ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК

Түркістан облысына қарасты Келес ауданының жалпы халық саны — 133 753 адамды құрайды. Ал  оның ішінде экономикалық белсенді халық саны — 62,6 мың адамға жеткен. Жалпы аудан аумағында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба негізінде жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Олар, кәсіпкерлердің қажеттілігіне қарай дағдыларды дамыту, кәсіпкерлерді субсидиялық жұмыс орындарын құру арқылы қолдау, бұл жоба 5 бағытта жүзеге асуда. Сонымен қатар, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру жобалары аясында нақты шаралар атқарылуда. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрипа Темірбаева Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің маусым айына жоспарланған кезекті отырысында мәлімдеді.

— Биыл 420 азаматты әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бүгінге дейін олар 37 жұмыс берушіге 420 адам жолданды. Өтінім берген мекемелердің экономикалық бөлінісі бойынша 347 азамат ауылшаруашылық саласында, 75 азамат Қызмет көрсету саласында жұмыс жасауда. Жұмыс беруші мекемелермен түзілген келісім шарттарға сәйкес, әр бір жұмысшының айлық жалақысының 35 пайызын Келес ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы субсидиялайды, ал қалған 65 пайызын жұмыс беруші мекеме төлейді. 2023 жылға бір жұмысшыға субсидия көлемі 34 650 теңгені құраса, жұмыс берушінің төлейтін суммасы 64 350 теңгеге тең болды. Жалпы жалақы 99 000 теңгені құрайды, — деді Н.Темірбаева.

Сонымен қатар Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің маусым айына жоспарланған кезекті отырысы аудан әкімі аппаратында өтіп, үш мәселе қаралды. Олар, аудандық аурухана бас дәрігерінің атқарған жұмыстары, Бозай ауылы әкімінің және аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директорының биылғы жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары тыңдалып, талқыланды. Жоспарлы отырысқа Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Мұхамеджанов және Кеңес мүшелері қатысты. Келес ауданы әкімінің орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия төрағасының орынбасары Сексенбаев Алмас Икрамұлының қатысуымен 2023 жылдың 1 шілдесінде аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның ІІ тоқсанға арналған отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық дербес бөлімдер, ауыл және ауылдық округі әкімшілігі, аудандық полиция бөлімі, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі қызметкерлері қатысты.Бекітілген жоспарға сәйкес Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Келес ауданының жер қатынастары бөлімі және Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен бөлімдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарған жұмыстары қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша дербес бөлім басшыларына, ауыл және ауылдық округі әкімдеріне өз құзыреті шеңберінде өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше атқаруды және сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептерді болдырмау жөнінде күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Оған қоса биыл облыс орталықтары мен ірі қалаларда еңбек мобильділігін қамтамасыз ететін 20 орталық құрылмақ. Ал бұған дейін жұмыс істеп келген халықты жұмыспен қамту орталықтары енді мансап орталықтары болып қайта құрылады. Осы орайда Келес аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мансап орталығы болып қайта құрылып, жұмысын жалғастырады. — Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасымен, республика бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары таратылып, мансап орталықтарының ашылуына орай, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау күні ағымдағы жылдың 4 шілдесінен басталатындығын хабарлаймыз, — деді Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев. Жаңадан құрылған еңбек мобильдік орталықтарының негізгі қызметіне — жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету; өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру; жұмыспен қамтудың барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жасау; жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көшіқонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру; жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз адамдарды тіркеу; халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті мемлекеттік органды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету болып табылады.

Келес ауданында өнеркәсіптің нақты индекс көлемі 91,3 пайызды құрады. Ал өндеу өнеркәсібі 84%-ға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама төмен. Атап айтқанда, сүт өндірісі 7,4, жұмыртқа өндірісі 2,4, ет өндірісі 1 пайызға кеміген. Ал мал шаруашылығында ірі қара мал саны 8,4, қой саны 18,5 , жылқы басы 13,2, құс саны 13,8 пайызға азайды. Сондықтан өңір басшысы аумақтағы шаруашылықты жолға қою жайында өз ұсынысын жеткізді. Тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, мамандарға қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.  Ауданда өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 72,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,1 млрд теңгеге немесе 116,1%-ға артты. Оның ішінде, ауылшаруашылығы саласының үлесі 68,7% құрап отыр. Өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 499,9 мың теңгені құрады.

Кәсіпкерлік саласы бойынша өткен жылы жалпы құны 260,0 млн теңге құрайтын 2 жоба іске асырылды. Олар:

  1. ЖК «Н.Умаров» Шаруаларға «Antisol» тыңайтқыштарын өндіру. Жалпы құны 200,0 млн.тг.
  2. ЖК «Азамат» Мал сою бекетінің құрылысын салу. Жалпы құны 60,0 млн.тг.

2023 жылы жалпы құны 5 960,0 млн теңге құрайтын 3 жоба іске асырылуы жоспарлануда. Атап айтқанда:

  1. «Умаров Нуржан» ЖК ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын қоймасы. Жалпы құны 200,0 млн.тг.
  2. «Сарыағаш – QS» ЖШС-нің ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру зауытының құрылысы. Жалпы құны 120,0 млн.тг.
  3. «UBS KZ» ЖШС және «UBS Solar» ЖШС-нің 50,0 гектар жер учаскесіне қуаттылығы сағатына 20 мВт электр қуатын күн сәулесінен өндіретін электрстанциясының құрылысы. Жалпы құны 5640,0 млн.тг.

Ал ауданға тартылған инвестиция бойынша биыл барлығы 8,5 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 740,9 млн теңгеге немесе 109,5%-ға өскен. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 0,8 млрд теңге, жергілікті бюджет есебінен 0,6 млрд теңге, меншік қаражат есебінен 5,5 млрд теңге, банк кредиттері 1,3 млрд теңге және басқа да қарыз қаражат есебінен 0,2 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылық саласы бойынша ауданымыз ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуеті жоғары шекаралық аумақ. Аудан тұрғындарының басты тіршілік көзі – ауыл шаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылығы саласындағы өндірілген өнім көлемі 50,1 млрд теңгені құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 99,3 пайызға орындалды (2021 ж. 9 айда 44,1 млрд.тг). Егін шаруашылығы бойынша егіс көлемі 26,3 мың гектарға кеңейтіліп, 1,8 мың гектарға артты (2021 жылы – 24,5мың га).

Көкөніс, картоп және бақша дақылдарынан жалпы 541,9 мың тоннаға немесе 122,0 пайызға өскен (2021ж 443,4 мың.тн). Астық 34,5 мың тоннаға немесе 141,4 пайызға артты (2021ж 24,4 мың.тг). Ауданда алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып, жылына 2-3 рет өнім алу бойынша 325 жоба өз жұмысын бастап, 92,6 мың тонна бақша және көкөніс өнімдері өндіріліп, дихандарымыздың табыстары еселенді. Өңірімізде мал шаруашылығы күн өткен сайын дамып келеді. Ауданда 10 681,9 тонна мал, құс еті өндірілген болса (98,5%), 39 833,7 тонна сүт өндірілген (92,9%), 2279,4 мың дана жұмыртқа өндіруге қол жеткізілді (98,5%).

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мақсатына сай пайдалануды, табиғи аумақтық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тамшылатып суғару жүйесі арқылы тауарлы жүзім егіс көлемін арттыру және интенсивті бау шаруашылығына басымдық беруді қолға алу бойынша тапсырма жүктеген болатын. Берілген тапсырма аясында ауданнан арнайы делегация құрып, Өзбекстан Республикасына делегация құрамымен бірге бардым. Көрші мемлекеттің Ташкент, Джиззах, Самарқанд, Наманган және Андижон облыстарын аралап, жергілікті шаруа қожалықтарының жұмысымен таныстық.

Мұндағы мақсат  көрші мемлекеттегі шаруалардың егін егудегі тың технологияларын меңгере отырып, көп жылдық екпелерді, яғни интенсивті алма, жүзім сынды өнімдерді Келес даласына тарта отырып, игерілмей жатқан жерлерге көкөніс өнімдерін егу бойынша өзбек шаруаларымен тәжірибе алмасып, инвестор тарту болып табылады.

Осы шаруаның жұмысын Келес ауданында жүзеге асыруға толық мүмкіндік пен жағдай бар. Ауданымыздың климаттық мүмкіндіктері ауылшаруашылығы саласына бейім келгенін ұтымды пайдалануымыз керек. Жасыратыны жоқ, кей шаруаларымыз жерді артығымен алып пайдаланбай жатқандарын анықтаудамыз. Сол азаматтарға көрші елдің шаруалары атқарып жатқан жұмыстарды насихаттап, мүмкіндіктерін аңғартуымыз керек.  Міне көзбен көріп, кішкентай ғана жердің мүмкіндігін толықтай пайдаланып, ішкі нарықты толықтай өніммен қамтып отырғанын көрдім.

Сонымен қатар, аудандағы газ саласы бойынша өзекті мәселе болып жүрген 22 елді мекендегі газ құбырларын ауданның коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншігіне өткізу жұмыстары қолға алынып, қазіргі таңда 16 елді мекеннің газ құбырлары өткізілген болса, 6 елді мекеннің газ құбырларын өткізу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 471,3 шақырым. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның теңгеріміне өткізу арқылы мүлік салығы салынып, жергілікті бюджет көлемі ұлғайтылатын болады.

Ауыз сумен қамту бойынша барлық 83 елді мекеннің құбыр суымен қамтылғаны 57 елді мекен немесе 75,0 пайызды құрады. Оның ішінде 7 елді мекен (Бозай а/о, Тартоғай, Шолантөбе, Бірлік а/о, Мәдениет, Қосөткел, Коммунизм, Құрөзек, Жамбыл а/о, Байғабыл) экономикалық тиімсіз. 2021 жылы 14 елді мекенде ауыз су құрылысының жұмыстары жүргізілді (Ақтөбе а/о, Бозсу, Ынтымақ, Біртілек а/о, Амангелді, Игілік, Біртілек, Көлтоған, Бірлік а/о, Бірлік, Үшағаш, Жамбыл а/о, Бекбота, Ащыкөл, Қалғансыр, Алпамыс батыр а/о, Ақжол, Қауыншы, Бозай а/о, Бозай). Қазіргі таңда, 9 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталған болса, 5 елді мекеннің (Ақтөбе а/о, Ынтымақ, Біртілек а/о, Игілік, Алпамыс батыр а/о, Ақжол, Қауыншы, Бозай а/о, Бозай) құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады. Нәтижесінде, қамтылу пайызы 81,6%-ды құрайтын болады.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 122,5 шақырым болса, оның 100,6 шақырымы немесе 82,1 пайызы жақсы және қанағатанарлық жағдайдағы. Жылдың қорытындысымен 90,2%-ға немесе 110,5 шақырымды құрайды.

Елді мекендердегі ішкі көшелер ұзындығы 711,1 шақырым болса, оның 331,0 шақырымы орта жөндеуден өткен, яғни ішкі көшелердің 46,5% қанағаттанарлық жағдайда. Жылдың қорытындысымен 60,3 пайызға немесе 428,6 шақырымға жеткізу көзделуде. Ағымдағы жылы 1802,7 млн.теңгеге жалпы ұзындығы 126,1 шақырымды (асфальт 80,9 ш.қ, шағал 45,5 ш.қ) құрайтын 70 көшеге асфальт шағал төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер есебінен Біртілек және Ошақты ауылдық округтерінде 2 жабық кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілсе, Қошқарата ауылдық округінде спортзал ғимараты құрылысы аяқталды. Алпамыс-батыр ауылдық округінде 5 спорт түрімен (стол теннис, қол күрес, тоғыз құмалақ, бокс және қазақ күрес) шұғылданатын спорт ғимараты құрылысы аяқталды. Ал құрылыс саласы. Абай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, №8В мекен жайда әкімшілік ғимаратының құрылыс жұмыстары басталды. Жалпы құны 269,8 млн.тг. Мердігер «Евроремонтсервис» ЖШС-гі. Сонымен қатар, Алпамыс батыр ауылдық округінде орналасқан «Дархан» шекара бекетінің бұрынғы ғимараты кайта құру жұмыстары жүргізілетін болады. Жалпы құны 442,0 млн.тг. Мердігер «Шамар Group» ЖШС-гі.

Аудан бойынша 2 мәдениет нысанының құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы бастау алып келесі жылы аяқтау күтілуде. Олар: Қошқарата ауылдық округінің Қошқарата және Жамбыл елді мекендерінде. Жалпы құны 350,0 млн.теңгені құрайды. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен және 4 мәдениет нысанының құрылысына облыстық салалық басқармаларға ұсынылды. Олар: Біртілек, Ұшқын, Жүзімдік және Алпамыс-батыр ауыл округтерінде орналасады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2022 – 2025 жылдарға арналған «Ұлттық жоба” мемлекеттік бағдарламасының I-бағыты бойынша қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға 77 азамат жолданған болса, II-бағыт бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 119 азаматқа мемлекеттік грант берілді. III-бағыт бойынша Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 1916 азамат жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 271 азамат, жастар практикасына 542 азамат, ақылы қоғамдық жұмыстарға 760 азамат және алғашқы жұмыс орындарына 37 азамат жолданды. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша 2154 отбасына 458,4 млн. теңге берілді. Жұмыссыздық деңгейі ауданда 5,1%  құрады.

Алдағы уақытта да ауданның даму жоспарына сәйкес халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар жалғасатын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *