ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ ІРІ ҚАРА БАСЫ 8 МЛН-НАН АСТЫ

Бүгінде Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында түйе өсіру шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Аудан шаруалары ерекше шаруа түрі түйе өсіруді қолға алып, қазіргі таңда жандандыруда. Солардың бірі Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Ақ үй елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Е.Алтаев. Жеке кәсіпкер алғашында 2 түйеден шаруа бастап, бүгінде түйе санын 25-ке жеткізіп отыр. Сонымен қатар, бастаған шаруаны отбасылық кәсіпке айналдырып, жұбайы түйе сауып кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Бүгінде түйе сауып тәулігіне 20 литрден аса қымыран алып отыр. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады.
Сонымен қатар биыл Түркістан облысында мал шаруашылығын дамытудың сапалық көрсеткіштері өсуде. Яғни 1 маусымдағы жағдай бойынша мал шаруашылығында 181,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 102,8 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығы жануарларының саны 8 миллионнан асып, былтырмен салыстырғанда орташа есеппен 4 пайызға артқаны байқалады.  Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында мал шаруашылығын субсидиялау тетігін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бақылаушы органдардың ескертулері назарға алынып, субсидиялау қағидаларынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар нормалар алынып тасталды. Сонымен қатар ветеринария жүйесін реформалау жұмыстары жүргізілуде. Облыста етті экспорттау қарқынды дамуда. Өткен жылдың қорытындысымен 15,7 мың тонна ірі қара мал еті, 8 мың тонна қой еті экспортталды. Биыл бұл көрсеткіштер ірі қара мал еті бойынша 5 мың тоннаға, қой еті бойынша 2,6 мың тоннаға жетті.  Жалпы, облыста мал шаруашылығы көрсеткіштері оңды динамиканы көрсеткенімен, жайылым жерлердің тапшылығы орын алып отыр. Жайылым тапшылығын жою үшін ортақ жайылым көлемін биыл 1 млн. 15 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. Оның ішінде, жыл қорытындысымен 333 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылады. Қалған 682 мың гектарды қайтаруға елді мекендердегі жайылым жүктемесін төмендету арқылу қол жеткізу жоспарлануда. Есепті кезеңде 102 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жыл қорытындысымен жоспар толығымен орындалады. Сонымен қатар мал шаруашылығын дамыту аясында жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені төмендету мақсатында басымдық мал бордақылау алаңдары мен сүт-тауарлы фермаларын ашуға берілуде. Бұл бағыттарда биыл бірқатар ірі инвестициялық жобалар іске асырылады. Атап айтқанда, мал бордақылау алаңдарының саны артады. Биыл 8 млрд. теңгеге сыйымдылығы 37 мың 350 басты құрайтын 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Сондай-ақ 13 млрд. теңгеге 2 мың 380 басқа арналған сүт-тауарлы фермалары салынып, 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген.  Қазіргі мемлекеттік қолдау шаралары мал шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын сақтауға мүмкіндік берді. «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында мал бордақылау бағыты бойынша 695 млн. теңгеге 157 жоба, сүт-тауарлы фермалары бағыты бойынша 788 млн. теңгеге 170 жоба мақұлданды. Бұл бағыттағы мәселелер тұрақты бақылауда.
Жалпы, облыста мал шаруашылығы көрсеткіштері оң динамиканы көрсеткенімен, жайылым жерлердің тапшылығы бар. Тапшылықты жою үшін ортақ жайылым көлемін биыл 1 млн 15 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. Оның ішінде, жыл қорытындысымен 333 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылады. Қалған 682 мың гектарды қайтаруға елді мекендердегі жайылым жүктемесін төмендету арқылу қол жеткізу жоспарланып отыр. Есепті кезеңде 102 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жыл қорытындысымен жоспар толығымен орындалады.

Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамыту аясында жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені төмендету мақсатында басымдық мал бордақылау алаңдары мен сүт-тауарлы фермаларын ашуға беріледі. Бұл бағыттарда биыл бірқатар ірі инвестициялық жоба іске асырылады. Атап айтқанда, мал бордақылау алаңдарының саны артады. Биыл 8 млрд теңгеге 37 мың 350 мал сыятын 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда. Сондай-ақ, 13 млрд теңгеге 2 мың 380 малға арналған сүт-тауарлы фермалары салынып, 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген. Қазіргі мемлекеттік қолдау шаралары мал шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын сақтауға мүмкіндік береді. «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында мал бордақылау бағыты бойынша 695 млн теңгеге 157 жоба, сүт-тауарлы фермалары бағыты бойынша 788 млн теңгеге 170 жоба мақұлданды. Бұл бағыттағы мәселелер тұрақты бақылауда.

Облыс бойынша 2023 жылы  мал шаруашылығының үлесі жалпы ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымында 84,6% немесе 100169,4 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-наурызынан 1,2% жоғары. Мал шаруашылығының дамуы тікелей малдың басының санына байланысты. Мал шаруашылығы саласында облыс бойынша мал мен  құс  басының  және де мал шаруашылығының өнімі өсуі (ет және тауық жұмыртқасы өндірісінен басқа) байқалады. 2023 жылдың 1 сәуірді өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық  санаттарында ірі қара малдың саны 4,4% артып және 1287,8 мың басты құрады, қой мен ешкілер — тиісінше – 3,9% және 5603,1 мың, жылқы – 9,7% және 432,1 мың, түйе – 4,9% және 39,1 мың басты және құс саны – 2,8% және 2220,1 мың басты құрады. Ал, шошқа саны 49,6% азайды және 2,5 мың  басты құрады. Облыста сиыр сүтінің өндірісі шаруашылықтың барлық санаттарында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,4% артып және 160,8 мың тоннаны құрады, ал  ет өндірісі (тірідей салмақта) 0,7% кеміп және 55,8 мың тоннаны құрады және тауық жұмыртқасының өндірісі — тиісінше – 1,6% және 57,7 млн. дананы құрады. Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі жұртшылық шаруашылықтарында тұрақты дамуда. Олардың үлесіне өндірілген еттің  88,2%, сүттің – 92,2%, жұмыртқаның  – 46,7% тиесілі.

Мемлекет жыл сайын агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 350 миллиард теңгеден астам субсидия бөледі. Соған қарамастан, терең өңдеу өндірісі дамып жатқан жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. «Жалпы, «Бармақ басты, көз қысты» дегенді мүлдем доғару қажет. Өзара ымыраласқан, астыртын шешім қабылдауға болмайды. Жекелеген шаруашылықтардың емес, ауыл тұрғындарының мүддесі бірінші орында тұруға тиіс. Ауыл жұртының көпшілігінде жер үлесі бар. Бірақ халық оның игілігін көре алмай отыр», — деді Президент. Бүгінде азық-түлік қауіпсіздігі бүкіл әлем бойынша басты мәселеге айналды. Бұл ретте елде биыл астық мол шықты. Бірақ егіннің орташа шығымы әлі де төмен. Мемлекет басшысы осы орайда  заманауи технологияны қолданудың маңыздылығын атап өтті.

«Шаруаларды осыған ынталандыру керек. Сондай-ақ, тыңайтқыштың қолжетімді болуын қамтамасыз еткен жөн. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу ісін жақсартуға баса назар аудару қажет. Мемлекет жыл сайын агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 350 миллиард теңгеден астам субсидия бөледі. Соған қарамастан, терең өңдеу өндірісі дамып жатқан жоқ», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасындағы жоспарлар орындалмай жатыр. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге қатысты 65 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Іс жүзінде оның 31-і ғана іске қосылды. Сол сияқты 7 құс фабрикасының орнына 3 фабрика салынды. Балық өндіретін 11 жобаның жетеуі ғана пайдалануға берілді.

«Біз елімізді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан Үкімет жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыруға міндетті. Келесі жылы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі ауқымды жобаны бастаймыз. Оған 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл жоба 1 миллион ауыл тұрғынын қамтиды», — деді Тоқаев.

Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, мал шаруашылығының дамуы тікелей малдың басының санына байланысты. Мал шаруашылығы саласында облыс бойынша мал мен құс басының және де мал шаруашылығының өнімі өсуі байқалады. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бағасы өткен жылдармен салыстырғанда осы жылдың бірінші тоқсанында 13,3%-ға өскен. Жұмыртқаның бағасы 33,9%-ға артқан. 2023 жылдың наурызында он дана жұмыртқаға орташа баға 572 теңгені құрады. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП талдау қызметі хабарлады. Статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің баға индексі өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2023 жылдың бірінші тоқсанында 6,9%-ды құрады.

Атырау облысы 17,1%, Қарағанды облысы 14,0%, сондай-ақ Ұлытау облысы 12,6%-бен өнім қымбаттаған өңірлердің үштігін бастап тұр. Ал өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілердің баға белгілеуі 4,7%-ға артқан. Бұл салада анағұрлым қымбаттағаны гүлдер болды – 49,9%. Гүлдердің көшеті орташа есеппен 2023 жылдың 1 наурызында 387 теңгеге бағаланған. Сондай-ақ, жаңа піскен көкөністер бағасының 10,5%-ға өсуі байқалады. Жылыжайда өскен қияр бағасы 18,9%-ға – келісіне 1 110 теңгеге дейін, қызанақ 10,6%-ға –  келісіне  1 120 теңгеге дейін және пияз 10,6%-ға –  келісіне 253 теңгеге дейін қымбаттаған. Сонымен қатар, шикі сүттің де бағасы 24,6 пайызға өскен. Шикі сүт түрлері арасында қатты қымбаттағаны сиыр сүті болды 25,7%-ға артып, литріне 367 теңгеге дейін жетті.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржігіт Мырзахметовтың айтуынша, тұжырымдамаға сәйкес, АӨК негізгі капиталы мен тамақ өндірісіне тартылған жеке инвестициялар көлемін 6 есеге арттыру межеленген. Яғни, 84,9 млрд. теңгеден 481,1 млрд. теңгеге дейін көбейтілмек. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемін 1,03 трлн. теңгеден 2,12 трлн. теңгеге дейін көбейту жоспарланып отыр. Ал АӨК қайта өңделген өнімдерінің экспорты 136,9 млн. АҚШ долларынан 310,5 млн. АҚШ долларына жетеді деген жоспар бар.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру арқылы егіс көлемі 869,8 мың гектарға жеткізіледі  859,9 мың га, мақта дақылы 46,3 мың гектарға қысқартылып, дәнді дақылдар, көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдардың көлемі ұлғаяды. Жылыжайлар көлемі 1569 гектардан 2118,6 гектарға ұлғаяды (+ 550 гектар), қарқынды баудың көлемі 4740 гектардан 8520 гектарға жеткізіледі (+3780 гектар). Мақта талшығын терең қайта өңдеу көлемін 17,0 мың тоннадан, 66 мың тоннаға арттыру жұмысы жүреді. 5 жылда 12 тоқыма тігін фабрикасын ашу, мақта шаруашылықтарын 2027 жылдан бастап жергілікті элиталық тұқымдармен 100 % қамтамасыз ету жоспарланған. 5 жылда жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу үлесін 0,23 %-дан 10 %-ға, ет өнімдерін өңдеу үлесін 12,3 %-дан 34,0 %-ға, сүт өнімдерін өңдеу үлесін 13,6 %-дан 31 %-ға ұлғайту көзделген.

Оған қоса биыл аудан, қала әкімдіктерінен алдын ала 2023-2027 жылдарға жалпы құны 320 млрд. теңгені құрайтын 109 жоба инвестициялық жоба тізімі анықталды. Оның ішінде биыл құны 29,4 млрд. теңгені құрайтын 36 жоба енгізілген. Сондай-ақ,  инвестициялық жобалар тізімін кеңейту, өзектендіру жұмыстары жалғаса бермек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *