ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ 2 СУ ҚОЙМАСЫ БОЙ КӨТЕРМЕК

Биыл Түркістан облысындағы барлық су нысандары жөндеуден өтіп, кейбірі жаңартылады деп күтілуде. Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су нысандарын реттеу, жүйелеу, жөндеу жөнінде тапсырма берген болатын. Түркістан облысында бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір басшысы Дархан Сатыбалды мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, Түркістан өңіріндегі аймақтарда су тапшылығын шешу үшін бірнеше су нысанының құрылысы басталып, өткен жылы 2 нысан пайдалануға берілді. Олар:
1. «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы (Сыйымдылығы 18 млн.м3). Нәтижесінде, жылына қосымша 34 млн. текше метр ағын суды жеткізуге мүмкіндік берді.
2. Түркістан магистралды каналын 59 км бетондау арқылы 60 млн. текше метр су үнемделді.
Бұдан бөлек, «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Өңірде каналдарды тазалау, жөндеу жұмыстары тұрақты жалғасуда.

Сонымен, Түркістан облысында тағы екі су қоймасы салынады. Олар: «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары. Өңір әкімі Дархан Сатыбалды баяндады.

«Түркістан өңіріндегі аймақтарда су тапшылығын шешу үшін бірнеше су нысанының құрылысы басталып, былтыр 2 нысан пайдалануға берілді. «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салғанның арқасында жылына қосымша 34 млн текше метр ағын су жеткізуге мүмкіндік пайда болды. Ал Түркістан магистралды каналының 59 шақырымын бетондау арқылы 60 млн текше метр су үнемделді», — деді ол. Әкімнің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады. «Бұдан бөлек, «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Өңірде каналдарды тазалау, жөндеу жұмыстары тұрақты жалғасып жатыр», -деді Дархан Сатыбалды.


Түркістан облысында елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары күшейтіліп, жұмыс жоспары қатаң қадағалауға алынады. Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңір басшысы Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, бірінші кезекте ауыз су мәселесі толық шешілуі тиіс екенін айтты. Ауыз суға қатысты жобаларды жеделдетуді тапсырған.

Ауыз су мәселесін толық шешу – ең бірінші міндетіміз. Бұл бағыттағы жобалар сапалы, жұмыстар тиянақты болуы тиіс. Жер асты суын іздеу-барлау жұмыстарын жүргізіп, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, тиісті іс-шараларды жылдамдатқан жөн. Жол карталары мен жоспарлар тағы да нақтыланып, елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамту жұмысын 2025 жылы толық аяқтау межеленуі қажет. Елді мекендерді ауыз сумен қамту жоспары жан-жақты пысықталып, жүзеге асыру жолдары қарастырылсын. Осы салаға қажетті ұсыныстарды жүйелеп, қаржы бөлу мәселесін шешуді тапсырамын деді, — облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің айтуынша, 2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы 831 елді мекеннің 719-ы (7 қала, 712 ауылдық елді мекен) немесе 86,5% ауыз сумен қамтамасыз етілді. 2023 жылы 57 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен 13,3 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде 43 нысанның құрылысы биыл аяқталады, қалған 14 нысан 2024 жылы тапсырылмақ. Нәтижесінде су құбыры жоқ 17 елді мекен (Бәйдібек – 1, Сарыағаш – 6, Келес – 4, Қазығұрт –1, Ордабасы – 4, Отырар-1) ауыз сумен қамтамасыз етіледі, 11 елді мекеннің (Бәйдібек-2, Қазығұрт – 1, Төлеби – 4, Мақтаарал – 1, Ордабасы – 1, Түлкібас – 2) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. Сонымен қатар 16 нысанның жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды.

2015-2021 жылдары аралығында жергілікті атқарушы органдар тарапынан облыс бойынша жалпы 267 елді мекеннің жер асты су қоры бекітілген. Биыл 22 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстарын аяқтауға, 88 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстарын бастауға және 15 шекара бөлімшесінің іздеу-барлау жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 1,2 млрд. теңге бөлінген.

Сонымен қатар «Шардара» су қоймасы 84%-ға толды. Су айдынының бүгінгі жағдайымен танысқан еліміздің Су ресурстары комитетінің басшылығы әзірге қауіптің жоқ екенін мәлім етті. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов бастаған делегация еліміздегі су қоймаларынан келетін қауіптің жай-күйін мәлімдеді. 

Ал, жергілікті су шаруашылығы саласының мамандары Сырдария өзені арқылы көрші елдерден қоймаға шамадан тыс су келіп жатқанын айтып, алаңдаушылық білдіруде. Оның үстіне күн күрт жылынып, жауын жауған жағдайда судан келетін қауіптің артатынын айтып дабыл қақты. Мамандар артық суды жинайтын қосымша қашыртқының қажеттігін тағы айтты. Апаттың алдын алу үшін Арнасай су торабына кетіп жатқан судың көлемін арттыру ұсынылды. Бұл мәселелерді шешу – комитет құзырында.

– Бүгінгі күнде біздің баланстағы су қоймалардың барлығы көктемгі тасқын суын қабылдауға дайын. «Шардараның» өзінде 1 миллиард текше метрге жуық бос көлем бар. «Көксарайда» да 600 миллион текше метрден артық су жинайтындай бос көлеміміз бар. «Шардара» су қоймасынан төмен қарай су жіберіп жатырмыз. «Шардара» су қоймасынан бастап, әрі қарай төменге Қызылорда облысындағы су арналарының қандай жағдайда екенін зерттеп шықтық. Түркістан облысында ешқандай қауіп жоқ. Мұз жиналған, судың еркін жүруіне кедергі әзірге көзге түспеді. «Шардара» су қоймасы келген суды қабылдауға дайын. Бүгінгі күнде штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Келген суды дұрыстап қабылдап алып, ел игілігіне жұмсау – біздің басты бағытымыз. Қауіпсіздікті ойлау керек. Осындай көлемде 25 күндік суды қабылдап, емін-еркін әрі қарай жіберуге мүмкіншілігіміз бар. Келісімшарттарға сәйкес көрші елдермен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз, – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов.

«Шардара» су қоймасында 4 млрд. текше метрден астам су жиналған. Яғни, су қоймасы 84%-ға толған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. текше метрге артық. Су қоймасының жалпы сыйымдылығы – 5 млрд. 200 мың текше метр. «Көксарай» су реттегішіне 2022 жылмен салыстырғанда      1157 млн. текше метрден артық су жиналған. Сырдария өзені арқылы «Шардара» су қоймасына көрші елдерден орташа есеппен секундына 1389 текше метр су келіп, су қойманың төменгі ағысына 1111 м3/сек су шығарылуда.

– «Шардара» су қоймасының мәселесі өте өзекті. Ауа райы күрт өзгерейін деп тұр. Жауын-шашын болып, күн жылиды, қар ериді. «Шардара» су қоймасының жағдайын айтып келе жатқанымызға талай жыл болды. «Катастрофически сброс» деген болады. Келген тасқын суды алып кететін қашыртқы есебінде. Ол салынбаған.2 млн. халық тұратын Түркістан облысы мен Қызылорда облысына қауіп төніп тұр. 2019 жылы қанша комиссия құрылып, жобалар қарастырылды. Мәселеден шығу жолдары айтылды. Бірақ ол қаралып жатқан жоқ. Қазір басымыз қатып жатыр. Суды қайда жібереміз? Өзбекстанға тастаймыз ба? Арнасайға не Қызылордаға жібереміз ба? Қызылорда облысындағы өзенде мұз қатқан, ол да суды қазір қабылдай алмайды. Егер келетін су көлемі артса не болады? Мәселе сонда. Егер қашыртқы салынғанда, артық келген су сонда жиналатын еді. Суды өзіміз реттейтін едік, ешкімге зиян келмес еді. Сол мәселені айтып жатырмыз. Комитеттен басшылар келді, айттық. Министрмен кездесіп, осы мәселені қарастырамыз деді. Осы жолы шешілмесе, бұл табиғатқа қарсы тұратын ешкім жоқ. Біздің халықтың өмір бақи қорқатыны осы, осындай жағдайда үрейленіп отырады. Бұл масқараны тоқтатанын кез баяғыда жетті. Сол шешім табылар, деген үміттеміз. Барлық шаралар қолданылып жатыр. Алдын алу шаралары қаралып жатыр. Құдай апаттан сақтасын, – деді инженер-гидротехник Өмірбек Болысбеков.

Сырдария өзенінің бассейні Түркістан және Қызылорда облыстары үшін суарудың негізгі көзі, осы өзеннің суларымен 500 мың гектардан астам жер суарылады. Сырдария өзенінің бойында орналасқан «Шардара» су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілген. «Шардара» су қоймасында апаттық жағдай туындаса, су қойманың төменгі бөлігіндегі 34 мың халқы бар 22 елді мекенді су басу қаупі бар. Су шаруашылығы мамандары «Сырдария» өзенінің жоғарғы ағысында Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінде орналасқан су қоймалары электр энергиясын өндіру режиміне өтуіне байланысты, су қоймадан тасталған су мөлшері есебінен де көбейіп жатыр», деп дабыл қағуда.

Сонымен қатар «Казгидромет» РМК болжамына сәйкес, Түркістан облысы аумағында 31 қаңтар мен 03 ақпан аралығында қатты жауын-шашын болып, ауа температурасы +12 градусқа көтерілетіндігі көрсетілген. Бұл өз кезегінде облыс аумағының таулы жоталарынан бастау алатын Арыс, Келес, Бадам, Боралдай, Ақсу, Шаян өзендерінде судың деңгейі көтеріліп, Сырдария өзеніне құйылып, жағдайды күрделендіруі күтілуде. Ауа райының күрт жылуы Сырдария өзенінің жоғарғы ағысынан келген судың көбеюі, «Шардара» су қоймасының мерзімінен бұрын толуына әкеп соғу мүмкін. Бұл жағдай өз кезегінде көктемгі тасқын су апаттық жағдайының орын алу тәуекелділігін арттыруда.

Былтыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты ағын сумен қамтамасыз етуде жаңа технологияларды қолдануды тапсырған болатын.  Осы мақсатта Түркістан облысында бірқатар жобалар жүзеге асуда. Түркістан қаласының ішкі жүйелері мен жасыл аймақты, шаһар айналасына құрылған «Азық-түлік» белдеуін ағын сумен қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Облыс орталығында бірнеше жасанды көл салынып, есу каналының құрылысы жүргізілуде. Жалпы алғанда, 80 млн.м3 шамасында суды қажет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *