ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫНА 636,5 МЛН.ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

Биыл Бәйдібек ауданында  шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 мыңнан асып, қазіргі таңда 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Бәйдібек ауданы бойынша былтыр 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Аудандағы 51 елді мекеннің 43 елді мекені (84,3 пайызы) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Дәл осы бағытта  жұмыс жалғасады, және 16 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 4,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жыл соңына дейін 4 елді мекенде құрылыс жұмыстарын аяқтап, газға қосу көзделіп отыр. Осыған дейін  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданы тұрғындарымен кездесіп,  аудандағы мәселелер мен танысқан болатын. Сонымен қатар «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында 220 млн. теңге бөлініп, Жамбыл елді мекеніндегі 18 шақырымды құрайтын 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жамбыл-Шаян» және «Бірлік-Сарқырама-Шалдар» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысандар толық пайдалануға берілді. Боралдай және Жоғарғы Боралдай елді мекендерінде инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілген.

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында  жалпы ауданда 11 ауылдық округ, 51 елді мекен орналасқан және ауданның халық саны 48 936- ға жеткен. Өткен жылдың қорытындысымен аудан бюджетінің кіріс бөлігі нақты 16 млрд. 582,2 млн. теңгені құрап, жоспарлы түсімнен 52 млн.578,8 мың теңгеге (100,3%), 2023 жылдың 3 айында нақты 1,9 млрд. теңгені құрап, жоспарлы түсімнен 117,2 млн. теңгеге (106,5%) артығымен орындалды. Жергілікті бюджет түсімдері өткен жыл қорытындысымен нақты 1 млрд. 246,7 млн. теңгеге (102,2%), осы жылы 3 айда   0,5 млрд. теңгені (124,8 %) құрап, артығымен орындалды. Өткен жылы ауданда 55,8 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2022 жылы 47,1 млрд. теңге) 8,7  млрд. теңгеге, 2023 жылдың   3  айында ауданда 6 млрд. 447,6 млн. теңге болып өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2022 жылы 5 млрд.762,6 млн. теңге) 685,0  млн. теңгеге артып отыр (ауылшаруашылығы, құрылыс, сауда, өнеркәсіп). Аудандағы өнеркәсіп көлемі өткен жылы 21,6 млрд. (142,4%) теңге (жылдық жоспар 21,3 млрд. теңге), 3 айда 2 млрд 167,4 млн.(2022 ж. тиісті кезеңімен салыстырғанды 174,4%) теңгеге инвестиция тартылды  (жылдық жоспар 25,1 млрд. теңге, І тоқсан жоспары 2 млрд. 438 млн. теңге немесе 88,9%). Былтырғы жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35,6 млрд. теңге (жылдық тапсырма 31,1 млрд. теңге) болып, нақты көлем индексі 112,7%-ға орындалды. Биыл 2023 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4 млрд. 389,6 млн. теңге (жылдық тапсырма 39 195,1 млн. теңге)болып, нақты көлем индексі  101,8%-ға орындалды. 2022 жылы жалпы құны 565,3 млн. теңгеге 5 жоба іске асырылды (3 жаңбырлатып, тамшылатып суғару, 2 қымыз өндіру цехы).  Өткен жылы ауданда егістік жерді игеру жоспары 100 500 гектар болса, нақты 103 536 гектар (103%) игерілді. Ағымдағы жылы егістік жерді игеру жоспары 103 500 гектар болса, бүгінгі таңға толық игерілді(100%). 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын іске асыру бойынша жоспар толығымен орындалды. 2022 жылы жылдық жоспар  60,2 гектарға (жылдық жоспар 60 га) 100,2% орындалды (Жалпы 33 жоба іске асырылып, 60,2 гектар жерден бірінші өнімге  579,2 тонна , екінші өнімге 554,8 тонна  барлығы 1 134 тонна өнім алынды).

2023 жылы жылдық жоспар  66,4 гектар болса, бүгінгі таңда 66,4 гектарға(картоп, қияр, қырыққабат, қарбыз, қызанақ) тапсырма  толық 100 пайызға, жалпы 33 жоба іске асырылып отыр. Былтыр ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша 69 техника алынған болатын. Қазіргі таңда 35 техника алынып отыр. Сонымен қатар мал басын көбейту бойынша ауданда өсім байқалады.  Өткен жылы ет 101,1 % (5 804,4 тонна),  сүт  104,1 %  (34 843,3 тонна), жұмыртқа 102,4 % (11 491,7 мың дана) өндірілді. 2023 жылы 3 айда ет 102,2 % (2858,5 тонна),  сүт  102,6 %  (5 947,6 тонна), жұмыртқа 104,1 % (2 079,5 мың дана) өндірілді.

Өнеркәсіп өнім көлемі былтыр 1 млрд. 387,3 млн. теңгеге немесе 100,7% пайызға (жылдық жоспар 1 301,8 млн. теңге), ал 2023 жылы 3 айда 157,6 млн. (101,3%) теңгені құрады(жылдық жоспар  1 млрд. 549,7 млн. теңге). 2022 жылы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 011 бірлікті құрап, оның ішінде жұмыс жасайтын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 932-ге жетті (2021 жылғы кезеңмен салыстырғанда  112,4 % құрады). 2023 жылы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 535 бірлікті болса, оның ішінде жұмыс жасайтыны 5465-ке жетті (2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда  115,4 % құрады).

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасына қатысуға ауданнан жалпы саны 4 ауылдық округ тіркелді (Негізгі қатысушылар — Ақбастау, Алғабас, қосымша қатысушылар – Борлысай, Көктерек). Аталған несиені алуға 136 жеке тұлға ниет білдірсе, 20 жеке тұлғаның жоба құжаттары толық жинақталып, қаржы ұйымының комиссия отырысына ұсынылуда. Алғабас ауылдық округінен мал шаруашылығы бағытындағы «Арыстанды Агро» АШӨК (ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі) құрылды. Құрамында мүшелікке кіруге ниетті жалпы адам саны – 58 жеке тұлға болса, бүгінгі күнге дейін заңды тіркелгендер саны – 53.  «Ырыс» МҚҰ мамандарымен бірге несие алуға ниетті жеке тұлғалардың әлеуметтік жағдайы бағаланып, 12 жеке тұлғаның құжаты толық дайындалып комиссия отырысына қаралуға жолданып, 10-ы оң қорытынды алды. Одан бөлек 7 жеке тұлғаның жоба құжаттары толық жинақталып, қаржы ұйымының комиссия отырысына ұсынуға дайын. Ақбастау ауылдық округі бойынша мал бордақылау және сүт бағытындағы «Майлы- 7» АШӨК құрылды. Құрамында мүшелікке кіруге ниетті жалпы адам саны – 83 жеке тұлға болса, бүгінгі күнге дейін заңды тіркелгендер саны – 33. Сонымен қатар 83 жеке тұлғаның 16-сүт бағыты, 67–мал бордақылау бағытында несие алуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 13 жеке тұлғаның жоба құжаттары толық жинақталып (6-сүт бағыты, 7 – мал бордақылау), қаржы ұйымының комиссия отырысына ұсынуға дайын.

Биыл 2023 жылы жүзеге асырылатын жобалар саны 11-ге жетті. Оның ішінде агроөнеркәсіп бағытында – 6 жоба, қайта өңдеу мен кәсіпкерлік саласы – 2 жоба, туризм бойынша қызмет көрсету орындары — 3 жоба. Жалпы жобалар құны —  3 млрд. 743 млн.тг. Жаңадан ашылатын жұмыс орны саны – 99. Аудан аумағында ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жер көлемі 556 171 гектар. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында өткен жылы 20 отбасы нақтыланып, оларды сүйемелдеп өмірлік қиын жағдайдан шығару мақсатында әлеуметтік қолдау көрсететін топтың құрамы бекітіліп, мемлекет тарапынан және демеушілер есебінен 15 млн. 587 мың теңгенің көмегі көрсетілсе, 2 отбасыға (Шаян ауылының тұрғыны Г.Егенова, Боралдай ауылының тұрғыны А.Борықбаева) тұрғын үй берілді.  2023 жылы 14 отбасы нақтыланып, оларға азық-түлік және басқада тұрмыстық қажеттіліктерін 10-15 пайыз төмен бағада ұсыну үшін 20 жеке кәсіпкермен меморандум түзілді. Ағымдағы жылы демеушілер есебінен аз қамтамасыз етілген 4 отбасыға баспана берілді. 14 — азық түлік дүкені, 2 – дәріхана, 2 — монша, 2 – шаштараз (монша, шаштараз тегін қызмет көрсетеді) және осы отбасылардың коммуналдық қызмет ақыларын тұтыну құнынан 10-15 пайыз аудандық деңгейде ауыз суға жеңілдіктер қарастырылып, қосымша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалына, «Энергопоток» ЖШС арнайы хат жолданды.

Өткен  жылы атаулы әлеуметтік көмек 344 отбасыға 2119 адамға 95 млн. 164 мың теңге тағайындалған (Оның ішінде шартты атаулы әлеуметтік көмегі 312 отбасы (1929 адамға) 78274,1 мың тенге, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 32 отбасы (190 адамға) 16890,3 мың теңге).  2023 жылы І тоқсанында 284 отбасыға 1783 адамға  43 млн. 622 мың теңге тағайындалды (Оның ішінде шартты атаулы әлеуметтік көмегі 262 отбасы (1687 адамға) 39613,0 мың тенге, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 22 отбасы (96 адамға) 4009,0 мың теңге).

Сонымен қатар ауданда  Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға былтырғы жылы  80 азаматқа (98 млн. 16 мың теңге) мемлекеттік гранттар берілсе, ағымдағы жылы 80 азаматқа  грант тағайындау жоспарланып, 3 айда 20 азаматқа (27 млн. 600 мың теңге) мемлекеттік гранттар берілді. 2023 жылы алғашқы жұмыс орны – 6 адам (5 млн. 796 мың теңге), әлеуметтік жұмыс орындары – 175 азамат (10 млн. 710 мың теңге), жастар практикасы – 41 азамат (53 млн. 560 мың теңге), ақылы қоғамдық жұмыстарға – 570 азамат (75 млн. теңге), күміс жас – 36  (11 млн. 282 мың теңге).

Айта кетейік, өткен жылы 2 нысанның инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына  республикалық бюджеттен 636,5 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылып пайдалануға берілді. Қазіргі таңда, құрылыс саласы бойынша 10 нысанның құрылыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылыс монтаж жұмыстарын бастау үшін қаржыландыруға ұсынылған.  Аталған инфрақұрылым құрылыстары аяқталғанда кезектегі жалпы 1495 азамат үй іргелік жермен қамтамасыз етіледі. Ауданда елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстарына тоқталсақ биыл ауданға қарасты 17 елді мекен табиғи газбен қамтылды.  Қалған 7 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, жоғары тұрған бюджеттен қаржыландыруға 2 млрд. 200,8 млн. тенгеге бюджеттік өтінімдері ұсынылған. 8 елді мекенге (Қошқар ата, Тұрақты, Жұлдыз, Қаратас, Ақжар, Кеңсай, Жарықбас, Алмалы) жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысына жобалау сметалық құжаттамалары жергілікті бюджет есебінен әзірленуде. 4 елді мекен (Қызылжар, Нұра, Үсіктас, Байжансай) халық санының аз болуына байланысты табиғи газ құбырын тарту жұмыстары экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып саналады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей мал шаруашылығы саласы бойынша ауданда оң өзгерістер байқалады. Биыл агроөнеркәсіп саласына баса назар аударылып отыр. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы 1 триллион теңге көлемінде қаражат бөлуді тапсырған жауапты мамандарға. Оның айтуынша;

«Жалпы, «бармақ басты, көз қысты» дегенді мүлдем доғару қажет. Өзара ымыраласқан, астыртын шешім қабылдауға болмайды. Жекелеген шаруашылықтардың емес, ауыл тұрғындарының мүддесі бірінші орында тұруға тиіс. Ауыл жұртының көпшілігінде жер үлесі бар. Бірақ халық оның игілігін көре алмай отыр. Біз елімізді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан Үкімет жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыруға міндетті. Келесі жылы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі ауқымды жобаны бастаймыз. Оған 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл жоба 1 миллион ауыл тұрғынын қамтиды» деп тапсырған еді Мемлекет басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *