ТҮРКІСТАН: ОН ЕЛДЕН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әкімдіктердің қызметін бағалаудың бір негізгі көрсеткіші ретінде инвестиция тарту міндеті саналады. Осыған орай, бүгінде облыста ауыл шаруашылығы және туризм саласымен қатар, өндіріс ошақтарын салу маңызды болып тұр.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында: «Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу», — деген болатын.

Міне осы бағытта өңірге инвестицияны көбірек тартып, жұмыс орындарын ашу, өндіріс орындарын көбейту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Айталық, жыл басынан бері облыс басшылығы 10 елдің сексенге жуық өкілдерімен кездескен. Ол елдердің кәсіпкерлері мен ірі кәсіпорындары Түркістан өңірін түлетуге сүбелі үлес қосуға мүдделілік танытып отыр.

Атап айтқанда, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Германия, Италия, Жапония, Корея, Чехия, Грузия сияқты елдер бар. Оның ішінде, инвестиция тарту бағытында сыртқы байланыстарды орнату мақсатында 30 шетелдік инвестормен және 10 ресми делегацияның (Шетелдік Елшілер – Бас консулдар және т.б.) кездесулері ұйымдастырылды. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының басшылығымен өткен облыс әкімдігі аппаратының апталық отырысында айтылды.

Жиында облыс басшысы Дархан Амангелдіұлы өңірге инвестиция тарту ба­ғытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуы тиіс екенін жеткізді. Атап айтсақ, облыс басшысы мәжілісте жоғарыда аталған жұмыс­тардың нәтижесі туралы талқы­лап, алдағы жоспарларды пысықтады.

– Келіссөздер арқылы нақты нәтижеге қол жететін болсын. Инвесторларға жағдай жасап, өндіріс орындарын ашуға қолдау көрсетіңіздер. Әрбір әкім­нің жұмысы жеке талданып, сарап­талады, – деді Дархан Сатыбалды.

Айта кетейік, биыл Түркістан облы­­­сының жауапты басқарма басшысы (Кәсіп­керлік және өнеркәсіп басқармасы) мен аудан, қала әкімдері Қытай мен Өзбекстан мемлекеттеріне іссапармен барып, өндірісті дамыту бағытында тәжі­рибе жинақтап келген болатын.

Жиында Түркістан облысының Кә­­­сіпкерлік және өнеркәсіп басқар­­­масы­­ның басшысы Нұржігіт Мырзахметов­тың ҚХР және Өзбекстан елдеріне жа­­­­са­­­­ған іссапарлары барысының есебі тыңдалды.

«Облыстық кәсіпкерлік және өнер­­­­кәсіп басқар­масының ережесіне сәйкес, басқарма өз құзіреті ше­гінде, сыртқы бай­ланыстарды орнататын мемлекеттік орган екені өздеріңізге белгілі. Атап айт­қанда, шетел­дерде инвестициялық және кәсіп­кер­лік саласындағы өтетін Форумдар, роуд-шоулар және В2В кездесулерге об­лыс деле­гациясының қатысуын, сондай-ақ өңірімізге өзге елдерден кел­ген ресми деле­­­гацияларды (ҚР СІМ но­та­сына сәй­­кес) облыс әкімдігі бас­­шы­лығымен кездесулерін ұйымдастырады», – деді Н.Мырзахметов.

Оның айтуынша, облыс басшылығы барған Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Германия, Италия, Жапония, Корея, Чехия, Грузия сынды ұзын саны 10 елдің сексенге жуық өкілімен келіссөздер жүрген. Сонымен қатар солардың ішінде 30 шетелдік инвестормен және 10 ресми деле­гациямен инвести­ция тарту бағытында сыртқы байланыстарды орнату бойын­ша келіссөздер жүргізген.

Қытай Халық Республикасына іссапар аясында екіжақты ынтымақ­­­тас­­тықты одан әрі дамыту және қытайлық инвестор­ларды облысқа тарту мақсатын­­да 10-нан астам компаниямен 2,6 трлн тең­­­­гені құрайтын келісімдерге қол қойыл­­ған. Облыстың кәсіпкерлері Қытайдан инвестиция тар­­­тып, жоба-ларды жүзеге асыру жұмыс­­та­­­рын бас-тап кеткен. Атап айтқанда, «Тұран-мебель» жиһаз шығару зауытына 2,3 млрд теңгеге құрал-жабдық сатып алған.

«Қазақстан 2023–Қытай» компания­­сының шұлық өнімдерін шығару үшін қажетті құрал-жаб­дықтарды 1,0 млрд тең­­­геге сатып алды. Жобаны іске қосу қазан айының соңында жоспарлануда.

Қытайлық Пэн Шэн Групп (PengSheng Group) компаниясы жалпы құны 19,0 млрд теңгеге облыста мақта шитін өң­деу және сұрыптау, полиэтилен плен­­каларын өндіру, тамшылатып суару жаб­дықтарын өндіру және ауыл шаруашы­­лығы техника­ларын шығару зауытын қоюға ниетті. Осы бағытта шетелдік ин­вес­тор зауыттың ал­дын ала есептеу жұ­мыс­тарын жүргізуде. Аталған мәселе­лер бойынша биылғы тамыз айында инвес­тор облыс басшы­лығы­мен кездескен.

Mega-Agat ЖШС жалпы құны 4,7 млрд теңге болатын алюминий ра­диа­торларын шығару зауытын жүзеге асы­руды жоспар­­лау­да. Қазіргі уақытта инвестор жобаны жүзеге асыру үшін Жейанг Навас Ин­дастри (Zhejiang Navas Industry аnd trade Co., Ltd) ком­­паниясымен келіссөздер жүр­гізуде.

Сэтрон Силк Роуд Глобл Индаcтри (CETRON Silk Road Global Industry Co., Ltd) жалпы құны 2,6 трлн теңгеге об­лыста күн батареяларды шығару, элек­тро­­мо­бильдер шығару және тоқыма өнім­­­­дерін өндіру зауыттары инвести­циялық жоба­ларын жүзеге асыруды жос­парлауда. Қазір аталған зауыттарды жү­зеге асыруды бастау үшін инвестор мен облыс әкімдігі ар­асын­да меморан­­думға қол қойылған.

«Cotton-мақта» ЖШС компаниясы Сван Мэшинери (Swan Machinery Co. Ltd) зауытынан жалпы құны 1,2 млрд теңгеге қуаттылығы 600 тонна мақта өң­дейтін құрал-жабдықтар сатып алды. «Cotton-мақта» ЖШС мақта өңдеу зауы­тын 2023 жыл­дың соңында іске қосу жоспарлануда.

Бүгінде ірі жобаларды жүзеге асыра­тын 100 гектар аймақты басқаруды рә­сім­деу Арнайы экономикалық және ин­дустриялық аймақтар туралы Заңға сәй­­­­кес жүзеге асырылып жатқанын айт­қан басқарма басшысы, Қытай кәсіп­орын­дарымен тағы да бірқатар келісімдер жүргізіліп, нәтижесінде көптеген қажетті құрал-жабдықтар мен т.б өндіріс орында­­­рына керекті зат­тардың жеткізіліп жат­қанын айтты. Жал­пы, Қытай елінің ин­вес­торларымен бірқа-тар жобаларды жүзеге асыру көзделуде.

Оның қатарында – көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу, теріні қайта өңдеу арқылы түрлі медициналық материал­­­дарды дайындау. Тамшыла­тып суару жүйе­лері зауытын салу. Шыбын-шіркей мен жәндіктерге қарсы химия­­лық өңдеу заттарын шығару, мал сою бекеті және мал қалдықтарын қайта өңдеу зауыттарын салу бойынша инвес­­торларды тарту бойынша келіссөздер жүр­гізілуде.

Облыстағы басшылық бұл мәселелерді соңына дейін жүзеге асқанша тұрақты бақылауға алып, барлық қажетті сүйе­мелдеу жұмыстарын жасайтын болады.

Жалпы, жыл соңына дейін Қытай еліне Кентау қаласы, Сауран, Сайрам, Ордабасы, Қазығұрт және Отырар ау­­дан­­дарының әкімдері және 50-ден аса кәсіпкерлерден құралған делегация ба­рады. Мұнда олар өндіріс технолгиясымен және түрлі салаларға қажетті-жабдықтар­ды өндіру жұмыстарымен та­ныспақ.

Бұдан басқа, биыл облыс басшысының тапсыр­масына сәйкес, басқарманың ұйымдастыруымен Келес, Сарыағаш, Же­тісай, Шардара, Мақтаарал аудандары әкімдерінің және кәсіпкерлерден құрал­ған делегацияның Өзбекстан Рес­публика­сына іссапары ұйымдастырылды.

Іссапар аясында Сырдария облысында орналас­қан Пэн Шэн (PengSheng) компаниясының индус­триалды айма­­­­ғын­­­­дағы тері өңдеу, сантехника, жела­­­­тин, ка­фель өндірістері және заманауи басқару жүйесі­мен мақта егілген жоба­­­лармен таны­сып, атал­ған индус­триалды аймағы­­­­­ның аналогін Түркістан облысы­нда ашуға ниет білдірді.

Сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті дамыту әрі жұмыссыздық көрсеткішін азайту бағытында тәжірибе алмасу үшін делегацияның Андижан облысындағы «Ипак кучат» кластерінің тұт ағаш­тары­ның планта­циясын аралап, түрлі сорт­тарымен және жібек жібін өндіру зауы­­тымен та­ныстырылымы ұйымдастырылған.

Өңірдің кәсіпкерлері жібек мата өндірісінің толық процесін бақылап, қызығушылық танытқан кәсіпкерлер жібек өндірушілерімен пікір алмасып, байланыс орнатты. Нәтижесінде, өзбекстандық жібек ассоциа­циясының төрағасы және өз­бекстандық кәсіпкер­лер биыл 28 қыр­күйекте облыс әкімімен кездесті. Бұл ба­ғытта Өзбек тарапымен бірлесіп жібек сала­сын дамытудың өңірлік бағдарла­масы әзірленуде. Осыған қоса, Өзбекстан Республи­касы эко­номикасының жаңа өсу нүк­телерін зерттеу мақса­тында іссапар ұйым­­дасты­рылды. Іссапар аясында мақ­та клас­­­терін және үй жағдайында шағын орта бизнесті дамыту жолдары қарасты­рылды. Облыс­тық делегация Хорезм, Самарқанд, На­ман­ган, Ферғана, Жыз­зақ облыстарына және Ташкент қала­ласы­ның кәсіпкер­лері­мен кездесіп, тәжірибе алмасты және өн­діріс орында­рымен танысқан. Нәтижесінде, шағын және орта биз­неске арналған тамаша жобалардың ті­зімі (шеге шығару, сөмке шығару, сүт өнім­дерін шығару, салфетка шығару және т.б.) жасақталып, «Ауыл аманаты» бағдарлама­сының 6 бағытындағы тізіміне енгізілді.

Сонымен қатар іссапар аясында Global Textile мақта кластерін Түркістан облысында дамыту үшін, Global Textile компаниясының басшылығымен талқыланды. Қазір аталған жобаның жол картасы бекітіліп, Мақтаарал ауда­­нында 30 гектар жерге «Наманган 77» мақта сорты қанатқақты жоба ретінде егіл­гендігі жө­нінде ин­вес­тициялық штаб отырыста­­рында баяндалған болатын.

Сондай-ақ Өзбекстан капиталының қатысуы­мен «Тұран-мебель» жиһаз шы­ғару зауыты инвести­циялық жобасы жү­­зеге асырылуда. Қазіргі кезде Қытай­дан құрал-жабдықтар жеткізілді. Жоба­ны іске қосу 2023 жылдың қазан айының соңында жос­парлануда.

Мұнан өзге, аппараттың апталық отырысында облыс әкімінің тұрғындармен кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу бағытындағы жұмыс­тар да сараланды. Облыс әкімі аппараты басшы­сының орынбасары Асқар Қаны­бековтың айтуын­ша, былтырдан бері облыс әкімінің деңгейінде 68 кезде­су өтіп, жалпы 610 мәселе көтерілген. Оның ішінде 212 мәселе шешімін тап­­қан, 279 мә­селе орындалу үстінде.

Сұрақтардың басым бөлігі инфра­құрылымға қатысты. Өңір басшысы тұр­ғындардың өтініште­рін орындау бағы­тындағы жұмыстар қатаң бақы­лауында екенін айтты. Жауаптыларға елдің өті­ніштерін назарға алып, мә­селелерді шешу туралы тапсырма берілді.

Мәжілісте облыс әкімі аппаратының ұйым­дасты­ру-инспекторлық жұмыс аумақтық даму бөлімінің басшысы М.Әліповтің аудан, қалаларды абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұ­мыс­тары туралы баяндамасы тыңдалды. Көгалдандыруға, тазалыққа немқұрайлы қараған аудан, қала әкім­деріне сын-ес­кертпе айтылып, жұмысты жадандыру жөнінде міндеттер жүктелді.

Тельман БЕЙСЕН,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *