ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛПЫ САНЫ 200-ДЕН АСТАМ СҮТ ФЕРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

Биыл Түркістан облысында ірі қара шаруашылығы бойынша ауқымды инвестициялық жобалар легі жүзеге асады. Түркістан өңірлік инвестициялық штабының кезекті отырысында бірнеше жаңа жоба талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында кәсіпкерлер тарапынан инвестициялық жобалар ұсынылды. Оларды жүзеге асыру және мемлекеттік қолдау көрсету мәселесі талқыланды. «Бес Қара» ЖШС Сарыағаш ауданында 4 ірі жобаны жүзеге асыруға ниетті. Құс етін дайындау және сою бекеті жобасының құны – 700 млн теңге, сонымен қатар 25 адамды жұмыспен қамтиды. Жоба жүзеге асуда. Қазіргі таңда жаңа құрылғыларды сынақтан өткізіп жатыр. Ал ірі қара мал үшін бордақылау алаңын 2500 басқа кеңейту жобасы биыл күзде жүзеге аспақ. Жоба бойынша жер анықталып, құрылысы басталған.

Аталған инвестор мұнымен тоқтамай, 20 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңын да салмақ. Жоба құны – 500 млн теңге. Жоба 2024 жылға қарай жүзеге асады. Сонымен бірге «Бес Қара» ЖШС арнайы мал сою бекетін ашып, етті шетелге экспорттамақ. Сонымен, инвест штаб отырысында Өзбекстанның «GLOBAL TEXTILE» компаниясының басшылығының да ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Өңір басшысы жобаны жылдамырақ жүзеге асыру қажет екенін жеткізді. – Бізге әрбір инвестициялық жоба маңызды. Аудан, қала әкімдері, жауапты басқармалар бұл бағытта жұмысты тоқтатпауы керек. Бүгін ұсынылған жобаларға қолдау көрсетіледі. Бюрократиялық кедергілерге жол жоқ. Кәсіпорын ашатын арнайы орындарды табу, келісімшарттар жасауда барынша қолдау көрсетілуі тиіс. Тоқыма кластері бойынша жұмысты жылдамдатқан жөн. Ешқандай кедергі жоқ, мәселелер болса, талқылауға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.

Сонымен қатар биыл Мақтаарал ауданында «Global Textile Turkistan» ЖШС кеңсесінің ресми ашылуы жоспарлануда. Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданының фермерлерімен 15 гектарға «Наманган-77» шитін егу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген. Ал «Ет Агро Манкент» компаниясы Сайрам ауданынан 5000 басқа арналған бордақылау алаңын, етті терең өңдеу кешенін, сою бекетін салмақ. Жобаның құны – 6 000 млн теңге. 100 жұмыс орны ашылмақ. Жер, несие және газбен қамту мәселесі бар. Бұл мәселелер бақылауға алынды. Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Н.Мырзахметов Инвестициялық штабта берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді. Облыс әкімі осы салада міндетін дұрыс атқара алмай отырған бірнеше әкімге сын-ескертпе айтып, жұмысты ширатуды тапсырды. Инвестициялық штаб отырысында өңірдегі 9 индустриалды аймақтың жай-күйі сарапталып, мәселелері тыңдалды. Облыстағы арнайы экономикалық аймақты кеңейту және инфрақұрылым желісін жақсарту құрылысының жағдайы сарапталды. Сондай-ақ «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы сүйемелдеуіндегі жобалардың жағдайы мәлімделді. Осы салаларға жауапты басшылардың есептері тыңдалып, кемшіліктер екшелді. Кентау қаласының әкімі Ж.Тасовтың инвестициялық жобалар іске бойынша мәліметтері де талқыланды.

– Облыстағы индустриалды аймақтардың бәріне ревизия жасалып, мәселелері түгел зерделенсін. Бұл түйткілді шешу керек. Индустриалды аймақтарға жанашырлықпен және жауапкершілікпен қараған жөн. Әрбіріңіз әртүрлі сылтау айтасыздар. Инвесторларға жағдай жасап, кәсіпорындарды көбейту – ортақ міндет. Жаңа жобалар, ізденістер аз. Жұмысты ширатыңыздар. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша халыққа нақты көмек көрсетіп, сүйемелдеу керек, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басшылар мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берді. Инвестициялық штаб отырысында ұсынылған жобалар мен тапсырмалардың орындалуы бойынша әр аптада есеп беріліп тұрады. Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы облыс әкімінің тікелей қадағалауына алынған.

Осыған дейін Ордабасы ауданында алғаш рет тәулігіне 3 тонна ешкі сүтін өндіруге және 24 тонна сүт өңдеуге қауқарлы «Асыл тұқымды шаруашылық іске қосылған болатын. Ордабасы ешкі сүт өнімдері» кооперативі құрылды.  Аудан басшысы ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасы мол екенін айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Жұмыстың барысымен таныстырған серіктестік төрағасы Жеңіс Тоғызақбаев өндірістік кооперативтің іске қосылған бірінші кезеңінде сауын цехы мен сүт өңдеу зауытының және жем-шөп жинау ғимаратының құрылысы аяқталғанын мәлім етті. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапары барысында бұдан бөлек, «Байдаулет» өндірістік жылыжай кешенінде болды. Негізі 2014 жылы қаланған жылыжай қияр мен қызанақ өндіруге бағытталған. Дәл осы бағытта Жетісай ауданында тәулігіне 30 тонна сүт өндейтін цех өз жұмысын бастаған болатын. Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтбаев елді мекенінде сүт өнімдерін өндіретін «МЕДЕТ СҮТ» ЖШС өз жұмысын бастады. Аталмыш цех 1 тәулікте 30 тоннаға дейін сүтті өңдей алады. Қазіргі таңда күніне 3-5 тонна аралығында сүтті өңдеп одан ірімшік, қаймақ, айран, сияқты 20 түрлі өнім өндіруде. Кәсіпорын басшысы Ғалым Олжабаевтың айтуынша, алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, өнім түрін 25-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда сүт өнімдері ішкі нарықты толықтай қамтып отыр. Қазіргі таңда жалпы саны жиырмаға тарта жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Медет Сүт» ЖШС бүгінде өз қаржысымен ашылғанымен, алдағы уақытта өндірістік қуаттылығын арттыру үшін қосымша қаржыландыруды қажет етеді.

Оған қоса биыл Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынбақ.  Бүгінгі таңда жүн, сүт және ет өндірісінде Түркістан облысы елімізде көш бастап тұр. Ал өңірдің басым бағыттарының бірі  облыс орталығын азық-түлік өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз ету. Осыған орай облыс орталығы Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру туралы шешім қабылданған. Ондағы жобалардың бірі — мал бордақылау алаңы бар тауарлы — сүт фермасын құру жобасы. Гольштейн-фриз тұқымды 1200 мал басқа арналған жаңа ферманың басты мақсаты — тұрғындарды сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз ету. Ферманың құрылысы Кентау қаласы, Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында 46 гектар аумақта бастау алды. Бүгінгі күні жобаны іске асыру шеңберінде технологияны жеткізушісі анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Жобаның жүзеге асуы — сүт және сүт өнімдерінің сапасын арттырып, оның көлемін ұлғайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады деп жоспарлануда. «Түркістан» ӘКК» АҚ іске қосылған алғашқы кезеңінде, яғни 2019 жылы 1000 гектар алқапта мал азығы дақылдарын өсіру жобасын бастаған болатын. Бюджет қаражаты мен сол кезде тартылған инвестицияларды пайдаланып, 18 жаңбырлатып суару машиналары сатып алынып, орнатылған. Сондай-ақ егістік алқаптардағы жұмыстарға арналған 26 дана ауыл шаруашылығы техникасы бар машина-трактор стансасы құрылды. Жобаны іске асыру жоспарына сәйкес, жиналған өнім соғылып жатқан өндірістік сүт фермасын қажетті жем-шөп қорымен қамтитын болады.

Айта кетейік Түркістан облысында тауарлы сүт фермалары көбейіп келеді. Қазір бір ғана Сайрам ауданының өзінде осы бағытта 30-дан астам шаруашылық жұмыс істейді. Олар жылына 22 мың тонна сүт өндіреді. Одан бөлек ірімшік, құрт, май, айран, қаймақ сияқты, сүт өнімдерін шығарып, көрші облыстарға өткізеді. Сонымен қатар жақында ұнтақ сүт шығаратын кәсіпорын іске қосылмақ.  Манкент ауылдық округіне қарасты Аққала елді мекенінде орналасқан сүт фермасы 2016 жылы өз жұмысын бастаған. Қазір мұнда 146 бас сүтті сиыр бар. Оның 66-ы жергілікті тұқым болса, қалған 80-і шетелден әкелінген. Ферма басшысының айтуынша, жақында мұнда Түркиядан сиыр сауатын жаңа технология жеткізілген. Бір мезетте 8 сиыр сауылады. Кәсіпкер алдағы уақытта сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал басын көбейтуді жоспарлап отыр. Шухрат Әбдікәрімов, кәсіпкер:

– Жергілікті Әулиеата тұқымы күніне 18-20 литр сүт берсе, бұл сиырлар қазір 30-35 литр сүт береді. Тағы да 150 басқа келісімшартқа тұрып жатырмын Ақтөбеде. Олар асыл тұқымды зауыт. Солардан әлі бұзауламаған сиыр аламыз. Қазір мен асыл тұқымды бағытқа өтейін деп соған әрекет жасап жатырмын. Сүт фермасының тағы бір ерекшелігі — мұнда жаңа туған бұзаулар енесін мүлде ембейді. Бірден басқа орынға жайғастырылып, сүт қолдан беріледі. Еркек бұзаулар бордақыланса, аналықтары сүтті сиырлардың қатырын көбейтеді. Мамандар мұнда күніне 4 тоннадан астам сүт өндірілетінін айтады. «Сүт өнімін шығаратын зауыттар оның литрін 250 теңгеден сатып алып кетеді»,-дейді. Шухратулла Убайдуллаев, аудан әкімінің орынбасары: – Ауданда 8 сүтті қайта өңдеу кәсіпорындары бар. Ол жерде ірімшік, қаймақ сияқты өнімдер өндіріледі. Өнімдер Алматы, Жамбыл облыстарымен Шымкент қаласына және Солтүстік облыстарға жіберіліп, сол жақта сатылады. Сондай-ақ аудандағы Ақсу ауылында құрғақ сүт өнімі шығарыла бастады. Жақында кәсіпорын дайын өнімді мемлекеттік стандартқа өткізіп, сәйкестендіру сертификатын алған. Мұнда жылына құны 468 млн теңге болатын 900 тонна құрғақ сүт өнімі шығарылады. Зауыт алдағы уақытта дайын өнімді Өзбекстан мен Қырғызстанға экспорттауды жоспарлап отыр. Жалпы Түркістан облысында 200-ден астам сүт фермасы мен оны қайта өңдейтін 15 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар жылына өндірілетін 50 мың тонна сүттен 17 мың тонна түрлі сүт өнімдерін шығарады.

Бүгінде Түркістан облысында тауарлы сүт фермалары көбейіп келеді. Бір ғана Сайрам ауданының өзінде осы бағытта  30- дан астам шаруашылық жұмыс істейді. Олар жылына 22 мың тонна сүт өндіреді. Одан бөлек, ірімшік, құрт, май, айран, қаймақ сияқты сүт өнімдерін шығарып, көрші облыстарға жеткізеді. Сонымен қатар жақында ұнтақ сүт шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Манкент ауылдық округіне қарасты Аққала елді мекенінде орналасқан сүт фермасы 2016 жылы ашылған. Қазір мұнда 146 бас сүтті сиыр бар. Оның 66-сы жергілікті тұқым болса, қалған 80-ні шетелден әкелінген. Ферма басшысының айтуынша, жақында мұнда Түркиядан сиыр сауатын жаңа технология жеткізілген. Бір мезетте 8 сиыр сауылады. Кәсіпкер алдағы уақытта сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал басын көбейтуді жоспарлап отыр. Сүт фермасының тағы бір ерекшелігі – мұнда жаңа туған бұзаулар енесін мүлде ембейді. Бірден басқа орынға жайғастырылып, сүт қолдан беріледі. Еркек бұзаулар бордақыланса, аналықтары сүтті сиырлардың қатарын көбейтеді. Мамандар мұнда күніне 4 тоннадан астам сүт өндірілетінін айтады. «Сүт өнімін шығаратын зауыттар оның литрін 250 теңгеден сатып алып кетеді», – дейді. Сондай-ақ аудандағы Ақсу ауылында құрғақ сүт өнімі шығарыла бастады. Жақында кәсіпорын дайын өнімді мемлекеттік стандартқа өткізіп, сәйкестендіру сертификатын алған. Мұнда жылына құны 468 млн теңге болатын 900 тонна құрғақ сүт өнімі шығарылады. Зауыт алдағы уақытта дайын өнімді Өзбекстан мен Қырғызстанға экспорттауды жоспарлап отыр.

Жалпы Түркістан облысындағы сүт фермаларының саны бүгінгі таңда  200-ден астам ал қайта өңдейтін 15 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар жылына өндірілетін 50 мың тонна сүттен 17 мың тонна түрлі сүт өнімдерін шығарады. Айта кетейік, Ұлттық палата сүт саласын дамытудың 15 жылға арналған бағдарламасын әзірлеуге дайын. Қазақстанда 30 жыл бойы сүт саласын дамытуға арналған бағдарламалар ішкі нарықты 100% қамтуға кепіл берген. Алайда іс жүзінде әлі күнге дейін импортқа тәуелдіміз. Мәселен, өткен жылы 400 млн долларға дейін сүт өнімі сырттан келді. Ұлттық палата сарапшылары жағдайды түбегейлі өзгертуге болады деп отыр. Ол үшін ұзақ мерзімге жоспарланған, үкіметтегі ауыс-түйіске, сыртқы факторға тәуелді болмайтын бағдарлама әзірлеуге де дайын және кәсіпкерлерден ұсыныс күтеді. Сүт саласының қазіргі жағдайы және қандай бағдарлама болатынын ҰКП Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев айтып берді.

Деректерге сәйкес Қазақстан  сүт өнімдерін көп тұтынатын елдің бірі. Сүт саласы – ауыл шаруашылығын дамыту драйверлерінің бірегейі. Бұл салаға келетін кәсіпкер үздіксіз процесс пен дамуға дайын болуы керек. «Елімізде сүт саласының ауыл шаруашылығы экономикасындағы үлесі зор. Жыл сайын сүт саласы 500 млрд теңгеге жуық өнім өндіреді. Әрине, бұл – экономикаға қомақты үлес. Ауыл шаруашылығы – ауылда жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін сүт-тауар фермалары. Оның үстіне бұл фермерлер үздіксіз дамып, саласын жаңартып отырады. Жерді ең көп пайдаланатын шаруалар. Ал, «Атамекен» қабырғасында біз оларды «нағыз патриоттар» дейміз. Өйткені сүтпен айналысу өте қиын. Жылына 365 күн үздіксіз процесс. Сүт саласындағы танымал кәсіпкер Иван Адамович Сауэр кім сүтпен айналысқысы келсе, алдымен тік тұрып, ұйықтап үйрену керек деген болатын. Жұмысшылардың біліктілік деңгейі, техникалық қамтамасыз ету деңгейі – бәрі жоғары деңгейде болуы керек. Жаңа технологияларды енгізу қажет. Бір орында тұрмайтын процесс. Малдың жем-шөбінің сапасы, есеп-қисапты реттеу деген өндіріске аса жауапкершілікпен қарауды қажет ететін жұмыс. Сондықтан бұл жұмысты кез келген адам дөңгелетіп әкете алмайды. Осынша қиындыққа дайын болу керек», – деп баяндады Ербол Есенеев сүт саласындағы фермерлердің жұмысы жайлы. Сүт саласына инвестор болғысы келетін кәсіпкерлер кемде-кем. Себебі құйған қаржысының қарымын он жылдан кейін көруі мүмкін. Ал, көптеген кәсіпкер мұндай тәуекелге бара бермейді.

«Өкінішке қарай, айтарлықтай өсім бар деп айта алмаймыз. Елдегі белгілі бір өніммен салыстырғанда өзімізді жақсы деңгейде қамтамасыз етіп отырмыз деуге болатын шығар. Бірақ біз әлі күнге дейін импортқа тәуелдіміз. Мәселен, өткен жылы 400 млн долларға дейін сүт өнімін сырттан алып келдік. Мұны өзіміз де дайындай алатын едік. Себебі сұраныс жоғары. Алайда қазір жағдай осындай. Сондай-ақ, нарықта контрафактілер көп. Оның үстіне бұл салаға ақша құйғысы келетін инвесторлар аз. Себебі бұл сала – құйған қаржысын он жылдан кейін игере алатын бизнес. Яғни, қаржыны ұзақ жылдар үшін жұмсауға дайын инвесторлар көп емес», – деді Ұлттық палата сарапшысы.

Ал сүт саласы қай секторда: жоғары, орта немесе жеке шаруашылық саланың дамуында драйвер болуы мүмкін. Елімізде мал өсіретін және сүтті өңдейтін кәсіпкерлер аздық етеді. Маман көрші мемлекеттің алға кеткенін баяндап, мәселенің мәнін түсіндірді. «Жалпы, біздің нарықта 800-ге жуық шаруа қожалығы жұмыс істейді. Оларда жалпы саны 100-140 мыңға жуық ірі қара бар. Олардың жартысы тұқымды малдың есебінен деуге болады. Өкінішке қарай, мұндай масштаб аздық етеді. Экономикаға салсақ, басқаша болуы керек. Тиімділік 300 және одан жоғары мөлшерден басталады. Мысалға, Ресейді қарайық, олар ілгері кетті. Ресейде мал саны 1,2 мыңнан аз болса, сүт фермаларын пайдалануға бермейді. Ал бізде мыңнан аса малы бар 45-ке жуық шаруашылық бар. Бұлар енді біздің лидер кәсіпкерлеріміз. Дегенмен перспектива бар. Жаңа технология, мемлекет тарапынан ұзақмерзімді бағдарламалар, қомақты қаржы және ең бастысы, мемлекет тарапынан дұрыс саясат керек. Біздің елде жоспар жыл сайын өзгеретінін білесіздер. Ал, бұл салаға инвестор болғысы келетіндер қызметін 10-15 жылға жоспарлауы керек. Ол үшін мемлекет тарапынан да ұзақ мерзімге жоспарланған қолдау керек», – деп қосты Ербол Есенеев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *