматтарға мәдениет сала қызметкерлері, жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламасына ие болатындығы, еңбек ақыны көтеруге туралы айтқаны мәдениет саланысының қызметкерлерін ерекше қуантты.

Осы орайда облыс орталығы  Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Созақ ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жеткен болатын.

«Теріскей ән-күй еліміз, Түркістан – түндік төріміз» атты гала-концертке Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, ауданның жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар облыс тұрғындарын 5 жылдық мерекемен құттықтады. Шертпе күйдің шебері Сүгір Әліұлы туралы көрініспен бастау алған концерт А.Жұбанов атындағы Созақ балалар саз мектебі оркестрінің орындауындағы Сүгірдің «Бөзінгенді» күйімен жалғасты. Бұдан бөлек «SozaQ dance» би тобы, «Созақ» триосы, «Шабыт» би тобы мен Кенжебай Шал бастаған аудан өнерпаздары өнер көрсетті.
Ал «Bella Ciaao» скрипкашылар шоуы қала жұртшылығы мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, «Жайнай бер Созағым» әні мерекелік концертті қорытындылады.
Мәдени-рухани шараның алғашқы күндері Этноауылда «Ұлттық дәстүрлер – ұлт тәрбиесінің өзегі» атауымен салт-дәстүрге, атап айтқанда шілдехана, бесік той, келін түсіру, қамшы өру, жүн түту т.б. сынды көріністер көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар «Халқымыздың асыл мұрасы – ұлттық ойындар» атауымен қошқар көтеру, асық ату, ләңгі тебу, арқан тартк, гір тасын көтеру, қол күрес т.б. сынды ұлттық спорт түрлерінен білекті палуандар арасында сайыс өтті.
Әрі қарай «Өзіңсің менің саз әнім…» атты Созақ ауданының 95 жылдығына орай ауданнан шыққан жергілікті сазгерлердің әндерінен ән шашу және «Күміс көмей, жез таңдай »атты дәстүрлі әншілер шеруімен жалғасты.
«Ұлттық тағамдар – ұлт мақтанышы» атауымен ет, қарынбүрме, ұн, қуырдақ, үлпершек, өрме төстік, қымыз-қымыран, көмбе, бауырсақ және т.б. тағам түрлерінен жәрмеңке өтті. Сонымен қатар, «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атауымен қолөнер және қылқалам шеберлерінің жәрмеңке-көрмесі өтті. Ерекше қолөнер бұйымдарына қалаға саяхаттап келуші туристер таңданысын білдіріп жатты. Сонымен қатар мұнда «Туған жерге тағзым» атты ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын көрме де жасақталған.
Өңірдің рухани және мәдени әлеуетін арттыру мақсатындағы шараға «Өлкемізді өзгелер де танысын», «Гүлдене бер, түрлене бер, Түркілер төрі – Түркістан!» атты кітап көрмесі, «Тірлігі төрге, өндірісі өрге озған өлке» атты аудандық ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Айта кетейік, «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің келесі көшін Сауран ауданы жалғайтын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.