Бүгін Шолаққорған ауылы мен Таукент кентінде қос бірдей мұқтаж отбасына тұрғын үй кілті табысталды. Аудан орталығындағы Тәкен Әлімқұлов атындағы мектеп лицей интернаты мен Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектепті бітіргеніне 20 жыл болған түлектер Шолаққорған ауылының тұрғыны, көп балалы отбасына жаңа баспананы тарту етті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков игі іске ұйытқы болған түлектерге жылы лебізін арнап, баспана иесін қоныс тойымен құттықтады.
– Бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Маңайыңдағы адамдарға мейірімділік пен ізгілік таныту – адамгершіліктің белгісі. Қайырымды болу – адамның болмысына біткен ізгі амал. Еселі еңбектерімен елдің құрметіне, көптің ыстық ықыласына бөлене білген түлектерге шынайы алғысымды білдіремін-деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы игі іске ұйытқы болған түлектер мен ауданның білім саласының даумына айрықша үлес қосып, үлкен ағартушылық және тәрбие жұмысын жүйелі түрде жүргізе білген жетекшілерін арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
Тағылымды шараның куәсі болған аудан ардагерлері мен ел ағалары осындай игі шаралардың өрелі жас ұрпақтың бойына изгі қасиеттерді сіңіретінін айтып өтті. Аудан орталығынан берілген жаңа баспана асхана және үйге қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтылған. Су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Жер учаскесі 15 сотықты құрайды. Арнайы шарбақпен қоршалған. Қосалқы шаруашылықты дамытуға және бау -бақша өсіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Таукент кентіндегі І. Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінен түлеп ұшқан азаматтар мектепті бітіргендеріне 20 жыл толуына орай осы игі істі қолға алуды жөн көріп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырған. Жақсы іске жанашыр, ізгі ниетті, ақ тілеулі азаматтар көп балалы, жалғыз басты анаға көп қабатты тұрғын үйдің бірінен пәтер кілтін табыстап, қуанышқа бөледі.
Жаңа үйде жанға жайдың бәрі бар. Қажетті жабдықтарымен қоса алынған. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
Айта кетейік, игі шараны қолға алған азаматтар үй егелерін өздері нақтылаған. Баспана егелері ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтерлерді паналап келген. Бүгінгі күндегі қуаныштарын жасыра алмай, игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыстарын айтты.
Ауданда, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны — 26389, жұмыссыздар саны – 1325 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі — 5,0 пайызды құрайды. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлер саны- 19509 адам, өзін өзі жұмыспен қамтығандар — 5555 адамды құрайды. Өткен жылдың 12 айында 1182 отбасының 5319 адамына 431млн.096 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толығымен төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушы 3038 адамның ішінде еңбекке жарамды 889 адамы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. «Қамқорлық» кешенді бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайдағы 32 отбасы яғни 224 адамға 9249,0 мың. теңгенің көмегі көрсетілді. Сонымен қатар, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлтық жоба шеңберінде атқарылатын жұмыстарды салыстыратын болсақ біршама жоғарғы көрсеткішке қол жеткізілді. Өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін 4440 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамтыған болсақ, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 140% пайыз орындалған. Әлеуметтік жұмыс орындарына – 100 орын жоспарланып, 83 адам жолданды, Өткен жылмен салыстырғанда 109% орындалып отыр. Жастар практикасына – 160 орын жоспарланып, 268 адам қамтылды және өткен жылмен салыстырғанда 161% орындалып отыр. Қоғамдық жұмыстарға – 450 орын жоспарланып, 1383 адам қамтылды, өткен жылмен салыстырғанда 139% орындалып отыр. «Алғашқы жұмыс орындары» – 17 орын жоспарланып, 24 адам қамтылып, өткен жылмен салыстырғанда 218% орындалып отыр. «Күміс жас» жобасына – 15 орын жоспарланып, жоспар100% орындалды.
Сонымен қатар, мемлекеттік грантқа – 80 орын жоспарланып, 100 % орындалып, өткен жылмен салыстырғанда 114,2% орындалып отыр. «Бизнес бастау» жобасы аясында – 133 адам жоспарланған, жолданғаны 574 азамат, өткен жылмен салыстырғанда 317% орындалып отыр. Тұрақты жұмыс орындарына – 1200 орын жоспарланған, жолданғаны 1899 адам, орындалу пайызы 158,3% құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 124 пайызға орындалып отыр. Интеракциондық жеке бастама бойынша 871 жаңа жұмыс орындары ашылды. Өңірлік карта бойынша 130 жаңа жұмыс орындары ашылып, 92 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.