Созақ ауданындағы 35 елді мекеннің 29 елді мекеніні орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Мемлекет басшысы 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырды. Осы міндетті орындау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу мақсатында бірқатар нақты шешім қабылдады. Бұл бағытта бүгінде ілкімді істер ілгерілеп, күрделі мәселе өңірлерде оң шешімін тауып келеді.

Бүгінде Созақ ауданы көлеміндегі  35 елді мекеннің 29 елді мекеніндегі   62 910 адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.  Орталықтандырылған ауыз су құбыры бар 29 елді мекеннің 23 елді мекеніне ауыз су 24 сағат берілсе, қалған 6 елді мекенге  кестемен берілуде.   «Шолаққорған ауылының Ақшам және Наурыз мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жұмыс жобасы бойынша өткен жылға 51,0 млн.тг,  2023 жылға 500 млн.тг қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысан пайдалануға берілген жағдайда Шолаққорған ауылы тұрғындары тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады..    Созақ, Шақырық елді мекендерін тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжат (ЖСҚ) әзірлеуге аудандық бюджеттен 2023 жылға  қаржы бөлініп, үстіміздегі жылы сәуір айында мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жоблаушы анықталып, келісім шарт түзілді. Осы жылы ЖСҚ әзірленіп, облыстық, республикалық бюджетке ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, Қаратау ауылы тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаржыны бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс берілді. Қаржы бөлінген жағдайда ЖСҚ әзірленетін болады. Сызған елді мекенінің тозығы жеткен су құбырларын қайта жаңғыртып, тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту үшін қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылған. Алдағы уақытта мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу үшін бюджетке сұраныс берілетін болады. Қарақұр, Қозмалдақ ауылдарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ағымдағы жылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, Қақпансор, Қоңыратарық елді мекендері экономикалық жағынан тиімсіз елді мекендер санатында болғандықтан (халық саны 200-ден кем) блок-модуль кешенін орнату үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ағымдағы жылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталды. Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2023 жылдың сәуір айында Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттен қаржы бөлу үшін құжаттар ұсынылып, сұраныс жолданды. Үстіміздегі жылдың маусым-шілде айларына дейін мердігерді анықтап, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарлануда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *