Созақ ауданында атаулы әлеуметтік  көмек алушы 3038 адамның ішінде еңбекке жарамды 889 адамы жұмыспен қамту шараларымен қамтылған

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табысы аз отбасылардың балаларын қолдау мәселесіне айрықша назар аударуда. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына Жолдауында ерекше екпін қойылды. Осы бағытта Созақ ауданында атаулы әлеуметтік  көмек алушы 3038 адамның ішінде еңбекке жарамды 889 адамы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Ал «Қамқорлық» кешенді бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайдағы 32 отбасы яғни 224  адамға 9249,0 мың. теңгенің көмегі (азық-түлік, тұрғын үй, киім, жұмыспен қамту және т.б.) көрсетілді. Ауданда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны — 26389,  жұмыссыздар саны – 1325 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі — 5,0 пайызды құрайды. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында  жалдамалы қызметкерлер саны- 19509 адам, өзін өзі жұмыспен қамтығандар — 5555 адамды құрайды.

Өткен жылдың 12 айында 1182 отбасының 5319 адамына  431млн.096 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толығымен төленді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлтық жоба шеңберінде атқарылатын жұмыстарды салыстыратын болсақ біршама жоғарғы көрсеткішке қол жеткізілді.   Аудан бойынша өткен жылы жұмыссыздық деңгейі  5,0% болды .  Жұмыссыздар саны   жылға 1325 адамды құрап, 99,% төмендеді. Былтырғы жылдың 31 желтоқсанға дейін 4440 адамды жұмыспен қамту  шараларымен қамтыған болсақ, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 140% пайыз орындалып отыр.

Әлеуметтік жұмыс орындарына – 100 орын жоспарланып, 83 адам жолданды, өткен жылмен салыстырғанда 109% орындалып отыр.  Жастар практикасына – 160 орын жоспарланып, 268 адам қамтылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 161% орындалып отыр. Қоғамдық жұмыстарға – 450 орын жоспарланып, 1383 адам қамтылды, өткен жылмен салыстырғанда 139% орындалып отыр. «Алғашқы жұмыс орындары» – 17 орын жоспарланып, 24 адам қамтылды, өткен жылмен салыстырғанда 218% орындалып отыр. «Күміс жас» жобасына – 15 орын жоспарланып, жоспар100% орындалды. Мемлекеттік грантқа – 80 орын жоспарланып, 100 % орындалды, өткен жылмен салыстырғанда 114,2%  орындалып отыр.

Бұдан бөлек, «Бизнес бастау» жобасы аясында – 133 адам жоспарланған, жолданғаны 574 азамат, өткен жылмен салыстырғанда 317% орындалып отыр. Тұрақты жұмыс орындарына – 1200 орын жоспарланған, жолданғаны 1899 адам, орындалу пайызы 158,3% құрап отыр. өткен жылмен салыстырғанда 124 пайызға орындалып отыр.  Интеракциондық жеке бастама бойынша 871 жаңа жұмыс орындары ашылды. Өңірлік карта бойынша 130 жаңа жұмыс орындары ашылып,   92 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *